Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет177/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   248
Байланысты:
zhubaeva o khkh gasyr basyndagy kazak tili zhonindegi zertte

ЗЕРТТЕУ ƏДІСІ
Зерттеу  əдісі  бұрынғы  мектептерде  тіпті  болмады  десек 
өтірікші  бола  қоймаспыз.  Олай  болса  бұл  əдіс  бізге  жат. 
Жат нəрсе қиын көрінеді. «Білмеген жердің ойы-қыры көп» 
бірақ,  баста  қиын  көрінген  нəрсені  түсіне  бастасақ,  істей 
бастасақ, онша қиын еместігін, өз қолымыздан да келетінін 
көреміз; «көз қорқақ, қол батыр» көп зерттелетін нəрселерді 
құралсызда жүргізуге болады. Меніңше, құрал жағынан күйі 
бірдей болса қала мектебінен көрі дала мектебінде зерттеу 
жұмысын  анағұрлым  артық  жүргізуге  болады.  Меніңше, 
дала  мектебі  көбінесе  зерттеу  əдісінен  көзді  жұмып  аттап 
кетпесе, ол əдісті ұстамасқа тіпті амалы жоқ. Зерттеу əдісін 
дала  мектебінде  жүргізу  үшін  оқытушы  сəл  алдын  ойлап 
күтымтар болып отыруы керек. Меніңше кһп уақытта зерт-
ту  əдісі  да  мектебіне  «мен  мұндалап»  қол  бұлғап  тұрады. 
Бірақ,  оқытушыларымыздың  білімі  сонша  кеміс – сол  қол 
бұлғап тұрған жерін де көруге көбінің шамасы келмейді. Бұл 
мақалада біз зерттеу əдісінің негізін, мақсатын қай ғылымда 
қалай ұсталатынын қозғамаймыз; тек зерттеу əдісі мен дала 
мектебі  кез  келген  жерде  істес  бола  беретінін  көрсеткіміз 
келеді.  Зерттец  əдісі  қай  ғылымда  да  ұсталады,  өте-мөте 
жаратылыс  ғылымында  көп  ұсталады.  Зерттец  жаратылыс 
ғылымы жоқ.
Балаларға саз, құм ұстатылған, үкүлеген тастан болаты-
нын  түсіндіргің  келеді  екен.  Жер  жынысы  топыраққа  əсер 
беретінін білдіргің келеді екен. Ауа мен су тасты талқандап, 
ұнтап топырақ қылатынын ұғындырғың келеді екен арасы-
на сызат түскен, бірақ əлі айырылып қалмаған қатты тасты 
алшы (күзді күні əзірлеп қой!) сол тасты суға тастат, сонан 
соң кешке қарай аязға сортқа қойғыз. Ертең балаларға қарат. 
Жарыққа кірген су мұз болып қатқанын көресің. Жарықтар 
кеңігенін  байқайсың.  Енді  тасты  үйге  алып  келіп,  жылы 
жерге  қойып,  мұзын  ерқтіңдерші  (тастың  астына  шұперек 
сияқты нəрсе төсеңдер!) шет-жебірлеп тастың ұсақ бөлімдері 
омырылып түскенін көресің. Шүперек үстіне сынған жердің 
ұнтағы азда болса құм-қиыршақ болып да түседі. Осы тасыт 
бір неше күн осылай зерттеңдерші. Тас не болар екен? Тау 
мен  тасы  жел  мен  су  бұзады,  деген  қорытуды  балалардың 
өздері шығара алмаспа?
Мектеп үйінің күн жағы мен көлеңке жағын ылғи бақыла-
тып тұршы. Қора жағы мен ашық жағын қаратып жүрші. Қай 
жағы тез бұзылар екен? Күн, ауаның күшін білуге болмас па?
Ауылға келген саудагердің кірі мен бір көбе қу пішінді 
өлшеп алып қылшы. Сонан соң ескі шелекке бөліп-бөліп сол 
пішінді  өртеші.  Күлін  бір  ыдысқа  жинай  берші.  Сол  күлді 
тағы өлшеші. Сонда бір көпе пішінде неше қадақ күл барын 
білесің. Тоғайда неше лөбе бар? сол тоғайдағы шөпте қанша 
күл барын есептеп білуге болмай ма? Жылына тоғай қанша 
күл алатынын біле алмаймыз ба? Күл жанбайтынын үздіксіз 
зат. Тоғай өсімдігі тамыры мен жерден қанша күл-өзексіз зат 


464
465
алғанын білмейміз бе? Осы тəжірибені тары, бидай сықылды 
өсімдіктер мен де істеп көрші!
Кешкісін  су  толтырып,  ауызын  мықтап  тығып,  бір  шы-
ныны  далаға  мал  баспайтын  жерге  аязға  шығарып  қойшы. 
Ертең шынының тасталқан болып жатқанын көрмейсің бе? 
Бұл қатқан мұздың күші не шыдатар.
Қазанға сүт құйып қайнаттыршы. Əрі-беріден соң сүт та-
сымай ма? Тасып төгіліп бара жатқан сүт үстіне бір қолбақыр 
мұздай су құйғызшы. Тасығаны басылмай ма? Нəрсе ыссы-
дан ұлғайып, су ықтан кешірмейді ме?
Базарға барғанда бір ширектей киімге себетін непталын 
ала қайтшы. Соны бір ыдысқа салып, отқа ұстап қыздыршы. 
Непталын ериді. Еріген непталынге от тигізші, зау етіп жа-
нады.  Сонда  бетін  жылдам  қақпақ  пен  жаба  қойып,  оттан 
шығаршы. Енді қабақты алшы: жанған непталын бу болып 
аспанға көтерілсін, жоғарыда өзі суып, төбеңнен ақ қар бора-
сын. Қолдан қар жасау осы емес пе? Непталын əувелі қатты 
еді, соңынан еріді, артынан бу болды, ақырында тағы қатып 
қар сияқты болды. Нəрсенің үш күйі осы емес пе?
Күн жауға күні жүрген селді қарашы. Селдің ылай суы-
нан бір ыдысқа құйып алшы. Артынан тындыршы түбіне не 
шөгер екен. Суда не еріп араласып келеді екен. Енді осы суды 
күн көзіне бір күн қойшы. Су қайда кетер екен? Түбінде не 
қалар екен? Астына не, ортасына не, бетіне не шөгер екен? 
Ал манағы селді байқашы. Кеңіс жайылма жерген барғанда 
не қылар екен. Сол жайылма жерге ертең келіп қарашы, не 
көрер екенсің? су жайылған жерге не шөкті? Сол шөккен то-
сапты қазып қарашы, неше қыртыс болып шөкті екен? Тас 
қайда, құм қайда, сыз қайда, шөп-шалам қайда шөккен? Бұлар 
неге қабаттасып шөккен? Осы қыртысты ыдыстағы қыртысың 
мен салыстыршы. Өзендер талай мың жылдар құятын теңіздер, 
түбінде қандай қыртыстар болмақшы? Енді жарға қарада қыр-
тыс жайын өзің айтшы, олар қалай жасалды екен?
Осындай құралсыз зерттеуді санай берсек, ат сүрінгендей. 
Енді ана тіліне келейік.
Балаларға Абайдың «Жазын» оқытады екенсің. Соны бұ-
лай  оқытып  көрші:  балалардан  сұрап  мынадай  нəрселерді 
білші: қазақ көбінесе жаз көшеді, тозған жерден соны жер-
ге қонады. Сусыз жерге қонуға болмайды. Жаз оқыруға киіз 
үй  ыңғайлы.  Үйді  апаларымыз,  əжелеріміз,  жеңешелеріміз 
тігеді. Жаңа жұртына мал бір жасап қалады. Көк шөпті көп 
жейді.  Кол  ішіндегі  шалуды  жылқы  кешіп  жүріп  шалады. 
Етіне салқын су тиген құлын секіріп шауып ойнайды. Көлге 
жылқы түскен соң, құс үркіп əрлі-берлі ұшады. Құс аулауға 
боз балалар кетеді. Шала тұрсын деп жаңа жұртта биені тез 
байлай  қоймайды.  Үй  тігіп  жатқанда,  бір  жағынан  сусын 
да  əзірленіп  жатады.  Шал  ойнамайды,  мал  қайырады.  Белі 
ауырған соң қаяққа сүйеніп жүреді. Малдың шетіне барады. 
Тағысын  тағылар.  Осыларды  жақсылап  сұрап  балалардың 
өзіне таптыршы. Сонан соң жаз қандай болатынын өз тілімен 
тегіс  айтқызып  шықшы.  Енді  Абайдың  «Жазын»  оқытшы 
балалар  қандай  түсінер  екен?  Ана  тілінде  басқада  зерттеу 
əдістерін қолдана беруге болады. Бəрін теріп отыруға орын 
тар. Тағы бірде айналып соғармыз.
Енді  есепке  келелік.  Есепті  ғылымның  төресі  сықылды 
қарайтын бұрыннан бір көз қарас бар. Есеп дəлдік ғылымы, 
нақпа-нақ сөйлейтін ғылым, бір ауыз сөз қосып, иə кемқтуге 
келмейді  деседі.  Бұл  рас.  Бірақ  солай  бола  тұрсада,  есеп 
ғылымы тұрмыстың малайы, өмірдің қызметкері басқа ғы-
лымдардың қолындағы шоқпары. Есепті тұрмыс пен, басқа 
ғылымдар мен қоян қолтық айқастырмаса, есептің мəні бол-
майды. Бала есеп жағынан тұрған жерінің тұрмысын, шаруа-
сын зерттесін. Кішкене мысал мен көрсетеміз десек (кез кел-
ген мысалды ала салдық), бала жазып жүріп əр сиыр жылы-
на қанша сүт беретінін, қай кезде аз, қай кезде көп беретінін, 
қанша май беретінін білсін. Басқа малдардың да ет, сүт, күш, 
жүн  жағынан  бірінен  бірі  қандай  пайдалырағын  есептеп 
біліп, өздері қортып шығарсын. Басқада осындай нəрселерді 
есеп жағынан зерттеуге болады.
Қысқасы  қай  ғылымды  алсақ  да,  құралсыз  отырған  ел 
мектебіндеде  нəрсені  зерттеп  білуге  келеді.  Зертту  əдісін 
жүргізу үшін: бақылау керек, сөз емес нəрсені қолда ұстап 
отыру керек, бала біреуге арқа сүйемей өз бетінше іс қыла 
беруі керек. «Жаңа мектеп»келер сандарында бірте-бірте əр 


466
467
ғылым тұсында елдің жарлы мектебінде қалай зерттеу жасау 
керегін айтармыз. Бұл мақалада тек зерттеу əдісі құбыжық 
емес,  қолдан  келерлік  нəрсе  екенін  қысқаша  айтып,  мысал 
көрсетумен місе тұттық.
Телжан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет