Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет236/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   248
Байланысты:
zhubaeva o khkh gasyr basyndagy kazak tili zhonindegi zertte

арба, жел-бау, көзі қорақты, жол соқты, аты сұрау, қан сұрау, 
күн елту, əр кім, бір жола, еш деңе) тұтас жазылсын.
3. «Кенжеғұл», «Аягөз», «кетпен», «жоңқа», «Бұрамбай», сияқ-
ты бір мəнілі сөздердің ішіндегі дүдəмал дыбыс естілуінше жазыл-
сын.
4. Бір мəнілі сөз деп қандай сөздерді айтуға болады? Кей бір 
дыбыстары жоғалыб, екі түбірден кірігіб қысқарған сөзді айтамыз 
ба? Сөйлем ішіндегі мəнісіне (сұрауына) қараб, бір мəнілі деб табу 
керек пе? Болмаса, басқа өлшеуіш бар ма?
5.  Тұтас  сөзді»  ішіндегі  «з», «ж», «ш», «с»  дыбыстары  есті-
луінше  емес,  түбірінше  жазылсын  (тас – тасша,  таз – тазша, 
тəж – тəжша, ас – асша). 
6.  Түбірдің  дыбысына  жалғау,  жұрнақтың  дауыссыз  дыбысы 
ықпал етпесін (түн – түнгі боп жазылсын, естілуінше түңгі боп 
жазылмасын).
7. л, р, у, и-ден басталатын сөздерде (қаб, лосу, рабай, рұқсат, 
уақыт, ійне)  ы, у      дыбыстары сөз басында дүдəмал естілсе жа-
зылмасын.
8.  Есімшені» «тұн»  жұрнағы  (баратұн,  келетүн)  естілуінше 
«тін» боб жазылсын. «Үшін», «Үркер» сияқты сөздерде ү, ө, і, е 
жазылсын.
9.  Демеу  жалғауының  қосалқы  қосымша  сөздер  (ғой,  ғана, 
дама, мен) дыбыстары естілуінше, түбір сөздер сызықша мен айы-
рылыб жазылсын (берді-ғой, рас-қой, шақ-қана, жүрсек-те, алды-
ма, келіб-бе, адам-мен, еп-пен, болыб).
10. Сын есімді күшейтетін үстеу буындар (қаб-қара, об-оңай
естілуінше қосылыб жазылсын.
11. «ау», «ай»,  одағайлар  сөзге  тіркелгенде  (япырмау,  жаны-
май)  бірге  жазылсын,  сөзден  бұрын  келгенде,  бөлек  жазылсын 
(Ай, Асан).
12. «Еке» (аға, еке) жұрнағы өзге жұрнақтарша түбірге бірігіп 
жазылсын (ағаеке).
13. Кейбір көмекші етістіктер ( бар, жүр, еді, ген еді ) етістікпен 
бірге иə сызықша мен айырылыб жазылсын.
14. «сын», «сың» боб қысқарыб айтылатын «соң» сөзге келген-
де бірге жазылсын (барғансоң, онсын)
Емле жөнінен тағы қандай ұсынатындарыңыз бар?
Осыған  байланысты  басылым  беттерінде  ұсыныстар  жасаған 
көптеген мақала жарық көреді: А. Байтұрсынұлы «Емле туралы» 
(1929, 27 наурыз); «Емле  жайындағы  пікірлер»; (Ақдəулетұлы 
Əбділдə,  Мұқанұлы  Сəбит,  Есенғали  Манабайұлдарының  пікір-
лері) (1929, 28 наурыз);  Қайменұлы  І. «Емлені  түзету  туралы» 
(1929,  10,19 наурыз);  Мамытұлы  «Емле,  пəн  атаулары  туралы» 
(1929, 19 наурыз);  Марғұланұлы  Ə. «Жазу  мəселесі» (1929, 16-
17 тамыз);  Аймауытұлы Ж. «Əліпби емлесіне түсінік» (1929, 18 
ақпан); «uv, ьv,іv,yv» (1929, 9 наурыз);  «Əдеби  тіл  мен  емле» 
(1929, 12 мамыр) т.с.с. 
Орталық  Атқару  Комитетінің  президиумы  мен  Халық 
Ағарту  Комитетінің  шешімі  бойынша 1929 жылы  Қызылордада 
емлені  реформалауға  байланысты  конференция  шақырылды. 
Сөйтіп,  жаңа  жазудың  графикасы  мен  орфографиясы  жəне  емле 
принциптерін айқындау жəне қазақ тілі емле ережесін талқылау, 
қабылдау үшін 1929 жылы 2-4 маусым аралығында Қызылордада 
ғылыми орфографиялық конференция өтеді. Конференцияда осы 
уақытқа  дейін  емлеге  байланысты  ұсыныстар,  айтыс-таластар 
қорытындыланып, жаңа алфавитке сай жаңа емле қабылданады. 
Жаңа əліпбиге көшуге байланысты емле мəселесінде бірқатар 
таластар,  қайшылықтар  пайда  болды.  Олар  сол  кездегі  басылым 
беттерінде жарияланып, көпшіліктің талқысына ұсынылып, түрлі 
пікірталастар  мен  айтыстарға  негіз  болды.  Ондай  мақалалардың 
қатарында  Аймауытұлы  Ж. «Емле,  əріп  жайында», «Емлені 
өзгертуге жоба», «Тағы да емле туралы», Байтұрсынұлы А. «Қазақ-
стан мен Қазағыстан туралы», «Емле туралы», Дулатұлы М. «Емле 
өзгерту жайында», Залыұлы Н. «Қазақша жазу туралы жаңа ереже-
лер», Қайменұлы І. «Емлені түзету туралы», Аманжолов С. «Жа-
ңа  емленің  кейбір  дыбыстарын  өзгерту,  емле  мен  терминдерді 


646
647
дұрыстау  туралы»,  Мамытұлы  А. «Емле,  пəн  атаулары»,  Омаров  Е. 
«Айнымалы  дыбыстардың  жазу  ережесі»,  Тоқжігітов  Ж. «Бас 
əріптің керегі жоқ», Уəлитов Ш. «Емлені өзгерту жайында», Шай-
мерденов Е. «У» мен «И»,  Байтоғайұлы Б. «Қос сөздер туралы», 
Омаров  Е. «Емле  мəселесі»,  Шонанов  Т. «Шет  сөздердің  імлəсі 
жайында»  т.б. атауға болады.
Латын əліпбиіне көшкеннен кейін туындаған күрделі мəселенің 
бірі – бас əріп  мəселесі еді. Ондай мақалалардың қатарына: «Бас 
əріпті былай алайық» (1929,  26 қараша); «Бас əріп туралы айтыс» 
(1929,  2 желтоқсан);  Ш.Тоқжігітов «Бас əріптің керегі жоқ» (1929,  
2 желтоқсан);  «Бас əріп керек» (1930,  4 ақпан); «Бас əріп керек пе, 
жоқ па?» т.б. жатқызуға болады. Бұл мəселеге əсіресе оқытушылар 
белсене үн қосқаны байқалады. Олар негізінен əдістемелік жағын 
жақсылап тексеруді, яғни «бас əріп, кіші əріпті жеке-жеке оқыту 
керек пе, жоқ əлде бас жəне кіші əріптерді бірге оқыту керек пе?» 
деген сауалдарға қатысты өз пікірлерін ортаға салды. 
Қазақстанда бұл мəселе көп талас тудырды. Бір тобы «бас əріп 
керек» десе, екіншілері «бас əріп керек емес» деген  пікірде болды. 
С.Əміржан  «Бас    əріп  не  үшін  керек?»  деген  мақаласында: «Бас 
əріп – оқудың  кілті  жеке кісі əріптер болса, адамның көзін же-
тектейтін тізгін, жазғанды тез аңғаруына бастайтын ірі таңба – үлкен 
əріптер. Бетпақтың шөліндей тірі жансыз құм  далада адасқан адам 
тəрізді – бас əріпсіз  жазуда да адам  көзін  алып жүре алмақ емес. 
Екіншіден,  оқу-жазудың, психологиялық негізі  бойынша қалыпты 
оқу, безендіріп оқу, сөздің мəнісіне лайық дауысты өзгертіп оқу, 
тынатын  жерде  тыну  үшін  бас  əріп  керек.  Əріп    неғұрлым  ұсақ 
болса  (газет  əрпі) – жай  тыныс  белгілері  байқалмай – көбінесе 
үлкен  əріптерге еріп оқыймыз. Бас əріп іле сала танылатын ірі ты-
ныс  белгілері есебінде. Үшіншіден, қазақ тілі, əдебиеті енді ғана 
көркейтуге,  баюға,  мəдени  керектің  барлығын  өтеуге  бет  алып 
отыр. Мəдени  керегіміз ішінде мемлекеттік маңызы  бар «кеңес 
тілі,  заң тілі, телеграп маңдай жазуы, пылакат, ұран барлығы бар. 
Бұларды  мəдени түрде  жазғымыз келсе, бас əріп керек. Əліппенің 
интернационалдық мəні  жай  түрінен де – бас түрінде № – өмір  
жер жүзінде бірдей алынған. Мысалы, орыстағы СНК ВКП (б) де-
ген  орында  біздерде SNK, BKP (в)  десек,  бұл  көп  жеңіл.  Басқа  
жай сөздерден айырылмай оңаша көрінбей қалады». Автор сауат-
тану  ісіне  бас  əріптің  ешқандай  зияны  болмайтынын  айта  кетіп, 
жер-су атауларын, адам аттарын бас əріппен жазуды ұсынады. 
Ал Қ.Басымов «Бас əріп – қол бөгеу» («Еңбекші қазақ. 1930 ж. 
4 февраль. № 28) деген мақаласында бас əріпті алсақ, оның араб 
əліпбиіне айырмашылығы болмай қалатынын, қайта оқыту мүлде 
қиындайтынын  айта  келіп,  былай  дейді: «Бас  əріптің  баспа  түрі 
мен жазба түрі бір-біріне ұқсас келмейді. Жазуда  бір төселдірсек, 
баспада қайтадан төселдіруге тура  келеді. Оқу-жазу да, қай  жа-
ғынан  болса  да  аяқты  орап  салады  да  отырады.  Жұмыстан  жұ-
мыс  туғызып,  еңбекті  еш    келіп  адымыңды  аттатпайды.  Қосар  
əріптің бұл қылығы сау басқа  сақина тілеп  алған  емей не?».
Бүкілодақтық Орталық жаңа түркі əліпбиі комитетінің І плену-
мында бас əріпті жою не сақтау  туралы  мəселе  қойылып, онда 
бас əріпті алмау туралы шешім қабылданады. Ал 1930 жылдың 11 
сəуірінде Қазақстан Орталық атқару комитетінің   «Бас əріпті алу 
туралы» қаулысы шығады. Онда: «1931/ 32 оқу жылына арналған 
оқу құралдары бас əріппен басылсын, барлық мерзімді əдебиет 1931 
жылдың бірінші қаңтарына шейін барлық оқушыларын бас əріптің 
түрі мен ережесімен таныстырып болсын да, сол күннен бастап бас 
əріпке көшсін, 1931 жылдың қаңтарынан бастап оқу құралдары бас 
əріппен басылсын» деген т.с.с. қаулыларды қабылдайды.
ХХ ғасыр басында қоғамдағы ірі өзгерістер, ғылым мен техни-
каның, мəдениеттің дамуы көптеген жаңа ұғымдар мен түсініктер-
ді қалыптастырды. Ғылым, өнер-білім, экономика саласында қазақ 
ұғымына жат жаңа сөздер, атаулар пайда болды. Сол себепті баспа-
сөз бетінде бұл мəселеге ерекше орын берілді.  
1922 жылы Қазақстанда жат сөздерді, пəн атауларын қазақша-
ландыратын комиссия құрылады да, оны А.Байтұрсынұлы басқа-
рады. Комиссия жат (өзге тілдік) сөздерді қабылдауда мына прин-
циптерді басшылыққа алған:
а) жат атаулардың мағынасын түсіндіргендей қазақ сөзін алу;
ə) оған қолайлы қазақ сөзі болмаса, түркі сөзін алу;
б) түркі сөзі де тура келмесе, қазақ тілінің заңына үйлестіріп, 
еуропа сөзін алу.
Жат сөздерді «өзге жұрт тілдерінде айтылуынша ешбір бұзбастан, 
айнытпастан алу керек. Кəзір Қырым, Əзірбайжан сықылды өзге ұлт 
респөбликелері де солай алып жүр. Біз неге сүйтпейміз?» – деушілерге 
Х.Досмұхамедұлы «Жат сөздерді қолданғанда, тілімізге ылайықтап 
алу керек. Жат сөздерді өзгертпей, бұлжытпай алатын жер дүниеде 
тіл жоқ деп айтса да болады… Жат сөздерді өзгертпестен алып, бас-
тапқы  жат  қалыбымен  тілге  сіңіреміз  дегендік – шатасқандық.  Бұ 
жолда жүрген адамдар тілімізге орасан зиян келтіреді», – деп жауап 
берсе, А.Байтұрсынұлы «Сəбитке жауап» деген мақаласында: «Жат 
сөздерді басқалар, мəселен, орыстар өз тілінің заңына үйлестіріп ал-
ғанда, солай алуға біздің де қақымыз бар»,– дейді. 


648
649
1924 жылы Орынборда өткен қазақ білімпаздарының тұңғыш 
съезінде жазу, əліппе мəселелері, оқу, ғылым кітаптарын көбейту, 
бастауыш мектеп бағдарламаларын дайындау шараларымен қатар 
термин (пəн сөзі) мəселесі де арнайы сөз болды. Онда Елдес Омаров 
баяндама жасап, Х.Досмұхамедұлы, М.Дулатұлы, М.Тұрғанбайұлы 
т.б. қоштап сөз сөйледі. Съезде, негізінен, терминдерді қазақтың 
өз тілінен алу, одан табылмаса, басқа түркі халықтарының тілінен 
іздеу, одан да табылмаса, Еуропа халықтарының ортақ терминдерін 
қазақ  тілінің  дыбыстық  заңдылықтарына  келтіріп  алу  керектігі 
айтылды.  Съезде  сөйлеген  сөзінде  де, «Жат  сөздер  туралы»  де-
ген  кітапшасында  да  Н.Төреқұлов  түркі  тілдерінен  сөз  іздемей-
ақ  «делдалсыз  тура  аурыпадан  алуды»  ұсынады  да,  бибауырмал 
дегеннің орнына интернационалтарих сөзінің орнына история


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет