104
105
ұқсас болыб отыр, соның арқасында ондай сөздердің жазы-
луы да, оқылуы да оңайланыб отыр.
Дыбыс жүйесінше деген орыс емлесі де осы сықылды
болған соң, орыстан басқа елдердің емлесі дыбыс жүйесінше
деуге тібті болмайды.
Бірақ келмегені кемшілік емес, əр елдің тілінің жай
жағдайына қарай жеңілдікң үшін əдейі шығарған ережелері
болған жөн.
Бұл кезге шейін өзінің жазуы, əдебиеті келген тілдердің
бəрі де, жалғыз қытай тілінен басқасы, қопармалы тіл делінеді.
Ол тілдің сөздеріне түрлі жалғау, жұрнақ жалғанғанда,
түбіріндегі дыбыстары дақопарыла өзгереледі.
Бұл қалыб үнді-жаурына тілдердің бəрінде де бар (үнді-
ліктердің, парсының, арабтың, жебірейдің жаурындағы қа-
лықтың барлығының да тілдеріндегі үнді жаурына тілі
делінеді. Бұл тілдің түп атасы бір).
Бұл қалыб орыс тілінде де бар: Мəселен: вода деген
сөздің бас буынындағы дауысты дыбыстың естілуі
а, ол
сөзді өзгертіп
воды десек – сол
а өзгеріб
о болады.
Жазу жеңіл болу үшін түбірлес сөздепрдің түбірінің
пішіні бірдей болмаса болмайды. Үнді жаурына емледегі жа-
зуын жеңілдету үшін дыбыс жүйесінен əдейі бұрыб шығарыб
отыр. Түрік тілінде о сықылды қопармалық қалыб жоқ. Түрік
тіліндеші сөздердің түбірі өзгермейді.. Сондықтан дыбыс
жүйесі, басқа тілдердің жазуына өте қиын болғанмен, біздің
жазуымызға ондайлық қиын болмайды. Сондықтан біздің
жазумыздың дыбыс жүйесіне келмейтін жерлері саонаулы
ғана болу керек.
Түбір сөздердің дыбысы кейде жалғас дыбыстық ықба-
лымен өзгереді. Дыбыстың бұлай өзгергенін тіл білімі екі түрлі
заңға келтіріб: бір дыбыс жанындағы дыбысқа ұқсаб өзгеретін
болса оны ымырашылдық (ассимиляция) дейді де жанындағы
дыбыстан басқаланыб, оған ұсамай өзгеретін болса, оны
ымырасыздық (диссимиляция) дейді. Дыбыстың бұлай өзгеруі
қопармалылыққа (флекция основы) мүлде жанасбайды.
Емле дегеннің өзі жазудың ережесі деген сөз ғой. Емле
болған соң-ақ онда ереже болмай қалмайды. Жазу таза ды-
быс жүйесінше болса, онда іш ереже де болмақ емес. Олай
болған күнде емле деген сөздің өзінің де болмауы керек.
Бірақ біздің жазуымыз дəл дыбыс жүйесінше болмағанмен,
дыбыс жүйесіне жуық болған соң: біздің ережелеріміз аз
болу керек.
Біздің білуімізше, қазақша жазудың негізі дыбыс жүйе-
сінше болу керек де, оған (дыбыс жүйесіне) келмейтін негізгі
ереже (емленің ережелері) санаулы болуы керек. Қазақша
жазудың осы күнгі қалпын сынаб, оның көзге көрінерлік
кемшіліктерін түзетіб шығарсақ, біздің емлеміздің негізгі
ережелері мынадай болмақ:
1. Жеке сөздердің екі шетіндегі (алдындағы иə артында-
ғы) дыбыс жанындағы сөздің жалғас дыбысының ықпалымен
өзгеретін болса: дыбыстың олай өзгергенін елемей, əр сөзді
өзінің жеке күйінде (басқа сөздің ықпалы тимей тұрған кез-
де) айтылған қалпында жазуымыз керек.
Бұл ережені қабыл алсақ: күрделі күйінде қар өгіз, то-
ралат, бозғұнан, көгдөнен, жас пала, тоб жарған болыб
естілетін сөздерді, əр қайсының жеке күйінде естілгенінше:
қара өгіз, торы ала ат, боз құнан, көк дөнен, жас бала, топ
жарған деб жазатын боламыз.
Біздің ережеміздің ішіндегі ең күштісі де, ең қиыны да
осы ереже. Сөзді бұл ережеге келтіріб жазу үшін: тізбектеле
айтылған сөздердің басқа-басқа сөз бе, тұтасыб бір сөз бо-
лыб кеткен сөз бе, əуелі соны ашыб алу керек. Мəселен
Достарыңызбен бөлісу: