Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет29/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   248
Байланысты:
zhubaeva o khkh gasyr basyndagy kazak tili zhonindegi zertte

ҚАЗАҚША ЖАЗУ ЖАЙЫ
Төңкерістен бұрын қазақ тілінде жазу болған жоқ. Біздің 
оқыған  азаматтарымызəуелде  бастап  оқығанда,  иə  орыс-
ша  оқығанда,  иə  арабша  оқыған.  Олар  араб,  орыс  тілінің 
заңдарын  да,  жазуын  да  жақсы  біледі.  Жазғанда  көбіне 
сол  тілдермен  жазады,  арабша,  орысша  жазған  кітаптарды 
оқиды. Оқығандарымыздың қазақ тілін, қазақша жазуы керек 
қылатындары санаулы. Бұлардың көбі қазақ тілін шұғылданып 
тексерген  емес,  тек  анда-санда  басқа  жұмыстардан  қолы 
босаған кезде ғана ермек қылады. Бұлардың қазақ тілін ке-
рек  қылуы  бекзада,  байлардың  бұқараға  жаны  ашығаны 
сықылды, Лонд Жорждың бұқарашылдығы сықылды.    
Бұл сын əсіресе орысша оқығандарға  дəл келеді. Орысша 
оқығандардың көбі орыс тілін жақсы біледі. Орысша сөйлей 
білуі артықшылық деп түсінеді, қазақ тілін менсінбейді. 
Қазақша жазу ережелері төңкерістен бұрын «Оқу құралы», 
«Тіл – құрал» болып зерттеліп шығып еді. Ол ержелерді мінсіз 
деуге  болмайды.  Сүйтсе  де  жоқтан  артық,  үйретуге  жеңіл 
еді.  Жеңілдік  жағынан  басқа  елдердің  жазу  ережелерінің 
қайсысымен де таласуға жарайтын еді, орысша жазу ереже-
лерінен  анағұрлым  жеңіл  еді.  Біздің  оқығандарымыз  осы 
күнге  шейін  сол  жеңіл  ережелерді  де  алған  жоқ.  Жалпы 
оқығандарымыз қазақ тілін – қазақ тілін керек қылмайтындар 
түгел (оларға не қылса да, рауа ғой) қазақша бала оқытатын мұ-
ғалымдарымыз, қазақша кітап жазатын жазушыларымыздың 
да көбі сол ережелерді жете білмей, қазақша жазуды қатасыз 
жаза  алмайтын  еді.  Мұны  ереженің  жеңіл  болмағанынан 
көріп, қазақша білім кеңесі сол ережелерді тағы да жеңілдетіп 
шығарды. Бірақ оқығандар оны да үйрене алатын емес. Оны 
да  бір  түрлі  қиын  көреді.  Жазуды  тағы  да  жеңілдету  керек 
деп, əркім əр түрлі жобалар ұсынады. Дұрысы: ереже жеңіл 
орысша жазу ережелерінен қазақша жазу ережелері  бес есе 
жеңіл. Оны ешкімнің үйрене алмай отырғаны: ешкімнің оны 
үйренгісі келмейді, ешкім қазақ тілін менсінбейді. 
Орысша  жазу  ережелерін  жақсы  біліп,  орысша  жазуды 
қатасыз жазатын болу үшін бірнеше жыл оқу керек. қазақша 
жазу  ережелерін  бастауыш  мектепте  бірнеше  ай  оқыған 
жеті-сегіз  жасар  балалар  да  жақсы  біледі,  қазақша  жазуды 
қатасыз жазды. 
Сүйтсе  де,  біздің  жазу  ережелеріміз  мінсіз  деуге  бол-
майды.  Жазу  ережелерінің  жеңілдік  жағынан  да,  мағына 
(қазақ тілінің негізгі қасиеттеріне келу-келмеу) жағынан да 
кемшіліктер жоқ емес. 
