Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет237/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   248
Байланысты:
zhubaeva o khkh gasyr basyndagy kazak tili zhonindegi zertte

тарихшы сөзінің орнына историк деп қолдану керектігін айтады.
Қазақ тілінің сырын, мəнін терең түсінген қазақ зиялыларының 
қажырлы  еңбегінің  нəтижесінде  ана  тіліміздің  мүмкіндіктері 
ашылып, терминдерді ұлт тілінде жасауға болатыны белгілі бол-
ды. 1923-1924 жылдары  «Қызыл  Қазақстан»  журналында  «Білім 
ордасының қазақша ғылыми-əдебиет кеңесінде қабылдап алынған 
пəн сөздері» деген айдармен жарық көрген терминдер жарияланып 
тұрған. Сондай-ақ «Жаңа мектеп» журналында да Қазағыстан оқу 
кемесеретінің білім сексиесі алған пəн сөздері жарияланып тұрды. 
Алайда  бұл  үрдіс  ұзаққа  созыла  алмады. 1930 жылы  Мəскеуде 
Бүкілодақтық партия мəжілісінде терминологияны ұлт тілдерінде 
дамыту мəселесі сөз болып, оның негізгі принциптері белгіленді. 
Осы кезден бастап А.Байтұрсынұлы бастаған қазақ зиялыларының 
термин жасауда ұстанған принциптері теріске шығарылып «қазақ 
тілін өзге тілдердің бəрінен де оқшау ұстады, бөліп-жырып қара-
ды», «пуристік бағыт ұстады» деп сынға алына бастады. 
1933 жылы 22-маусымда Қазақстан Халық Комиссарлар Сове-
тінің  Мемлекеттік  терминология  комиссиясын  ұйымдастыру  ту-
ралы  қаулысы  шықты.  Осы  кезден  бастап  қазақ  тілінде  балама-
сы  болса  да,  басқа  тілден  енген  халқаралық  терминдер  мен  со-
ветизмдер  аударылмай  қабылдана  бастады.  Терминдерді  ұлт 
тілі  негізінде  жасауға  тырысқан  қазақ  зиялылары  қуғындалды, 
репрессияға  ұшырады.  Соның  нəтижесінде  қазақ  тілінің  термин 
жасау  мүмкіндігі  шектеліп,  қазақ  тілі  термин  қабылдағыш  тілге 
айналды. Мұндай үрдістің тілдің табиғи түрде дамуына кері əсер 
ететіні белгілі.
ХХ ғасырдың басында Ж.Аймауытұлы, Қ.Кемеңгерұлы, Т.Шо-
нанов еңбектерінде жергілікті тіл ерекшеліктері туралы сөз болып, 
оларды жинастырып, бастыру қажеттігі айтылады. Ж.Аймауытұлы 
бір  сөздің  түрліше  жазылып  жүргенін  айта  келіп,  оларды  біріз-
дендіру қажеттігін айтса, Қ.Кемеңгерұлы Сыр қазақтары мен Арқа 
қазақтарының,  бөкейліктердің  тілінде  жергілікті  сөздер  болаты-
нын айта келіп, Сыр қазақтарының əрекетін Арқа жағында «бəле» 
мағынасында  қолданатынын,  Арқаның  əжептəуірін  бөкейліктер 
«жаман»  деген  мағынада  ұғынатынын  ескертеді.  Қ.Кемеңгерұлы 
осындай сөздерді газет не журнал бетіне жариялап отырып, сөздік 
етіп шығару қажеттігін айтады. Өзі де «Қазақша-орысша тілмашта» 
жергілікті сөздерді беріп, оның мəні мен таралу аймағын көрсетіп 
отырады. Сондай-ақ басылым беттерінде қазақ тіліндегі ай атта-
ры,  метр  өлшеуіштері  туралы  да  танымдық  материлдар  беріліп 
отырған. 
ХХ  ғасыр  басындағы  зерттеушілер  жеке  тұрғанда  мағынасы 
беймəлім сөздерді теріп, жинастырып, оның қай тілден енуі мүмкін 
екені  туралы  ойланып,  осы  мəселеге  ерекше  назар  аударған. 
«Дұрыс па? Бұрыс па?» деген мақаласында Қ.Кемеңгерұлы «бойы 
еңгезердей», «құс  баласы  қырымға  қарайды», «дардай  болып 
балаға неге тиесің?», «Су ма, кереңді іш!», «мама бие», «мəре-сəре 
болдық», «шоқ-шоқ, саған аз!», «толағайланып қалды», «ұлан жаз-
дай əн салсаң»…, «шаңқа боз», «шаңқай түс», «қазақ көксілдері»
«қай заман мына заман, бағы заман», «сүмбіл шаш», «астан күпті 
болды», «мұнтаздай  болып  отыр», «жұрдай  болып  жүр», «төрт 
байыстың баласы» сияқты тіркес құрамында ғана кездесетін сөз-
дерді əңгіме етеді. Ғалым түркі, монғол (мағыл – Қ.Кемеңгерұлы) 
тілдерінің тектес екенін, кейбір сөздердің ортақ екенін айта келіп, 
жоғарыда  келтірілген  сөздердің  бірқатары  монғол  тілінен  кіруі 
мүмкін  екенін  ескертеді.  Сол  сияқты  бағы  (самозванец),  сүмбіл 
(колос),  мұнтаз  (отличный)  сөздерін  əзербайжан  тілімен  байла-
ныстырып, шоқ-шоқ (много-много) сөзін түрік тілінен енуі мүмкін 
деген жорамал айтады. «Бұлай шендестіру дұрыс па, бұрыс па?» 
деп  ой  сала  отырып,  Қ.Кемеңгерұлы  еңгезер,  кере,  мама,  жұр, 
көксіл, күпті деген сөздердің түпкі мағынасын білетіндер болса, 
ойын  жария  етуді  өтініп,  бұдан  былай  осындай  сөздерді  баспа 
бетінде жариялап, жинастыру мəселесін көтереді. Бұл – ғасыр ба-
сында  қазақ  білімпаздарының  оқулық  жазу,  алфавит,  емле,  жазу 
мəселелерін  сөз  етумен  қатар  тіл  білімінің  өте  күрделі  де  қиын, 
таласы мол саласы – этимологиямен де айналысып, осы салада ба-
тыл да дəлелді тұжырымдар жасап отырғанын танытса керек.
 Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңдегі зерттеуші, ға-
лымдардың тұжырымдары бүгінгі таңдағы ғылым жетістіктерімен 


650
651
сəйкес  келуі‚  бір  жағынан‚  өткен  ғасырдың 20-жылдарында  тіл 
білімінің  қаншалықты  құлаштап  алға  басқанын  көрсетсе‚  екінші 
жағынан‚  репрессия  зардабының  нəтижесінде  ғылым  дамуының 
қаншалықты тежелгенін де танытса керек. Ірі тіл білімпаздарының 
қудаланып‚  еңбектеріне  тыйым  салынуы‚  жазудың  өзгеруі  қазақ 
тіл білімінің өз деңгейінде дамып жетілуіне кері əсер еткені дау-
сыз. 
Бұл  жинаққа  ХХ  ғасыр  басында  басылым  беттерінде  жарық 
көрген қазақ тіліне қатысты мақалалар, 1929 жылғы емле конфе-
ренциясы еніп отыр. Мақалаларды оқи отырып, тіліміздің дамуына 
ықпал еткен лингвистикалық жəне экстралингвистикалық фактор-
ларды анық байқауға болады. Мақалаларды беруде шартты түрде 
емле, фонетика, əліпби, жазу мəселесі, лексикология, грамматика, 
əдістеме, сын,  əлеуметтік лингвистика түрінде жіктедік. Сол кезде 
талас тудырған мəселелерді (мəселен, Қазақстан сөзінің жазылуы, 
у,  и  дыбыстары  т.с.с.)  байланысты  қатар  бердік.  Сондай-ақ  ай-
тыстар, жауаптар да газетте жарияланған ретіне қарай, бірінен соң 
бірі  келтірілді.  Жинақ  көлемі  көтере  алмағандықтан,  сол  кездегі 
мақалалар толық ендіре алмадық. Болашақта бұл бағыттағы ізде-
ністерімізді  жандандырып,  əлдеқайда  толық  етіп  шығару  ойы-
мызда бар. ХХ ғасырдың басындағы нормаларды сақтауға тырыс-
қанмен,  барлық  жерде  сақтау  мүмкін  болмады  (қазақ  тіліндегі 
и  дыбысы  дауыссыз  болғанмен,  оны  қысқа  и  (й)  емес,  ұзын 
и-мен  таңбаладық).  Жинақ  негізінен  лингвистерге  ғана  емес, 
көпшілікке арналғандықтан, оқуға ыңғайлы, түсінікті болу жағын 
да ескердік.  
Енді жинаққа енген мақалалардың, еңбектердің қай басылымда 
жарияланғанына тоқталайық: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет