3. Дыбысты əдіс. Дыбысты əдіспен үйреткендегі істеле-
тін істің негізі бес түрлі. Бірінші балалармен əңгімелесу;
екінші оқу үйретуге даярлайтын жұмыстар; үшінші сөз-
ден дыбыстарды айырып шығару; төртінші əріптермен қа-
тыстыру; бесінші білген əріптермен сөз құрау, соны оқу.
* * *
Əңгімелесу. Бұл балалардың бойын үйрету үшін істеледі.
Əңгімелескеннен кейін балалар оқытушыға үйір болады.
Оқытушы балалар жайларын біледі. Əңгіме арқылы бала-
лар мектептегі нəрсенің аттары мен жүру-тұру жүзіндегі
тəртіптермен танысады.
Оқуға даярлайтын істер. Бұл əуелі «сөз» деген ұғыммен
«дыбыс» деген не нəрселер екенін білдіру.
Екінші, сөздің ішіндегі дыбыстарды айырту.
«Сөз» деген ұғымды таныту үшін оқытушы балаларға бір
нəрсені ататады. Оның атаған нəрсесі туралы өзі бірнəрсе
айтып неше сөзбен айтылып тұрғанын сұрайды. Мəселен ба-
лалар «тақтай» деген болса, оқытушы «тақтай үлкен» дейді
де балалардан неше сөзбен айтылып тұр деп сұрайды. Сол
жөнмен бірнеше рет сөздер, сөйлемдер алынып сұралып
өткеннен кейін «сөздің» немене екенін біліп кетеді.
«Дыбыс» ұғымын таныту үшін істелетін тəсіл екі түрлі
болады: біреуі былай: оқытушы бір дыбысты айтады да,
айтқаным не дұрыс деп сұрайды. Балалар естіген дыбысын
айтады. Тағы бір дыбыс алып тағы солай сұрайды. Балалар
сұрағанын айтып береді. солай бірнеше ірет істегеннен кейін
балалар «дыбыс» деген нəрсенің не екенін ұғады. Екінші
тəсіл былай істеледі: балалардың көзін жұмғызып қойып,
оқытушы бірнəрсені сылдырлатады немесе тықылдатады.
Бірақ не істесе де балалардан не естідіңдер деп сұрайды. Ба-
лалар естігенін айтады. Содан оқытушы бір дыбысты айта-
ды. Мұны да не естідіңдер деп сұрайды. Балалар естігенін
айтады. Солай бірнеше ірет істеп, бірнеше ірет сұрағаннан
кейін «дыбыс» деген немене екенін балалар ұғады. Дыбыс
айырту үшін оқытушы өзі не балаларға бірдеме айтқызады.
Сонан бір сөзді алады да соны əуелі буындап бөлектей ай-
тады. Буындап бөлектеп айтқанда буын жіктері ашылып, əр
буын бөлектеніп естіледі. Солай бірнеше сөзді алып айтқан-
нан кейін балалардың құлағы сөз буынын айыратын болады.
Буынды айыра білгеннен кейін, дыбыстарын айыруға
түседі. Ол айыруға қолайлы буын табылатын сөздерді алып,
əуелі, буынға бөледі де сонан өзінің керек қылған буынын
алып дыбыстарын бөлектей айтады. Немесе əнге салған
сияқты созып айтады. Балалардың тез айырып үйренуге со-
нысы қолайлы. Буынды созып айтқанда оның ішіндегісі нен-
дей дыбыс екені біліне қалады. Мəселен – «ара» деген сөздің
«ра» деген буынын алып, əр дыбысын созып айтса, əуелі р,
сонан соң а естілетіндігін құлақ қазір айырады. Мұндағы бір
керек нəрсе ол – алғашқы кезде алған буындардың əріптері
созылатын болуы тиіс; ол дыбыс айыру жұмысын көп жеңіл-
детеді. Дыбыстарды айыра білгеннен кейін оларды қоса
білуге кіріседі. Дыбыстарды қосып буын жасап, буыннан
сөз жасау керек дейтіндер де бар. оның керегі жоқ дейтіндер
де бар. керек деушілердің пікірі де екі бөлінеді: біреулері
əріп көрсетуден бұрын балалар сөзі дыбыстан құрап жасай
білуі керек дейді; екіншілері – дыбыс құрастыру əріптерімен
таныстырып соларды құрастырып сөз қылып қосар жерде
істелу керек дейді.
Əуелі бұл үш түрлі пікірдің дыбысын құрастыру керек
емес дейтіндер дұрыс емес. Дыбысты əдіс болмасқа керек,
онда жөн. Ал дыбысты əдіс болса, онда құрастыру болмаса,
ол шала болмақ. Екінші, əріптерді құрастырып оқыр кезде
істелу керек деген пікір де дұрыс емес:онда кеш болады;
592
ол жерде еш пайдасы тимейді; олай болғанда сөздің дыбы-
старын айырып үйретудің де қажеті жоқ. Оны жазу кезінде
істетуге болады. Біздің дыбыстарды айыра білу – соңра
жазуға керекгі бар нəрсе. Дыбыстарды құрастырып сөз құра
білу ол соңра оқуға керегі бар нəрсе; дыбысқа дыбысты қосу
əріпті əріпке қосудан жеңіл болады. Үйрету жеңілден баста-
луы керек: ол үйретудің негізгі дабыл жолы.
Əріптермен таныстыру. Сөздің дыбыстарын айыра
білгеннен кейін, түрлі дыбыстарды қосып сөз қыла білетін
болғаннан кейін əріп пен таныстыруға түседі. Əріп пен та-
ныстыру іреті əріптердің əліп-би кітебіндегі тұрған іретінше
болады. Əліп-би кітебінің басындағы бөлек əріптер немесе
сөздің ішіндегі əріптер мəселен – а, с болса, сол əріптер бар
сөзді алып, дыбыстарын айырады. Сонан соң пəлен дыбыс-
тың таңбасын мынау деп əрпін көрсетеді. Дыбыс таңбасы
əріп деп аталатынын да айтады. Сонан кейін жаздырады.
Басқа əріптердің арасынан іздеп таптырады.
Сонан кейін танытқан əріптерінен құрастырып сөз қы-
лып оқытады. Дыбыстарды айырту, құрастырып сөз қылу
дұрысталып істеліп, балалар əбдəн əдісін алған болса, сол
дыбыстардың əріптерін құрастырып, сөз қылып оқуға ба-
лалар қиналмайды. Бір-екі сөзді əріптен құрап оқығаннан
кейін тез əдісін алады. Алғашқы кезде сөзді ылғи буындап
қостырып оқытады. Сонан буындап оқып əдеттенеді. Буын-
дап оқу жаттыға бара қалыпты оқу түріне түседі.
* * *
Адағында ауропа жұрттары соңғы кезде қолданып жүрген
əміреке əдісі деген жалқылау-жалпылау əдісінің «тұтас
сөзді» тағы бір түсін айтып, сонымен əдіс жалпы тарихын
аяқтайық. Бұл ескі емлені жұрттың шығарған, ескі емлені
жұрттардың қолданып отырған əдісі. Ағылшын, пырансоз
жұрттарының емлелері араб емлесі сияқты ескі болады. Ескі
емлемен жазылған сөздің жазуы мен оқуы бір-біріне сəйкес
болмайды. Мəселен – арабтар «Тырқы» деп жазып, тарақи
деп оқиды. Ағылшын мен пырансоз емлесі онан да сорақы:
біз олардың емлесінше жазатын болсақ, жой деп жазып жұуа
деп оқыр едік. Ондай емлесі бар жұртқа дыбыстың құны
шамалы: сөзді сүгіретін жаттаумен танып оқиды; əріп тек
сүгірет мүшесінің орнына жүреді.
Бұл күнде бұл əдісті əр жұрт өз тілінің емлесінің ыңғайына
қарай əр түрлі тұтынып отыр. Нағыз өзінің шыққан жерінің
Əмерикеде тұтынуы былай: жылдың ортасына дейін кітап
қолдану жоқ. балалар оқытушының тақтайға жазғанын ғана
оқумен барады. Оқу əріптен не дыбыстан басталмайды.
Тұтас тұрған сөздерді оқудан басталады. Мəселен – бір бала
шегіртке ұстап əкелген екен. Оқытушы – «не əкелді» деп
балалардан сұрайды. «Шегіртке əкелді» дейді. «Шегіртке
əкелді» деген сөйлемді оқытушы тақтайға жазады. Өзі оқи-
ды, балаларға оқытады.
Сонан соң «шегіртке» деген сөзді кірістіріп басқа сөйлем-
дер алады. Оны жазады, оқиды, оқытады. Сөйте сөйте шегірт-
ке деген сөздің жазуы қайта-қайта ұшырап, балалардың дəп-
терінде қала-қала барып, əдбəн танып болып бірден тани-
тын болады. Бірден танитын болса, бірден оқитын болғаны.
Басқа сөздердің оқуын сол іретше үйретеді. Солай етумен
жарты жылдың ішінде 125 шамалы сөзді танып оқитын бо-
лады. Екі айдай сөздің дыбыс жағына жоламайды. Онан əрі
ғана балалар бырсыпыра сөздің оқуын енді біліп болды ғой
дегенде барып сөздің дыбыстарын айыра бастайды. Дыбыс
айыртуға тұқымдас сөздер алынады. Тұқымдас сөздерінің
дыбыстарының көбі бірдей болады. Дыбыс айыртуға түсерде
жаңа үйретілген сөздер тұқымдастығына қарай сұрыпталып,
бəрініненің астан бірі сатыланып жазылады. Соларды көре
көре оқи-оқи жүріп, сөздердің бəрінде де ұшырайтын ортақ
дыбыстардың үнін де, əрпін де айыратын болады.
Əмерикенңі жазуға үйретуге де оқуға үйретуі сияқты
əріптен басталмай бүтін сөздің жазуынан басталады. Бірақ
жеңілдік үшін бастапқы кезде əрпі аз сөздер алынады.
594
595
Достарыңызбен бөлісу: |