Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет203/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   248
Байланысты:
zhubaeva o khkh gasyr basyndagy kazak tili zhonindegi zertte

ЖАҢА ПЫРАҒЫРАМДЫ ІСКЕ АСЫРУ
Білім ордасының жаңа пырағырамы «Жаңа мектепте» басы-
ла бастады. 6, 7 – 8, 9 – 10-нөмірінде бірінші жылдың пырағы-
рамы  басылып  бітті.  Енді  екінші  жылдың  пырағырамы  басы-
ла бастамақ. Бірінші жылдың пырағырамы барлық қазақ мектеп-
терінде бұйыл ұсталуға тиіс. Жаңа пырағырам жазғы курстерде 
сыналып, талданып көрілді. Күзден бері ұсталып жатыр.
Əзіргі бір-екі айлық тəжірибаға қарағанда жаңа пырағы-
рамды іске асыру кезінде жас оқытушылардың дағдаратын 
жерлері  бар  көрінеді.  Алғашқы  кезде  оқытушыларымыз 
қандай  жерден  дағдарғанын  басқармаға  білдіріп  отыр.  Ол 
дағдарыстары жалпы оқытушыларға ортақ болуға орны бар, 
сондықтан əзіргі көрінге дағдарыс жайында түсініс береміз.
Кей бір оқытушылар «Жаңа мектепте» басылған білім орда-
сының пырағырамын қолдану керек, керек еместігін біле ал-
маған.  Пырағырам  басында  «Білім  ордасы  қабылдаған» 
деген  сөз  бар.  Оқу-оқыту  пырағырамдары  жолдары,  бағы-
ты  білім  ордасында  жасалып  шығады,  білім  ордасында 
қабылданған нəрсені ұстауға, іске асыруға мектептерде, оқу 
бөлімдері де міндетті. «Жаңа мектеп» білім ордасының тілі, 
жұмысының  айнасы  кітапша  қылып  басып  шығаруы  ке-
шігетін  пырағырамдары  мен  жол  жобаларын  білім  ордасы 
«Жаңа мектепте» басып таратып отырады. Мұны істі тезірек 
жарыққа  шығару  үшін  істейді. «Жаңа  мектепте»  пырағы-
рамды білім ордасы басып шығарғанда, ойы пырағырамды 
тез тарату болған. Басына «Білім ордасы қабылдаған» деген 
сөзді қойғаны – ол пырағырам ұсталуға міндетті дегені бо-
лады. Мұнан бұлайда осылай болып тұрмақшы.
Бұйыл тек бірінші кіласта ғана жаңа пырағырам ұсталуға 
тиіс. Екінші жыл пырағырамы білім ордасында əзір тұрған 
мен  əлі  жарияланға  жоқ.  Себебі,  жаңа  пырағырамды  əуелі 
бір  кіласта  ұстап  байқап,  келер  жыл  соның  тəжірибасына 
сүйеніп барып, екінші жылдық пырағырамды мектепте ұстат-
пақ.  Сүйтіп,  комплекс  жүйесі  бірте-бірте  кірмек.  Əйтпесе, 
білімі таиз оқытушыларымыз шатасып қалмақ. Екінші жыл-
дық пырағырам да «Жаңа мектепте» басылып шығады, пы-
рағырам келер жылдан бастап ұсталады.
Бұйылғы  курстердің  кей  біреулерінде  екінші  жылдық 
пырағырам  да  қарастырылып  талданды.  Мəселен  алма-ана 
курсінде  осылай  болды.  Ондай  курстерде  болып,  екінші 
жылдық пырағырамды қарастырған оқытушылар екінші кі-
ластада комплекс жүйесі мен оқытулары керек, екінші жылғы 
пырағырам  мен  курісте  таныспаған,  иə  кірсте  болмаған 
оқытушылар  екінші  кіласта  комплекс  жүйесін  жүргізбеске 
ерікті.
Тəжірибе мектептердің бəрінде де осы жылдан бастап бар-
лық кіластарында комплекс жүйесі мен сабақ берілу керек.
Білім  ордасы  бекіткен  пырағырамды  өзгертуге  болама, 
болмайма?  Деп  дағдаратын  оқытушылар  бар.  Əрине  бола-
ды.  Бірақ,  өзгертуде  мəн  бар.  Өзгерткенде  «Біз  орнына  біз 
білдік» шығарып шатаққа соғудан қашу керек. Өзгертем де-
ген  оқытушы  мынаны  ұмытпасын:  білім  ордасының  пыра-


554
555
ғырамын  қиындату  емес,  оңайлату  жағын  көздеу  керек. 
Танық жерін анықтауда тырысу керек. Мысал: құр «Тазалық 
сақтау»  деген  танық  сөз.  Тазалықты  əлде  неше  жыл  оқып 
жаттығып  үйренеді. «Ауызды,  мұрынды  қалай  таза  сақтау 
керек» дегендей үйретсе, бұл анық сөз болады. Қала берді 
оқу, жазу, есептеу, бір нəрсені істеп үйрену жағын күшейту 
керек. Мұны жаттығу дейміз. Сүйтіп, пырағырамды өзгер-
теміз дегенде оны анықтау, оңайлату, жаттығу жағын күшей-
ту керек.
Кей бір оқытушылар «Іс пыланы», «Календар пылан» деген-
дерді түсінбей, дағдарады екен. Бұл екеуі шынында бір нəрсе, 
екі түрлі пылан емес, осы іс пыланын қалай жасауды білмейтін 
оқытушыларымыз бар. Ол пылан былай жасалуы керек.
Бұрын  мектепте  сабақ  тəртібі  деген  болатын  еді.  Сабақ 
тəртібі былай болатынды. 
Онан əрі де осы сияқтанып кете беретін еді, бір жұмалық 
қылып сабақ реті жазылатын еді.
Жаңа  пырағырам  мен,  комплекс  жолы  мен  оқытқанда 
мұндай сағатқа əр сабақты бөліп жазу жоқ. Бұрынғы сабақ 
ретінің орнына бұл күнде іс пыланы бар.
Əр комплекске бір пылан жасалады: олай болса жұмалық, 
айлық  пылан  болмайды:  комплекс  қанша  мезгілге  жетсе, 
сонша уақытқа пылан жасалады. Пылан дегеніміз бір ком-
плекс  ішіндегі  мазмұнға  ілгері-кейін  орын  беру;  əуелі  не-
ден  бастап,  соңын  немен  тындыруын  көрсету.  Олай  болса 
əр  комплекске  бір  пылан  керек.  Бұл  бір.  Екінші  сол  ком-
плекс мазмұнына ретіне қарай материялын жіктеп, айырып, 
бір-біріне қосады. Ретіне қарай ілгері тұрғанды кейін, кейін 
тұрғанды ілгері қондырады.
Пылан жасамастан бұрын комплекстің мақсатын табу ке-
рек. Бірінші жылдық бірінші комплекс – «мектеп, бала, үй-
іші». Мұның мақсаты баланы мектеп пен, мектепті бала мен, 
баланың үй іші мен таныстыру. Осы комплекстегі істің бəрі 
де  осы  мақсатқа  пайдасы  тиерлік  болу  керек.  Бала  мектеп 
тəртібі, құралы, үйі мен таныспаса, оқытушы баланың жай-
жапсары, үй жағдайы мен таныспаса, ілгері де тəрбие ілгері 
баса алмайды.
Пырағырамда бес баған тұр. Пыланда баған санын азай-
туғада,  көбейтугеде  болады,  біз  пыланда  бағанды  көбейту 
керек емес деп ақыл береміз, қайта азайтуға кеңес береміз. 
Не  ғұрлым  тарау,  баған  аз  болса,  со  ғұрлым  іс  оңай  бола-
ды.  Мысалға  біз  өзімізше  алғашқы  комплекстің  пыланын 
көрсетелік.  Мен  өзім  іс  пыланын  (Быроизодстбенный)  пы-
ланды бұлай жасар едім: 
Комплекс – «Мектеп, бала, үй іші».
Мұны 18 күнде өтуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет