56
57
демеулерді əбден айырғанша түзу жаза алмайды. Сондықтан
қосалқы «да» тұтас жазылсын деген сөздер – келмейтін сөз.
Біраз уақыт үйренгенше қата жазған қалай, өмір бойы қата
жазған қалай? Үйренбей тұрғанда кісі қай жазуды болса да
түзу жаза алмайды ғой.
Жалғау «да» мен қосалқы «да» сияқтылардың арасындағы
айырмыстарды үйрену қайта оқушыларды ойланрдырып,
сөздерді үйретіп, қисынын біле бастауына себеп болады.
Оқушыға сөздің қисыны айтылмасын, ереже деген нəрсе
болмасын деген сөз қайдан шыққан? Сөздің қисындары
мен ережелері – өзінің табиғатынан шыққан нəрсе. Оны біз
біржола жоқ қылып жібере алмаймыз. Осы кезде бұрынғы
ескі мектептегідей ережешіл болмау керек деп айтылады.
Ол, бірақ оқытудың əдісі туралы айтылған сөз. Оқытқанда
бұрынғыдай түсіндірудің ең үлкен құралы ереже болмасын,
əрбір білімді оқушы өзінің тексеруі, зерттеуі арқылы толсын,
сол зерттеудің қорытындысы болып ереже шығарылған дейді.
Бұдан: ереженің тіпті керегі деген сөз болмайды. Сондықтан
ереже атаулыдан ат тонды ала қашып керегі жоқ.
«Қаб», «саб», «күб» деген сөздердің аяғына «п» жазбай
бұрынғыша «б» жазылған жөн. Мұны ақ – ағ, көк – көгі
деген сөздермен салыстыруға болмайды. «Ақ», «көк» де-
ген сөздерде «қ» мен «к» еш дүдəмалсыз анық естіліп тұр.
Сондықтан «қ» мен «к»-ні жазбасқа амалымыз жоқ. Ал «қаб»
дегенде «п» екені, «б» екені белгісіз, дүдəмал естіледі. «Көб»,
«еб» сияқты жіңішке сөздерде тіпті «п» жағы басымырақ
естіледі. Соның үшін мұнда түпкі негізі болған «б»-ны жа-
зуымыз қажет (бірлі-жарым
əріп, қарпі сияқты сөздерде ғана
негізіне қарап, «п»-ны жазамыз).
Бұрынғы жалғаулық деп аталып жүрген «мен», «бен»-
дерді жалғау деп таб (орыстың) творит. падежі есебінде
өзінен алдыңғы сөзбен тұтас жазу жөн.
Үндестік заңы туралы айтатынымыз: бұл заңның тілі-
мізде бар екенінде сөз жоқ. Бірақ бірлі-жарым ол заңға
бағынбаушылық бар. Кітап, кəпіитал сияқты сөздерді үн-
дестік заңына бағындырмай жүрген, жат тілге жаттығып
қалған оқығандардың өзі десек те, қара халықтың ішінде
де кей сөздер үндестік заңына келтірілмей сөйлене береді.
Достарыңызбен бөлісу: