562
563
байлығын, тілінің кемістігін, қалай сөйлейтінін байқайды.
Сонан соң сабақ үстінде кем-кемдер кемістікті жоя береді.
Əуелі балаларға аз-аздап жаңа сөз қосарлық жұмыстар тап-
сырады. Сүйтіп бірте-бірте баланың тілін байытады. Əсіресе
баланың қалай сөйлеу жағына сақ болу керек. Сабақ кезінде
бала амалсыз сөйлерлік шарт əзірлеп отыру керек. Тіл шый-
ратудың түрлі əдістері бар – енді соны қарайық.
Бала əңгімесі
Бала əңгімесінің дені көрген, білген нəрсесін сөз қылу.
Жоғарғы бөлімдерде мұкітаптан алған білімін айтып беру
де қосылады. Баланы айналадағы нəрсені байқау-зерттеу
жолы мен тəрбиелеген соң, бала əңгімесіне теме мол бо-
лады. Оқытушы баланың не жайында, не темеге сөйлеуіне
мұрындық болып, итермелеп отыру керек.
Бала өзі көрген, араласқан нəрсесі əңгімеге ең қолайлы
теме. Мұндай нəрсені бала құшырланып, делебесі қозып сөз
қылады. Сондықтан баланың тілі байып шыйрауына мұндай
əңгіменің көп пайдасы бар.
Алдыңғы айдың ішінде оқытушы кішкене де болса, əр
баланың əңгімесін естуі керек. Ол əңгіме баланың басынан
өткен нəрсе жайында болғаны тіпті жақсы. «Бала, мектеп, үй
ісі» деген сияқты комплекіс баламен əңгімелесуге көп дерек
береді.
Бала сөйлегенде оқытушы, жетекші сұрау беріп көтерме-
леп отырады. «Осы арасын толығырақ айтшы!», «Мұнан
соң не болды?», «Бұл саған қалай көрінді?», «Онда сен не
ойладың?» деген сұраулар мен баланы шапқа түртіп сөйле-
ту керек.
Бала əңгімені тек оқытушыға айтқан сыйақтанбай, барлық
кіласқа тіреп айтсын. Оның үшін бала ортаға шығып, кіласқа
қарап тұрып айтқаны дұрыс, баланың көңілін көтеру үшін
азырақ қостап қойуғада болады. Сөйлеп тұрған баланың сө-
зін іретсіз бұзуға болмайды. Бала өз тілі мен сөйлесін, оқы-
тушы оны үлкендерше сөйлетем деп əуреленуінен пайда
жоқ.
Бала жайда сөйлеп жүрген «Ай», «Тіпті өзі», «Иə», «Мə
саған», «Ой-бой» бəрін қосып сөйлегеннен қайта бала сөзі
əдемі шығады. Тек сөздің мағынасын қата жұмсағанда ептеп
түзеп жіберу керек. Бала «Кеше» нің орынына «Бүрсігүн»
десе, оқытуш, ендеше ол «Кеше» болған екен деген сияқты
түзеп жібереді.
Баланы көрген білгенін іреті мен айтуға дағдыландыра
барады. Алғашқы жылы оқытушы жетекші сұраулары мен
баланы ізге салып, айын ірет пен айтуға бағдарлап отырады.
Жетекші сұрау арқасында балалар бірте-бірте ойын іреттеп
сөйлеуге жаттығы береді екінші жылы сұраулар тақтаға
жазылады. Осы сұрауларға дереу балалар ауыз екі əңгіме
сөйлеп береді. Үшінші жылы балалардың өзі бірте-бірте пы-
лан жасап, соның бойынша əңгіме айтады. Төртінші жылы
бала ойын іреттеп айтып, кітаптан оқығанын өз сөзі мен дұ-
рыс түсіндіре алады.
Балалар бір нəрсені бақылағанда, серуенге шыққанда, жай
кездегіден көрі бір нəрсені байқаңқырауға тырысады; ұстап
қалуға талпынады. Көрген нəрсесін суреттегенде, басқа ба-
лалар қалған жерлерін толықтырады. Бала дұрыс жүргісіз
оқыйтын шамаға жеткенде, кітаптан оқығанын ауыз екі айта
бастайды. Бұл үшінші жылдары басталып, төртінші жылда-
ры күшейеді. Бұл жылдары бала үйде оқып кетіп, түсінгенін
кіласта айтса тіпті жақсы. Басқа балаларда оқымаған нəрсесін
көңілді тыңдайды. Түсінбегенін, дүдəмал жерлерін сұрап
отырады.
Телжан Шонан ұлы
Достарыңызбен бөлісу: