Байланысты: zhubaeva o khkh gasyr basyndagy kazak tili zhonindegi zertte
АУДАРУ ТҰУРАЛЫ Осы күнде Қазағыстан астанасында болсын, күбірнелік
қалаларда болсын орысшадан қазақшаға аудару ісі мекеме-
лерде күнде кездеседі, орысшадан қазақшаға аударған «ау-
дарушылар» ға үлкен көмек керек екендігі өз-өзінен айқын
жұмыс. Аударудың жөні осы екен деп, аудару тəртібін пай-
ымдамай, тілдің жалпыға ұғымды болу жағына қарамастан
аудара салатұндарда жоқ емес. Бейімбет айтқандай аудару
жөнінде «қолыңнан айналайын»дар толып жатыр. Мұның
көбі күбірнелік мекемелерде, қалса үйездік мекемелердің
аударушыларында табылады.
Сондықтан, аудару жөнінде Қазағыстан ғылым-білім ке-
месиесі орысша, қазақша тіл терміндері былайша айтқанда
«тілмаш» кітап басуға кірісу жөн. «тілмаш» кітап болмай
тұрып, аударушылардың тіліне дербес тілмаш керек екені
қай жерде болсын көрініп жүр.
Мисалға алсақ: «пырение» ні «желпініс» деу «удешев-
ление аппарата» дегенді «мекемелерді арзандату» деген
сықылды сорақы тілдер аз емес, ендігі бір мисал: жұуырда
«Ақмоланың гүбернелік атқару камитетінің 2-толық жиы-
лысының қаулысы» басылып шықты. Аударушы азамат бір
жерінде былай дейді: «Қазақ ет дайарлаушының қарамағын-
да тұрған мал сойатұн орын қала үшін болған жана ол қала
ақшасына салынған үшін сол мал сойатұн орынды қалаға
қайтару жөнінде белгілі жол мен іздену керек» дейді.
Ал, оқушы! Осы тілге қалай түсінсін? Жаза берсе, мұнан
да қызық тілдері шығады. Мəселен: осы қаулы да «жетімсіз»
нықтайды. «Аралық-аралықта қайталаған құрғақшылық.
Жерді жалға қойу. Сауданың айланысы» деген кедір-бұдыр
тілдер толып жатыр. Мен, мұны мен гүбірнедік атқару ка-
митетін айыптайын деп отырғаным жоқ. Аударушының
жүрегінің батырлығын айтамын-ау!.. Өзі гүп аткомның
қаулысы, оның үстіне жалпақ елге тарайды; оқушылар не
деп ұғынады деді екен?…
Жалғыз бұл аударма емес, «көшірме көшірмеден көші-
рілді» деген аударулар талай жерден табылады. Гүбірнеге
қарағанда үйездерде не болып жатқанын айтудың қажеті
аз. Тіпті тіл жеңіл ұғымды болса, оған да іш нəрсе демес едік.
«еміле» дегеніңді басын жарып, көзін шығарып тастай-
тұндары да бар…
Сондықтан, аудару жұмысында менің айтайын дегенім:
1) Қазағыстан ғылым-білім кемесесі қазақша, орысша тіл
терміндерін жинап басуға кірісу қажет.
2) Гүбірнелерде болсын үйездерде болсын. «Аудару»лар-
ды шама келгенше жақсы аударушыға беретұн болсын. Көл-
денең аударушылар тоқтатылсын.
374
375
3) Аударуды ұғымды қылсақ, болады да-деуді қойып,
еміле, жазу жағынада көз салынсын.
4) «Көшірме көшірмеден көшірілді» дейтұн аударушы-
ларға ақша шығарылып, аудару кітаптары, немесе, мекеменің
жалпақ елге тарайтұн қаулылары берілмесін.
Қызметкер