586
587
Осы сөйлемді мұғалім кеспе əріптен жасап, тақтай бетіне
тізіп ұойып, дауыстап əр сөзін қолмен көрсетіп оқиды. Со-
нан соң оны балалар оқығанда бəрі дауыс қосып көптеп те,
жеке де оқиды. Жана да қалыпты ретпен оқымай сөзді есеп
қосып былайша оқиды:
Қалаға
Қалаға жақын
Қалаға жақын жердің
Қалаға жақын жердің бəрі
Қалаға жақын жердің бəрі жиын.
Осылай оқу балалар сөйлемнің ішіндегі кез келген сөзді
танып айтатын болғанша істеледі.
Сонан кейін мұғалім басындағы сөзді алып, кеспе əріптен
буынға бөлген тұрде бөлек шығарып қояды да, буын буыны-
на бөлгілеп оқиды. Балаларға да солайша оқытып, сөз неше
бөлініп айтылатынын айтады. Сөздің бəрін солай оқытып,
солай айттырып болғаннан кейін пəлен буынды түлен бу-
ынды көрсет дейді; пəлен буын қай сөзде, түлен буын қай
сөзде деп сұрайды. Пəлен буыны бар, түлен буыны бар сөзді
көрсет дейді. Пəлен сөздің бас буыны, аяқ буыны қайсы де-
ген сияқты сұраулар болады.
Сүйтіп, бір сөйлемнің өзінде балалар бунның бірнеше
түрлерімен танысып қалады. əріппен таныстыру үшін де
істейтін тəсілі осы. Бір буында алып мəселен «ла»ны алып екі
арасын ашық қойып, арасын бөліп оқиды. Балаларға оқытады.
Неше бөлініп айтылатынын сұрайды. Басындағы аяғындағы
əріп əрқайсысы не деп аталатынын айтады; оқығанда қалай
айтылатынын айтады. Сонан соң білген əріптерін басқа
сөздрден тапқызады. Сонан əрпі екінші, үшінші, тағысын
тағы буындарды алып, істейтін ісінің іреті осылайша болады.
Бір сөйлемді солайша үйретіп болғаннан кейін басқаларын
алып, солайша үйретеді. Жалғыз қойылатын шарт – бала-
лар үйренген нəрсесін нық білу; ол үшін оқу сабағын дəйім
басынан бірінші сөйлемнен бастап отыру; жаңа сөйлемді
оқытуға алғанда ішінде келетін бұрынғы таныс буындар мен
таныс əріптерді балалардың өздері көрсету керек.
Сүйтіп, он шақты сөйлемді оқи білген кезде балалар бір
жағынан əріптерді, бір жағынан буын түрлерін танып алып,
бір жағынан оқуға жаттығып, əрмен қарай өз беттерінен
оқуға жараған.
Жақото оқытуға ұста, əдісінде шеберлік толық болғанмен
Гедикенің əдісіндегі кемшіліктен бұ да құтыла алмаған. Ол
кемшілік – оқыған сөздерін балалар неге солай оқылатынын
білместен жаттау. Ол кемшілігіне қарамай Жақотоның
əдісі тəуір-ақ жайылған. Немістер Жақото əдісінің мəнісіне
түсінгеннен кейін, Жақотоның əріпті əдісін дыбысты əдіс-
ке аудару шарасын қарастырады. Сүйтіп бір заманда ды-
бысты жалқылау əдіс пен дыбысты жалпылау əдіс екеуі
қатар өркендеп күшейген кезі болған. Онан əрі барып екеуі
қосылып, бір əдіс түріне түскен. Онысы жалқылаулы-жал-
пылау əдіс. Ол келесі жолы сөз болмақ.
1
Достарыңызбен бөлісу: