Жалпылау əдісі
Бұл əдістің басқалардан айырылатын негізгі жасы – ұсақ-
тан ірілету. Ана тілін алсақ, үйрету əріптен не дыбыстан бас-
талады, онан əрман буын жасалады, онан əрі буындарды
қосып, сөз қылып шығарады. Немесе бірден-ақ буыннан бас-
тайды, сонан соң буындарды құрап сөз қылады.
Жалпылау əдісі – үйрету əдісінің ең ескі түрі. Бұл əдіспен
бұрынғы гректер, үрімдіктер үйреткен. Арабтың да үйрету
əдісі осы болған.
Бұл əдіспен үйреткенде, əуелі, əріптердің атын жат-
татып, түрін танытып алады. Мəселен, (əліб), (би), (ти)...
578
579
арабша а (аз), б (буки), в (веди)... орысша. Сонан соң араб-
тар асыт, үсқт үтір қойып, буын жасайды, орыстар дауысты
дыбыстардың əріптерін қосып, буын жасайды. Сөйтіп, əріп
бқткеннің бəрінен буын жасап үйреткеннен кейін буындар-
ды құрап сөз қылып оқуға түсіреді. Бұл əдісше үйреткенде
сауаттаудың 3 дəуірі болған: əліб-би, ежік, сүре.
Бұлайша оқу өте қиын болған. Ежік оқуы қандай қиын
болғанын бəріміз болмағанмен, көбіміз-ақ білеміз; үйткені со-
нымен оқыған адамдардың көбі əлі тірі. Жаурыпа жұртында
жалпылау əдісі 19-ғасырдың орта шамасында жоғалса да,
біздерде ежік оқу жоғалмастан 20-ғасырға дейін келген.
Ежік оқу бізде ғана қиын болып, басқаларда оңай болды
деп айта алмаймыз. Орыста, мəселен, біздің ежігімізден де
қиын болған. Басқа жаурыпалықтарда да орыстікінен оңай
болып жарымаған.
Сондықтан бергі замандарда ежік оқуын жеңілдету үшін
түрлі тəсілдер істелген. Арғы заманда да, мəселен, үрім
жұрты сияқты өнері жетілген жұрттар əліб-би жаттату ісін
жеңілту үшін балалар асық орнына ойнайтын сүйек əріптер
қолданған. Ағашқа қиып орнатқан сондай сүйек əріптердің
үстінен балалар шыбық жүргізетін болған. Ойнап жүріп
əріптердің түрін танып, атын жатқа біліп алу əншейін əліб-
би əріптерін жаттаудай балалардың ішін пыстырмаған, миын
ашытпаған. Əріп үстінен шыбықпен жүргізгеннен көз түйімі
мен құлақ түйіміне тəн түйімі мен қимыл түйімі қосылып,
əріптердің сүгіреті балалардың жəдіне тез бекуге көп көмек
болған.
Бергі замандарда сүгірет басу тəсілі табылғаннан кейін,
əліб-би үйретуді сүгіретпен жеңілдеткен. Аты əліб-би əрпінен
басталатын нəрселер алынған. Кітапқа сол нəрселердің сүгі-
реті салынған. Мəселен, «əліб» үшін арбаның, айнаның, ара-
ның сүгіреттері, «би» үшін балтаның, балғаның, ботаның
сүгіреттері салынған. Немесе дыбыстары əріп дыбысына
ұқсас нəрселердің сүгіреті салынған. Мəселен, дыбысы «с»
дыбысына ұқсас болғандықтан, жылан сүгіреті, дыбысы «р»
дыбысына ұқсас ит сүгіреті, дыбысы «м» дыбысына ұқсас
болғандықтан сиыр сүгіреті салынған. Не болмаса, жат-
тайтын əріптер басына келетін сөздерден құрастырып өлең
шығарып, соларды əліп кітаптарының аяғына тіркеп қойған.
Əріпке ұқсас нəрсенің сүгіретін салып та жеңілдетушілер
болған. Əріп дыбысы жəдінде сақталу үшін кейбіреулер
əріпті əңгіме арқылы үйреткен. Мəселен, біздің бұрынғы
үстінде мəті бар əліп əрпімізге əңгіме əдісін істесек, балаларға
былайша үйретер едік. Мектепке келе жатып, бағанға көзім
түсті деп баған сүгіретінің орнына бір тартып, таяқша жаза-
ды. Бағанға қарай құс ұшып келе жатыр екен. Құс бағанға
қонбастан айналақтап ұшты да жүрді деп, əліп үстіне мəтін
қояды. Кəйтер екен деп қарап тұрып едім, айналып жүріп
«а» деді де, кетіп қалды. Сендер де кітапта осы бағанға ұқсас
əріп көрсеңдер, құстың даусын естеріңе түсіріп, «а» деңдер.
Бұл тəсілдердің бəрі де оқу үйрету жұмысын жеңілдетуге
себеп болған. Бірақ шыбық соқпай үйретерлік етіп жеңілт-
пеген. «Кəрігі таяқ жүруге қандай керек болса, балаға таяқ
үйренуге сондай керек» деген пікірді тастата алмаған.
17-інші асырда ағылшын данасы Лоқ
1
деген адам қамшы
мен шыбық үйрету үшін жұмсалмау керек, олай болу үшін
оқуға үйрену жұмыс түрінде болмай, ойын түрінде болуға
керек деген пікір таратады.
Ойыншықтар текшешік түрінде болсын. Оның алты жа-
нарына алты əріп жапсырылсын. Текшешіктермен ойнап
жүріп, үстіндегі əріптерді көре-көре көздері қанып, айрықша
жаттаусыз, айрықша ежіксіз балалар əріптерді танып, олар-
ды қосып сөз қылып оқитын болады деген.
Лоқтың пікірі дұрыс болып шыққан. Текшешіктермен
ойнап жүріп балалар əріптерді де, əріптерді қосып буын
етуді де, буынды қосып, сөз қылып оқуды да оңай үйренетін
болған.
Лоқ текшешіктері ойыншық орнында мектептерде қол-
данбағанмен, ошақ басы үй ішінде осы күнге дейін жас бала-
ларға оқу үйретуге жұмсалады.
Лоқтың жолын қуаттаушылар оқудың ойын жағын да
күшейткен. Ойнайтын нəрселерін де түрленткен. Мəселен,
балалар жейтін тəтті нандардың түрлерін əріп түріне салып
1
Лоқ 1632 – 1704 жылдарда болған адам
580
581
пісіртіп, балаларды сондай нанмен ойнатып, əрпін танып
болғаннан кейін немесе əріптерді қосып буын не сөз жасай-
тын болғаннан кейін нан-əріпті жеуге ұрықсат еткен. Бұл
пікірдің иесі- Базедіп
1
деген əр мектептің жанында сондай
нан-əріп пісіретін дүкен боларға керек деген ойға де келген.
Əрине, бұл нан-əріптер ойын оқудың «сақалын бояу» мы-
салды түрге айналғандағысы болады. Ал, жоғарғы тəсілдер-
дің қайсысын алсақ та, əліб үйрету жұмысына бəрі де жеңіл-
дік келтірген.
Кей бала бапкерлер əріп атауын жеңілдетіп, əліб, би, ти
деп атаудың орнына а, бе, те... деп ататып үйрету керек де-
ген. Бұ да əріптерді ҚосҚызғанда бұрынғыдан гөрі жеңілдік
келтірген.
Атақты балабапкер Песталотсый
2
əріптен бұрын оқуды
жатқа үйрету Қолайлы деген. Əріп орнына əріптердің атау-
ларын алып қосып, буын жасауды, сөз жасауды білгеннен
кейін əріп көрсету керек деген. Солай еткенде буын жасау,
сөз жасау балаларға таныс болып, тек əріп түрін тану ғана
жұмысы қалады деген.
Кей оқытушылар буын жаттату тəсілін қолайлы көрген.
Əріп қосып ежікпен үйренген адам оқуды шапшаң жүргізіп
оқи алмаған. Сол кемшілікті жоғалту үшін əріпті қосып, буын
жасатып үйретпей-ақ бірден буын жаттату қолайлы деушілер
болған. Ол үшін дауысты дыбыстардың əрпін бір бөлек, дау-
ыссыз дыбыстардың əрпін бір бөлек танытып алып, сонан
кейін Қосқызбастан дауыссыз дыбыс пен дауысты дыбысты
қатар қойып, буын түрінде жаттатқан. Мəселен: ба, та, па,
Достарыңызбен бөлісу: |