«ТІЛ ҚҰРАЛДЫ» ОҚЫТУДА ТƏЖІРИБЕ
Біраздан берлі түрлі мектептерде қазақ тілін оқытқанда-
ғы тəжірибенің қорытындысын ортаға салып отырмын. Біле-
тіндер кемшілігін, көрсетіп жол сілтесе алғысым бар.
«Кісі ақылы мен бай болғанша, өз ақылыңмен жарлы бол»
деп қазақ айтады. Сол сөз бұл күнде оқыту əдісінде көшулі.
Бұрын оқытушы білімді оқытушының ауызына шайнап
салатын еді; оқушы əзір тамаққа ие сияқты еді. Енді олай
болмасқа керек, оқытушы – жетекші, оқушы – тіміскілеп та-
бушы болу керек. Мұндағы мақсат – оқушыны оқытушы адам
баласының ежелден бергі жиған тəжірибесінің қорытынды-
сын құртып алатын дорбақылмай, адам баласының білім табу
сонарына салып қорытындысын да оқушыға таптыру. Сон-
дықтан жоғарыдағы айтылған қисында (теория)) қазақ тіл
құралына қалайша бейімдеуге болады, соған келейік. Мұны
көзге бадырайта көрсету үшін осы күнге дейін келе жатқан
үйрену жолы мен жаңада тұрпақталып келе жатқан үйрету
жолын қатар қойып салыстырайық.
Беретін сабағымыз қазақ сөзінің басына қай дыбыстардың
келіп, қай дыбыстардың келмеуі жөнінен, шеттен алынған
кей бір сөздердің бас əрпін өзгертіп алу жөнінен болсын.
Бұрынғыша сабақ беріп көрейік:
Қазақтың жуан сөзінің басына: р, ғ, к, г, ң, л, у, и, дыбыста-
ры келмейді; сондықтан бұл айтылған дыбыс таңбаларының
бірде бірі сөз басына жазылмайды.
Қазақтың жіңішке сөзінің басына: қ, ғ, р, г, ң, л, у, и, ды-
быстары келмейді. Сондықтан бұл айтылған дыбыс таңба-
ларының бірде бірі жіңішке сөз басына жазылмайды.
Шет жұрттың тіліне тілі көнікпеген қазақ бөтен жұрттың
ғылаж деген сөзін блаж, ғұзыр деген сөзін үзір, гүл деген
сөзін күл, ғиуаз деген сөзін қиуаз, рассиа деген сөзін ресей
дейді. Сондықтан ондай шет сөздердің бас əріптерін қазақ
сөзінің басына келетін дыбыстардың бірі мен іретіне қарап,
айырбастап аламыз. Мəселен: һəр деген сөзді əр, гер деген
сөзді кер, ғасыр деген сөзді асыр дейміз. Міне бұл берілген
сабақ əдісі оқытушыларымыздың осы күнге дейін малданып
келе жатқан дағдылы жолы.
Енді жоғарыдағы берілген сабақты тəжірибемізден
алынған жаңа жол мен беріп қарайық. Ол сабақты оқымаған
балаға қайсысы сіңімді болар екен. Сабақты берердің ал-
дында бір неше оқушылардан: «Сен, басына пəлен ды-
быс келген қазақтың жуан сөзін тап, деген сияқты сұрау
беріп оқушыларды сабаққа əзірлеп алу керек. Бұдан кейін
оқытушы төмендегіше тақтаға 24 əріпті жоғарыдан төмен
тарта жазып оқушыларға да көшіртеді.
598
599
Басына келген
қазақтың жуан
сөзін тауып
жазыңыз
Тауып
жазатын
орын
Басына келген
қазақтың жуан
сөзін тауып
жазыңыз
Тауып
жазатын
орын
«Ə»
1)
«Б»
2)
«П»
3)
«Т»
4)
«Ж»
5)
«Д»
6)
«Р»
7)
«З»
8)
«С»
9)
«Ш»
10)
«Ғ»
11)
«Ф»
12)
«Г»
13)
«Ң»
14)
«Л»
15)
«М»
16)
«Н»
17)
«О»
18)
«Ұ»
19)
«У»
20)
«Е»
21)
«Ы»
22)
«Й, И»
23)
Жоғарыдағы істегендеріңізге
қараңыз. Қазақтың жуан
сөзінің басына келмейтін
дыбыстарды теріп жазыңыз
(Жə болмаса, теріп айтыңыз).
Басына келген
қазақтың жуан
сөзін тауып
жазыңыз
Тауып
жазатын
орын
Басына келген
қазақтың жуан
сөзін тауып
жазыңыз
Тауып
жазатын
орын
««
24)
««
25)
««
26)
««
27)
««
28)
««
29)
««
30)
««
31)
««
32)
««
33)
««
34)
««
35)
««
36)
««
37)
««
38)
««
39)
««
40)
««
41)
««
42)
««
43)
««
44)
««
45)
««
46)
Жоғарыдағы
істегендеріңізге қараңыз.
Қазақтың жуан сөзінің
басына келмейтін
дыбыстарды теріп
жазыңыз (Жə болмаса,
теріп айтыңыз).
Бұдан соң мұғалім қазақтың жуан сөзінің басында,
жіңішке сөзінің басында қай-қай əріптер келмейтінін ауыз-
шада сұрап тиісті жауабын алады.
Оқушылар бұрын оқыған болып ұғымдары ұлғая түскен
болса бұдан басқарақ жол менен де жоғарыдағыны таптыруға
болады. Ол жол бұлайша: «Қазақтың 24 жуан сөзін табыңыз,
ол сөздердің басына қазақтың 24 дыбысы келмей қалмасын.
Тағы басына қазақтың 24 дыбысы келген қазақша 24 жіңішке
сөз табыңыз» дерде жоғарыдағыша əріптерді жоғарыдан
төмен қарай тізіп қояр.
Жоғарыдағыша жол мен оқушының өзінен таптырғаннан
кейін оқушы қазаққа бұрыннан сіңіске балаларға таныс, бас
əріптері өзгертілген шет сөздермен бас əрпі өзгертілмей
тұрғандағы жазылу түрін бұлайша қатар жазып көрсетеді.
Сарбай ұлы Шамғали
600
601
Достарыңызбен бөлісу: |