Ол  кемшіліктердің  біреуі  Жүсіпбек  айтқан  сүйеу  таяқ. 
Сүйеу таяқтың бес тиынға да керегі жоқ. Сүйеу таяқ жоғалса, 
жазу жеңілденеді. Бұған ешкім таласпас деп, мұны Жүсіпбек 
те көп сөз қылмаған екен. Біз де осы түрде қысқартайық. 
Жазу ережесінің тағы бір кемшілігі – «ы» туралы ереже, 
«ы»-ның ашық буында ғана жазылып, бітеу буында жазыл-
мауы.  Бұл – үлкен  кемшілік.  Қазақ  тілінде  «ы», «ұ»  деген 
орыста да, арабта да жоқ. Дауысты дыбыстар бар. Бұл ды-
быстар  орыс  тілінде  жоқ  болған  себепті,  орысша  оқыған 
азаматтарымызға  бір  түрлі  ерсі  көрінеді.  Орысша  «благо-
ство» деген сөздің «б», «т» дыбыстарының артында да сон-
дай  «л»  дыбысы  сықылды  дыбыс  бар.  Бірақ  орыстар  оны 
жазбайды.  Ол  дыбыс  үшін  арналған  əрпі  жоқ.  Сондықтан 
олай көмескі етілетін дыбыстарды біздің де жазбауымыз ке-
рек екен. Орыс тілін жақсы білетін азаматтар осылай дейді. 
Жүсіпбек  те  дəл  осылай  демегенмен,  осыған  жақыдатқан. 
«Ы»  бұрынғысынша  ашық  буындарға  ғана  жазылып,  бітеу 
буындарда жазылмайтын болсын, бірақ ол туралы өз алды-
на  ереже  болмасын, – дейді. «Ы»-ның  тұрлаусыз,  көмескі 
дыбыс екенін ыспаттау үшін «қасық» деген сөз бен «мұрт» 
деген  сөзді  салыстырып, «қасық»  та  «ы»  бар  екені  анық 
естіледі де, «мұрт» деген сөзде («р» мен «т»-ның арасында) 
«ы» анық естілмейді, – дейді. Жүсіпбектің мұнысы: орысша 
оқығандығына барып, қазақ тіліндегі «ы» дыбысын орыстың 
«благо» деген сөзінде «б»-дан соң естілетін дыбыс сықылды 
деп  жоруынан  жəне  жалпы  оқығандардың  салтына  түсіп, 
қазақ тілін жете тексеруге менсінбей, тек ермек қылып, кезі 
келгенде ғана соғып өтетін болғандығынан. 
Қазақ тілі ермек емес, ғылым жөнімен тексеруге жарай-
тын  тіл.  Қазақ  тілінің  өзіне  ғана  меншікті  қасиеттері  бар, 


66
67
заңдары  бар,  өзгеше  дыбыстары  бар. «Ы»  деген  дыбыс – 
қазақ  тілінің  негізгі  дыбыстарының  бірі.  Қазақ  тілінде  сол 
«ы»-дан  көп  айтылатын  дыбыс  жоқ. «Жылқы», «түлкі», 
«тары», «сары» деген сөздерде келетін «ы» орыстың «окно», 
«корова», «девочка» сықылды сөздерінде естілетін «о» ды-
бысынан  анағұрлым  анық  естіледі. «Қасық»  деген  сөздегі 
«ы»  да  анық. «Мұрт»  деген  сөзде  «ы»  дыбысы  естілмейді 
емес,  мүлде  жоқ. «Мұрт»-тағы  «ы»  анық  естілмейді  деп, 
«ы»-ға  өкпелеу: «ы»  дыбысын  менсінбей,  дұрыс  тексер-
мегеннен болған орынсыз өкпе. Бітеу буында «ы» дыбысы 
бар екенін сезу үшін құлақтың артықша сезгіш болуы керек 
емес, қазақ құлағы болуы керек. «Жарқ  етті», «ай жарық» 
деген  қазақша  сөздерде  келетін  алғашқы  «жарқ»  та  (жарқ 
етті) «ы» дыбыс жоқ. соңғы «жарық»-та  ап-анық естілетін 
«ы» дыбысы бар екенін қазақ құлағының қандайы болса да 
сезбей қалмайды. «Ы» бітеу буында жазылмасын деген ере-
же болған соң ап-анық естілетін «ы» дыбысы «р» мен «қ»-
тың арасында тұрғандықтан жазылмайды да, «жарық» деген 
сөз онан басқаша айтылып, басқаша естілетін «жарқ» деген 
сөзге ұқсап жазылады. 
«Жорыт» (түсты  жорыту)  деген  сөзде  солай.  Өзіне  бас-
қаша естілетін «жорт» (аттың жортуы) деген сөзге ұқсап жа-
зылады. 
«Ы» бітеу буында жазылмасын деген ереже əуелде орыс-
ша  оқығандардың  көңілін  аулау  үшін  шығарылған  ереже 
болуға  керек.  Бірақ  онымен  орысша  оқығандардың  көңілі 
тынған жоқ, орыс тілінде жоқ дыбысты орысша оқығандар 
бəрі  бір  жатырқамай  қоймайды. «Ы»  дыбысының  сондан 
басқа түк жазығы жоқ. Сондықтан оны бітеу буында жазбай 
тастап кету – үлкен кемшілік. 
Қант, кент, кілт, құрт, сарқ-сұрқ, жалп-жұлп, құнт, бүлт, 
қарт,  қарқ,  тарс-тұрс  сықылды  толып  жатқан  сөздер  бар. 
Бұларда екі дауыссыз дыбыс «ы»-сыз жалғанған. «Ы» бітеу 
буында жазылмайды деген ереже болғандықтан, бұл сөздерді 
қаныт, кенқт, бұлыт деп бұзып оқуға болмайды. Бітеу буын 
ережесінше дəл «ы»-сыз сөздерге ұқсап жазылатын «желік» 
(желігудің түбірі), бүлік (бүлігі делініп өзгерілетін «бүлік»), 
«арыз» (арбаның арысы), «қарық» (қарғудың түбірі), тұрыс 
(отырыс-тұрыс), қарыт (қартудың түбірі) сықылды сөздер де 
толып  жатыр.  Бұл  сөздерден  «желк» (желк-желк  етіп  жел-
кілдеу), «бүлк» (бүлкілдеген болатын бүлк), «арс» (иттің ар-
сылы), «қарқ» (қарқ  етті), «тұрс» (тарс-тұрс), «қарт» (қарт 
кісі) сықылды ішінде «ы» дыбысы жоқ сөздерді бітеу буын 
ережесінше, ішінде «ы» бар деп бұзып оқуға болады. Бұл – 
үлкен  кемшілік.  Бітеу  буын  ережесін  жоғалту  керек. «Ы»-
ны  бітеу  буында  да  қалдырмай  жазып  отыру  керек.  Сонда 
Жүсіпбек айтқандарды сүйеу таяқсыз, ынта, ысқын, ықтын, 
ырғыз  деп  жазуға  болады. «Тарығу»-дың  түбірі  «тарық»-
ды  «тарқ-тұрқ»-қа  ұқсатпай, «тарық»  деп  «орыстың  қойы 
сарық»-ты сарқудың түбірі «сарқ»-қа ұқсатпай, «сарық» деп 
жазуға болады. 
Бұл жазу ережелерін керек қылмайтын оқығандарға жа-
зуды  жеңілдеткенмен,  бастауыш  мектептердеоқитын  бала-
ларды түсніксіз қиын ережеден құтқарып, хат тану, жазуға 
үйреті жұмысын көп жеңілдетеді. 
Қазақ тілінде а, о, е, ұ, ы деген дауысты дыбыстар бар, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет