Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет204/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   248
Байланысты:
zhubaeva o khkh gasyr basyndagy kazak tili zhonindegi zertte

1- жұма.
Баланы  партаға  дұрыс  отырғызу.  Кіласқа  аяғын  сүртіп 
кіруге дағдыландыру. Киім ілетін, түзге отыратын жерлерді 
көрсетіп, қалай пайдалануын ұғындыру. Балалардың өзінің, 
əкесінің аттарын мен танысу. Олардың тізімін жасау. Мек-
теп аты мен таныстыру. Мектепке қашан келіп, қашан кетуін 
түсіндіру.  Кіластағы  нəрселер  мен  таныстыру.  Олар  мен 
қалай  пайдалану  жайын  білдіру.  Дем  алыс  кезінде  далаға 
шығуға, жел теткіш ашуға, иденді дұрыс сыпыруға, тақтаны 
сулы  шүперек  пен  сүртуге  дағдыландыру.  Баланың  үсті 
басының тазалығын қарау. Оқуға керек аспап құралдар мен 
таныстыру.
Осылай  үйрете  жүріп  арасында  баланың  қанша  санай, 
сөйлей білетіндігін байқау. Ілгері кейінді 10 ға шейін сана-
тып үйрету. 10 ға шейін ауыз екі қостыру, алдыру, сөйлемді 
сөзге, сөзді буынға жіктеу.
2- жұма.
Балалардың  мектептегі  ұйымдары,  кілас  бастығын,  ке-
зек жұмыс атқарушыны сайлау, кілас жиылысын тəртіп пен 
жүргізуге дағдыландыру.
Балалардың жазғы ойыны, оған керек құралдары. Үй ішінің 
жазғы  жұмысы  оған  керек  құралдары.  Оған  балалардың 
қатысы, балаларды қағаз, қарындаш ұстауғада дағдыландыру. 
Жаңыл  сүгіреттер  салғызу,  балшықтан  нəрсе  жасату,  үй 
ішінде тазалыққа дағдыландыру.
Осылардың  ара-арасында 10 ға  шейін  араб  сипырлары 
мен таныстыру. Жазып қостыру, қосу, теңдік таңбалары мен 
таныстыру, буынды дыбысқа жіктеу, үш əріп пен танысты-
ру. Əріптерді қағаздан ойдыру, саздан илету.


556
557
3- жұма.
Көлеңкені,  күн  төмендегенін,  шыққан  батқан  орынын 
бақылатып  жүріп  күн  қысқарып  түн  ұзаып  келе  жатқанын 
білдіру.  Су  салқындап,  түн  суыта  бастауы.  Күн  амалдары. 
Шық, құдық суының молаюы.
Далаға шығарып мектеп маңындағы жер бетінің бедерін 
бақылату (төбе, тегістік, шүқыр, шоқы сықылдылар) өсімдік 
түсінің өзгеруін бақылату. Жазғы өсімдік пен күзгі өсімдік 
түсін салыстыру. Қара от, бақша пісіруі, жапырақ, түсуі. Мал 
ішін аралатып, жазғы мал мен күзгі малды салыстыру. Қой 
су алуы, ұлай пісуі, күйек байлау, қандай мал қандай шөпті 
көп жейтінін байқату.
Бұлардың  арасында 10-ға  шейін  жаздырып  алдыру,  алу 
таңбасы мен таныстыру. Сөйлемді сөзге, сөзді буынға, бу-
ынды дыбысқа жіктеу. 4 əріп пен таныстыру.
Үйрету  əдістері:  керекті  жерінде  əңгімелесу,  оқу,  жазу, 
сүгірет ою, илеу, бақылау, серуен.
Əрине  күніне  баланы  бір  нəрсені  істетіп  жаттықтырып 
отыру керек. Жаттығу дегеніміз оқып, жазып, есептеп үйре-
ну, қара жұмыстан да оңайларын үйрете беру. Қысқасы істе-
генде, адам күшін, ақылын керксіз босқа жұмсамай тез жəне 
қонымды қылып істеуге үйренудің бəрі жаттығу болады.
Осылай етіп сомдап бір комплексті қанша мезгілге жете-
тінін  шығарып  алып  шетінен  кертіп  орындай  беру  керек. 
Біздің  үш  жұмаға  арнаған  пыланымыз 15 күнде  бқтугеде 
мүмкін.  Ол  оқытушының  іскерлігінен  болады.  Бір  жұмаға 
осы арналған материялды 6 күнге тарату керек. Оны пылан-
да көрсетседе болады, иə көрсетпей оқытқанда ретіне қарай 
кертіп оқытып отырсада болады.
Кей бір жерлерде оқу кеш басталса, күшті есеп, оқу-жазуға 
салып,  басқа  жағын  қысқартқан  дұрыс.  Кеш  басталғанда, 
пырағырамнан  бүтін  комплексті,  иə  комплекстің  кей  бір 
тақырыптарын қалдырып кетседе зиян жоқ. Оқытылған мез-
гілге пырағырамдағы жаратылыс жайы келмесе, сол кездегі 
жаратылыс құбылыстарынан материял алу керек. Мəселен, 
жоғарғы комплекс қар түсе басталса, қыс басының белгілерін 
алып оқыту керек болады.
Орыс  мектептерінде  іс  пыланы  бағанға  бөлініп  жүр. 
Оларда көбінесе мынадай бағандар болады. 1. Комплекс аты, 
2. Бөліп алған темесі. 3. Не үйрету керек (мазмұны). 4. Үй-
реткен  əдісі. 5. Істелген  жұмыс  (ұсталық,  жер  жырту,  мал 
бағу сияқтылар). 6. Қолға не түсті (не біліп, неге жаттығу). 
7. Жылы, күні.
Шамасы көбінесе осындай жеті баған болады. Бізге мұн-
дай бағандардың түкке керегі жоқ. Бұлар тек жұмысты кө-
бейтіп, істі ауырлатады. Дұрысы сірə бір баған болар.
Кей бір жас оқытушыларымыз: пырағырам ай-айға бөлі-
ніп неге жасалмаған деп дағдарады. Оның керегі жоқтығы, 
жəне мүмкін еместігі жоғарғы айтқандарымыздан көрінеді.
Комплекстердің ішінде «Төңкеріс мирамдары дегендер бар», 
төңкеріс мыпрамдарына үш күннен артық тоқтамасқа керек.
Жаңа пырағырам мен іс қылған оқытушылар күнбе күнгі 
жұмыстарын  жазып  отырулары  керек.  Сонда  келер  жылы 
өздеріне жеңіл болады. Соған қарай келер жыл іс пыланын 
жасауға болады. Оның үстіне кемшіліктерді түзетіп отыра-
ды. Көбіне күн істі қалай жазып отыу жайы «Жаңа мектептің 
ғ-нде, ресми бөлімде басылған.
Кей бір оқытушыларымыз: 3 – 4 інші кіластың пырағы-
рамын  жасап  жібере  алмайсыз  ба  деп  басқармаға  қат  жа-
зады.  Бұл  кіластарда 1924 жылы  Орынборда  өткен  «Қазақ 
білімпаздар  сиезінің»  қабылдаған  пырағырамы  мен  оқы-
тылады.  Ол  пырағырамдар  «Қазақ  білімпаздарының  бірін-
ші сиезі» деген кітаптың ортасында, Шонан ұлының баянда-
масының ішінде басылған. Ол пырағырамды қалай жүргізу 
керектігі  жайында  білім  ордасының «2-нші  əдіс  қат»  де-
ген қазақша кітапшасы басылып шыққан. Ол кітапша 1925 
жылы  жазғытұры  жер-жерге  тегін  жіберілген.  Сірə,  елдегі 
оқытушылар қолында «Білімпаздар сиезі» қазақша кітап бо-
луы керек. Сол кітапта пырағырам да, імла жайы да оқыту-
шыларға басқада керек кеңестер бар.
Іс  жаңа.  Көрмеген  жердің  ой-шұқыры  көп  болады.  Жаңа 
пырағырам  да  осындай.  Ойлы-шұқырлы  жерден  көптен 
көмектеп  өтуге  болады.  Елдегі  қалың  оқытушылар  пыра-
ғырам жайлы түсінбегенін, дағдарған жерін іркілмей басқар-


558
559
маға жазып отырсын. Басқарма жауап беріп отырар. Сүйтіп 
кеңесіп, бірлесіп жаңа мектепті ілгері бастырамыз.
Оқу басталар басталмастан əр жерден пырағырам туралы 
сұраулар келе бастады. Бұл сүйінерлік іс. Жаңа мектеп ілгері 
басуына дəмелендіретін іс.
Телжан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет