642
643
4. Қайсысы баспаға қолайлы?
5. Үйретуге (сауат ашуға) қайсысы оңтайлы?
6. Көркемдік пен көзге жайлылық жағынан қайсысы артық?
Аталған сұрақтарға нақты дəлелдермен мысал келтіре отырып,
А.Байтұрсынұлы латын əрпінің керексіздігін толық дəлелдеп, мы-
нандай қорытындыға келеді:
1. Араб əрпі латын əрпінен жазуға, оқуға оңай онысын сауатты
адамдардың күндегі ісінің жүзінде көп пайдалы болып шығады.
2. Сауат ашу жүзінде араб əрпінің қолайлысы латын əрпінен
артық.
3. Баспа ісі араб əрпінің ескісі латын əрпінен төмен, жаңасы
артық.
4. Машиналарға орнатуға араб əрпінің жаңасы латындікінен
анағұрлым артық, ескісі де орнатуға келетінін іс көрсетіп отыр.
5. Араб əліпбиінің əрпі қазақ тілінің дыбыстарына толық,
жеткілікті, қандай емле жасауына да келеді. Қазақ емлесі өте оңай,
бұқараға қолайлы емле.
Сөйтіп, екі əріпті салыстыра келіп, əріп алмастыру мəселесін
дəріптеп көтеруге орын жоқтығын көрсетеді: «Бұл сияқты мəсе-
лені көтеріп, уақытын шығын қылып жүргендер болса, оны ерік-
кен адамдардың ермегі есебіндегі құр қиял деп білеміз». А.Байтұр-
сынұлы сол кездегі араб əріптерінің жалғыз кемшілігі – əріптерінің
сұлу еместігі дей келіп, оның сұлу болмайтын себебі – «араб қарпі
түсіне енбеген орыстың шелек жасайтын шеберлеріне істететіп
отырғанын» айтады: «Мекемелер қазақ машинасын керек қылып,
қаржысынан қашпай істетпекші болса, онда шелек жамайтұн ше-
берге істетпей, зауытқа істетуге болады. Онда қарыптардың сұлу-
лық жағынан міндері де жоғалады», – дейді.
Əріп таңдау мəселесіне мұғалімдер де үн қосқан. Оның ішінде,
əсіресе Мұстапаұлы Сейітбатталдың «Тағы да əріп туралы», «Өзі»
(лақап ат), «Не деген жаны берік көк шолақ», Жанақыметтің «Ла-
тын əрпі жайында» сияқты мақалаларды айтуға болады.
С.Мұстапаұлы араб əрпінің пайдалы жақтарын былайша көрсе-
теді:
1. Қазақ (араб) əліббиінде 24 əріп бар оның қолжазбасы мен
баспасы бірдей. Латында олар екі бөлек, сонда саны 48 болады.
Көптен азды үйреткен жеңіл.
2. Латын əрпінде бір сілтеумен жазылатын əріп жоқ, араб əрпі
жазуға оңай.
3. Солдан оңға қарай жазған жеңіл.
4. Үнемшілдігі жағынан пайдалы.
5. Машинаға салуға ыңғайланды.
6. Мəдениетке жету үшін мектеп үйі, оқу құралы,
оқытушы
т.б. керек, – дей келіп, «Енді біз, мұғалімдердің айтатынымыз –
бізге оқытуға кітап керек, əріп керегі жоқ», – деп қорытады.
Жанақымет «Латын əрпі жайында» деген мақаласында латын
əрпінің «қошқар мүйізді, əшекейі көп екендігін» айта келіп, ондай
əріптің құюы да қымбатқа түсетінін дəлелдейді. Автор тез үйрену,
тану жағына келгенде, араб əрпімен үйренген бала латын əрпімен
үйренген баладан бес күн бұрын танитынын дəлелдейді. Соны-
мен қатар латыншыл болып жүрген азаматтардың өздері де латын
əрпімен дұрыс оқып, жаза алмай жүргенін айтады. Араб əліпбиін
жақтаған мақалалардың ішінде тағы бір ерекше көзге түсетіні –
«Өзі» деген псевдониммен берілген «Не деген жаны берік көк
шолақ!» деген мақала. Ол «Еңбекші қазақтың» № 312 сонындағы
латын əллібиін жақтаған мақалаға жауап ретінде жазылған.
Онда латыншылардың араб əрпінің кемшіліктері деп көрсеткен
тұстарына жауап береді. Мысалы, латыншылардың «араб əрпі кəрі
əрі бұл əріппен «Құран» жазылған деген сөзіне «Латын əрпі араб
əрпінің бабасы болатынын, онымен «Інжіл» жазылғанын қарсы
қояды. Араб əрпінің ірілі-ұсақты əріптері тез танылып, оқылуына
көмектеседі, латын əрпі біркелкі болғандықтан, осы əріпті пайда-
ланатын елдерде көз науқастары да көп екенін көрсетеді, əрі көз
ауруына байланысты сөздердің, атаулардың бəрі Еуропа елдерінен
шығып жатқанын, бұл осы елдерде көз науқасының көптігінен деп
көрсетеді.
Араб əліпбиін жақтаушылар ғылыми негізге сүйеніп,
қолдағы
бар əліпбидің артықшылық жақтарын көрсетіп, «латын əрпінің
араб əрпінен гөрі көзге көрініп тұрған артықшылығы, бадырырай-
ып тұрған пайдасы» жоқтығын (А.Байтұрсынұлы) дəлелдегенмен,
үкімет орындары латын графикасына көшуді жақтайды. 1929
жылы 24 қаңтарда «Жаңа алфавит туралы» Қазақстан Орталық
Кеңес комитеті президиумы мен халық Комиссарлар кеңесінің
қаулысы шығады. Одақтың жаңа əліпби комитетінің ІІІ пленумын-
да қатысқандар жаңа əліпбиді «Жұмысшы-қара шаруа əліпбиі»
деп айту керек деп ұсыныс айтады.
Латын əліпбиін енгізу шаралары іске асады. Одақтық жаңа əліб-
бе кіндік комитеті құрылады. Кіндік комитетінің əр түрік респуб-
ликасынан өкілдері болды. Кіндік комитетінің төрағасы Самат
Ағамалыұлы болды. 1929 жылдың жаңа оқу жылынан бастап,
Қазақстандық барлық оқу орындарында оқуды жаңа əліббимен
жүргізуге шешім қабылданды. «Еңбекші қазақ» газетінің бетінде
644
645
1929 жылдың 20 ақпанынан бастап «Уроки казахского языка для
европейцев» деген атпен жаңа əлібби сабағы (80 сабақ) жүйелі түр-
де басылып тұрған. 1927-1928ж. «Еңбекші қазақ», «Жаңа мектеп»,
«Лениншіл жас», «Тілші» газеттерінде жаңа латын əліпбиінің жо-
басы, сол графикамен басылған тақырыптар жариялана бастайды.
1929 жылғы 18 ақпанда «Еңбекші қазақ» газетінде Қазақстан
Орталық жаңа əліпби комитетінің емле мəселесі туралы тіл
білімпаздарына, оқушыларға, барлық жазушыларға ашық хаты
жарияланады. Онда 1929 жылдың 20 наурызында Қазақстан
оқу комиссиариаты шақыратын білімпаздар съезіне дейін емле
мəселелері талқылануы керектігін ескерте келіп жан-жақты ем-
леге енген өзгерістерге оқушылардың пікірлерін сұрайды. Ондай
өзгерістер:
1. Ұзын «ұу», «сұу», «асыулар» бір түрде (ұу) жазылыб,
(жіңішке естілгенде де) бір түрлі үу жазылсын.
2. Бірнеше түбірден құралған бір мəнілім сөз (
бас алқа, от
Достарыңызбен бөлісу: