Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет234/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   248
Байланысты:
zhubaeva o khkh gasyr basyndagy kazak tili zhonindegi zertte

е  дыбысының  ə-ден  немесе  і-ден  тууы  мүмкіндігін  айтады.  Ға-
лымның тұжырымының дұрыстығы бүгінгі таңда анықталып отыр. 
Ə.Жүнісбеков е дыбысының и мен і дыбыстарының қосындысынан 
тұратынын,  яғни  и  – 40 %, і – 60 % құрайтынын  эксперимент 
арқылы дəлелдеп берді. Бұл дыбыстар айтылуда да бірінің орнына 
бірі қолданыла береді. Мысалы: міне – міні, бəйге –  бəйгі, ешбір – 
ішбір, ешкім – ішкім, бəтеңке – бəтіңке т.б.
ХХ ғасырдың басындағы зерттеуші, ғалымдардың арнайы сөз 
еткен  мəселелерінің  бірі – ж,  ш,  и  дыбыстарының  жіңішкелікке 
бейімдігі туралы. Ол туралы 1929 жылғы емле конференциясын-
да  да  сөз  болады.  Т.Шонанов  тезистермен  таныстыра  келіп,  ж, 
ш,  и  дыбыстарының  кейбір  сөздерде  жуан,  кейде  жіңішке  (мы-
салы:  шай – шəй,  жай – жəй,  тыйын – тійін)  айтылу  тенден-
циясы  бар  екендігін,  сондықтан  жазуда  əркелкілік  болмау  үшін 
мұндай сөздерді қалай жазу керектігі туралы арнайы ереже жасау 
керектігін айтады. К.К.Юдахиннің: «Құрамында ж, ш, и дыбыста-
ры бар сөздер бір жерде жуан, ал енді бір жерде жіңішке айтылуы 
мүмкін.  Оның  қайсысының  дұрыс  болатыны  туралы  тезисте  сөз 
қозғамай-ақ  қойса  да  болады», – деген  пікіріне  Қ.Кемеңгерұлы 
қарсылық  білдіріп,  бұл  дыбыстардың  жіңішкелікке  бейімдігі 
заңды құбылыс екендігін дəлелдейді. 
Қазақ  тілінің  дыбыстық  жүйесін‚  емле  мəселесін  сөз  еткен 
Қ.Кемеңгерұлы‚ Е.Омаров‚ Т.Шонанов т.с.с. ғалымдардың тұжы-
рымдарынан Қазан мектебінің өкілдері – И.А.Бодуэн де Куртенэ‚ 
В.А.Богородицкий  т.б  ғалымдардың  əсері  байқалады.  Қ.Кемең-
герұлы  «фонема»  атауын  қолданып‚  фонема‚  дыбыс  пен  əріптің 
айырмашылықтарын түсінген‚ дыбыстардың корреляттық байла-
нысын‚  психофонема  теориясын  т.б.  анықтауы  жағынан  И.А.Бо-
дуэн де Куртенэнің еңбектерімен таныстығы байқалады.  Мəселен‚ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет