52
53
еді. Жəне бұл айнымалы «қ» мен «ғ», «к» мен «г», «п» мен
«б» əріптері өзара ұқсас болғандықтан, бұлардағы өзгерістің
Америке əдісіне бөгет бөгет жоқ дейді. Бұлардың ұқсастығы
араб əрпінде ғана ғой. Бөгет болмаса, ертең латын əрпіне
көшкелі отырғанда, бұлайша араб əрпімен дəлел жасаудың
қисыны жоқ.
Жүсіпбектің ұсыныстары туралы айтарым:
«Біздің емлеміз орыс емлесіне ұқсасуы қажет» дейді.
қанша орысшыл болсақ та, бұл болмайтын сөз. Орыспен
былайғы тұрмыстағы өзгешеліктеріміз өз алдына тұрсын,
тіл жағынан тіпті үш қайнаса сорпамыз қосылмайды ғой.
Көзге шыққан сүйелдей орыстың «у» мен «и»-ін əкеліп
жазуымызға қосқанмен, оның былайғы өнері бізге жұға
қоймайды. Құр ғана орыстың əрпін тану үшін тілімізде жоқ
əріпті əліпбиіміздің ішіне əкеліп қыстырмалауда түк мəн
жоқ.
Осы күнде орыстың ол екі əрпі ғана еес, барлық əрпін
түгел танитындар қазақ ішінде толып жатыр. Бірақ тіл
білмегендіктен, оның пайдасы шамалы.
«Хат танытуға дыбыс əдісі ірге болмай, тұтас сөз əдісі
бірге болып саналсын» деп Жүсіпбек өзі жазады да, арты-
нан аса дыбысшыл болып кетеді. Тұтас сөз əдісінде қажет
болған жазудың сыртқы пішінін бұзып, оны дыбыс жолына
құрмандық қылып жібереді. Мысалы: «үйе аламын» деген
сөзді «ұяламын» қылып өзгертіп жіберуден тартынбайды.
«Дыбысшылдықта» да бір мөлшер болу керек. Емлеміз ды-
быс жүйелі дегенді біз былай ұғамыз: əрбір сөзді жекелеп
сөйлегенде қандай дыбыстар естілсе, жазуды сол естілуінше
жазсақ, дыбыс жүйесімен жазған боламыз. Əйтпесе қазақ
тілінде бірнеше сөзді қатардан сөйлеп жібергенде бір сөздегі
əріптің дүмпуімен екінші сөздегі əріптер өзгерліп естілетін
жерлер көп.
Оның бəрін естілуінше жаза бесек, онда біздің жазуымыз-
да тіпті тиянақ қалмайды. Жүсіпбек айтқандай,
аға-екені,
Достарыңызбен бөлісу: