605
май-ақ, осы күнгі заманнан алып, тұрмысқа, еңбекке жақын
мысалдан алып, кітап жазуға болады. Мағжанның өлеңіндей
мысалға жарарлық əлденеше өлең, əлденеше əңгімелер бар.
Бірақ Ақаң оны көрмейді. «Тіл құралдың» əдіс жағынан
да, құрылыс жағынан да кемшілігі бар. Осы күнгі педаго-
гика заңдарына, айтқандарына үйлеспейтін жерлері көп.
ұайсысын алып қарасаңыз да алған мысалдары дерексіз,
өмірге жанасымсыз. Мағынасына 7 – 8 – 9 – 10-дағы бала
түгіл, ересек адамдар да түсіне алмайтын сөздер бар. «Мал
жаным садағасы, жан арым садағасы», «Əкең жаман кісі
еді, ат бергеннің құлы еді, Мəскеудің қара күңі еді» дейді.
Бұл сөздерді бала түгіл үлкен дама əрең түсінер еді. «Мал
жаным садағасы, жан арым садағасы» деген жас балаға
түсіндірмекші болсақ, бір дерексіз пəлсапалы соғып кеткен
болар едік. Қолға ұстатып, көзге көрсетіп, сүйретке түсіріп
оқытатын, сүйтіп барып көңілге қондыратын ем дерегі жоқ.
Сабаққа қай уақытта да бала белсенді қатынасса ғана
білімді өзінікі қылып алады. Өмір белсенді қатынасқанды
керек қылады, белсенді қатынасса, деректі жұмыс өзінен-өзі
туады, олай болса, мына жоғарғы сөздерде қандай деректілік,
қандай белсенділік бар?
– Əрине, жоқ.
Сөз дегеніміз – мағынасы бар нəрсе. Сөзді оқығанда,
түсініп отыру керек. Оқығанды түсінбей оқысақ, ондай
сөзде, ол жазылған кітапта не қасиет бар?... Не маңыз бар?
Ақыметтің 20-ғасырда жазып отырған кітаптарының мұндай
əдіс жағынан да өте кем болуы адам ғажаптанатын нəрсе.
Біздің айтарымыз – бұл кітаптарды бұл қалпында оқытудың
керегі жоқ, дұрыстау керек. Нəзір айтқандай, «суға май са-
лып, күріш салып, ас болатын қылу керек». Құрылыс жағына,
əсіресе мазмұн жағына назарды толығырақ салып өңдеу ке-
рек. Оқу камисариаты алдағы болатын білімпаздар сійезіне
салып, талдап екшеп қарап, араб əрпімен қатар бұларға да
(«Тіл құралдарға» да) төңкеріс, өзгеріс жасау керек.
Байтоғайұлы Балқай
Достарыңызбен бөлісу: