560
561
беретін, емлесі сөз жүйесіне құрылған орыс тіліне, иə соған
ағайын тілге сөз əдісі оңтайлы болуы мүмкін. Тарық негізді
емлелі əнгілшан, əмерік сықылды жерлерде сөз əдісі дыбыс
əдісінен ана ғұрым артық. Сондықтан да сөз əдісін төркіні
де, өте таралған жері де əнгілійе мен əмерік.
Біздің Қазақстанда ауыз бен қағаз бетінде екі əдісті қол-
даушылар көп таласады. Бірақ іс жүзінде əлі дыбыс əдісі
дəурен сүріп келеді. Əрине əріпке əріп қосып оқытудан ды-
быс əдісі болмайды. Бір дыбыс əдісінің бұрыс ұсталатын
жерлерін айтамыз, шынында бізде дыбыс əдісін дұрыс ұс-
тарлық оқытушылар да аз.
Дыбыс əдісінің бір артықшылығы – оқытушыларға көбі-
рек таныстығы, əліппелегіміздің осы əдіс пен жазылуы,
баласы көп мектепте тез қат танытуға қолайлығы. Мұның
басты кемшіліктері – арасында байламы жоқ сөздер мен,
байламсыз сөйлемдер мен істес болатыны, көмплекіске ма-
тастыруға тоң мойындығы. Мəселен, ара, аз, аза, зар деген
сөздердің арасында түк байлам жоқ. Бұл кемшіліктер сөз
əдісінде жоқ. Əйтсе де мұның да өз басына жетерлік бір қатар
кемшіліктері бар. Ол кемшіліктері мыналар – қат танытуға
уақты көп кетуі, бұл əдіс пен оқытушыларды таныс еместігі,
бұл əдіс пен жазылған əліппе жоқтығы, жеңілден ауырға
көшуге тоң мойындығы.
Бұл екі əдіс əлі көп уақты қатар жарысатын түрі бар. Əлі
бірін бірі жоға алар емес. Мемлекет білім кеңесі (гус) əдіс
қатында бұлай дейді:
Достарыңызбен бөлісу: