Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет185/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   248
Байланысты:
zhubaeva o khkh gasyr basyndagy kazak tili zhonindegi zertte

Сөз-буын əдісі
Сөз – буын əдісімен оқытқанда, ауыз екі сөйлемді, сөзді ала-
мызда буындаймыз буыннан сөз құраймыз. Негізгі түбіріміз 
буын болады. Одан əрі (əріпке дыбысқа) бармаймыз.
Бұл  əдіске  əліппе  кітабы  керек  емес.  Құралымыз  кеспе 
əліппе, табылса, суреттер болмақ. Баса əліппе жоқ мектепте 
мұғалім кеспе əліппені қолдан жасап алу керек. Əріп ірі, сұлу 
болсын, көп болсын, қатырғы қағаздарға жапсырылсын.
Қат танытуға керекті сөздер балаға жақын деректі заттар-
дан алынады. Ол əр мектептің жағдайына қарай (бұл туралы 
кейін айтылады). 
Бұл  əдісті  ұстауға  арапша  осы  күнгі  əріпіміз  келмейді. 
Келтірем деп зорланғанда арап əріпінің бірақ түрін (басқы-
ларын) қолланған дұрыс. Ең болмағанда екі-ақ түрін алу ке-
рек  (басқы  мен  аяққысын)  жаңа  қазақ  (латын)  əрпіне,  бұл 
əдісі дегендей үйлесе кетеді.
Бұл əдіс пен оқытқанда, мыналар есте болсын:
а)  Не  құрым  дауысты  дыбыстарды  алды  мен  көбірек 
үйретсек, сол құрым түрлі буындар араласып, түрлі сөздер 
жасауға қолайлы келеді. Дауысты дыбыс – ат десек, дауыс-
сыздар – арба. Атсыз арба жүрмейді.
б)  Алды  мен  ашық  буынды  сөздер  алыну  керек.  Мыса-
лы: а-та, ұ-лы сияқты. Тұйық буындардан сөз құрауда қиын, 
дауыссыздары да анық естілмей, атсыз қалады. Тұйық буын 
мысалы: тер-лік, қас-ба.
п) алғашқы кезде екі буынды сөздер алынып, үш буын-
дыларға жүре күшу керек.
т) Есім сөздермен етістік жалғауларын неқұрым ертерек 
білдірсек, сол құрым сөздерді, қиулап, сөйлем, əңгіме жасау 
оңай болмақ. Ендеше, «ның, дың, ға, ке, ды, ты, де, да, дан, 
тан, нан, мын, сын, мен, сен…» сияқты жалғаулардың ерте 
үйретілгені  дұрыс.  Өйткені  есім  сөздерге  сүгірет  салуғада 
(ат), атайтын нəрсесін көругеде, қолдан маделін жасауғада, 


488
489
оюғада  болады; – қысқасы  баланың  түрлі  сезімдерін 
қимылдатып  жаттықтыруға  болады.  Етістік  сөз  құрауға, 
қимылды көрсетуге, іс қылдыруға қолайлы.
Сөз – буын  əдісінде  көбіне  айналдыратынымыз  буын 
болғандықтан, бұл əдіс бізге жат, жаңа болғандықтан, тілі-
мізде  қанша  буын  барлығын,  қаншасын  білгенде  қат  та-
нитынын  есептеп  көрсеткенді  дұрыс  көрдік.  Есепсіз  іс  мəз 
болмайды. Жақсы əскер басы жауын есептемей соғыспайды. 
Сауатсыздық – үлкен жау ғой.
Ең соңғы əліппе бойынша қазақ тілінде 29 дыбыс бар деп 
есептеледі. Сол 29 дың 20 ы дауыссыз (жарты дауыстыларда 
соның  ішінде),  қалған 9- ы  дауысты.  Дауыссыздарды  дау-
ыстылар  санына  көбейтсек (20x9=180), барлық  буын  саны 
шықпақ,  басқаша  айтқанда 180 буынды  білген  адам  қат 
танымақ. Бірақ анығында іс олай боп шықпайды. Себебі: 1) 
Дауыссыздардың  бəріне  бірдей  дауыстылар  түгел  жалғана 
бермейді.  Кей  дауыссыздар 9 дауысты  кей  біреулері 5- ақ 
дауысты…  Кей  бірі 4 дауысты…  тілейді  (оны  төмендегі 
кестеден көресіз); 2) Сөз үнемі ашық буынды боп отырмай 
көбінесе тұйық буындар араласады. Басқы себеп пен буын-
дарымыз азайса, соңғы себеп пен көбейеді.
Əйтпесе  негізгі  буындарымыз  осы  ашық  буындар  болу 
керек. Үйткені тұйық буын дегеніміз – ашық буынның аяғы 
жұлынып қысқарғаны («ата-ат, таба-таб»… дегендей). Ашық 
буындарды білген соң, тұйықты білу қиын емес. Сондытқан 
тұйық буындарды – туынды, ашықтарды – негізгі буындар 
деп есептеп, негізгілер мен айналыс қылған жөн. Бізде сол 
ашық буындар дəл қанша екенін соңғы кестеден қараңыз. 
Барлық ашық буындар.
Дауыстылар:
Бұл кестеден көреміз: дауыссыздардан 10 дыбыс 9 дауыс-
тыға жалғанады екен, алтауы – 5 дауыстыдан, екеуі – 4 да-
уыстыдан,  біреуі – 7, біреуі 3 дауыстыдан  тілейді.  Сонда 
барлығы:
(10х9)+(6х5)+(2х4)+(1х7)+(1х3)=138


490
491
Бұған 9 дауыстыны қосқанда, негізгі ашық буындарымыз-
дың саны 147 болмақшы. Дөңгелек сан мен 150 буын бар дейік.
Орыс сөздерінің ашық буындары мен салыстырғанда, біз-
дікі недəуір аз (орыстың ашық буындары 200 дей бар) ендеше 
орыс əдісшілері 4 айда қат танытып жүрсе жаңа əліппе мен 
біздің үш айда қат танытатын жөніміз бар. Жақсы оқытушы 
екі  жарым,  екі  айдада  қат  танытуға  тиісті.  Күніне 2 буын-
нан үйреткенде, 150 буынды 75 күнде үйрету керек. Тұйық 
буындарға,  анау – мынауға 10–15 күн  салсақ,  қалайда,  үш 
айдан артпайды.
Күнде 4 сағат  сабақ  болса,  соның  бір  жарым,  көп  бол-
са  екі  сағатын  қат  танытуға,  қалған  уақыты  есепке,  өзге 
мағылуматқа арнағанда, екі жарым, екі айдада қат танытуға 
тиісті.  Күніне 2 бынна  үйреткенде, 150 буынды 75 күнде 
үйрету керек. Тұйық буындарға, анау-мынауға 10 – 15 күн 
салсақ, қалайда, үш айдан артпайды.
Күнде 4 сағат  сабақ  болса,  соның  бір  жарым,  көп  бол-
са  екі  сағатын  қат  танытуға,  қалған  уақытты  есепке,  өзге 
мағылұматқа арнағанда, екі жарым, көп болса, үш айда қа-
лайда қатты анық танып, жазып кету керек. 
Енді осы əдіс пен оқыту жолын, деректерін көрсетейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет