110
111
басқалығынан, жа ұру басқалығынан болған елдің бір же-
рінде ғана айтылыб, басқа жерлерінде айтылмайтын сөз-
дер емес: жалпы қазақтың бəрінде бірдей айтылыб келе
жатқан сөздер. Бұл сықылды сөздер жеке кісінің тілінде
де бəрі бірдей айтыла береді; Мəселен Таймінер бір жер-
де сөйлегенде
іждеңе мен екінші жерде
іштеме дейді. Бұ
сықылды сөздерді тексеріб, мынасы дұрыс; мынаны теріс
деб, тек бір түрін қана жазатын болсақ; онымыз зорлық бо-
лады. Онда, барлығы бір түбірден құралыб, өз ара мəнісі де
бірдей болыб келген олай сұрыптай алатын болу үшін: ол
сөздердің қайсысы жаңадан шыққан сөз; қайсысы бұрыннан
келе жатқан сөз; түбінде қайсысы басым болыб шықбақ, –
соның бəрін дұрыс шешіб, – сөз сөздің болашағын бұлжытбай
айтыб бере алатын сəуегөй болуымыз керек. Біздің маманда-
рымыз да, алымдарымыз да əзірге ондай сəуегеөйлікке жет-
кен жоқ. Ондай сөздердің түбінде қалайша өзгеретінін осы
бастан болжаб сəуегөйлік қылатындардың сəуегөйлігі ілім
жолына қыйсынбай, көбіне құмалақшының сəуегөйлігіне
ұсап шыға береді. Солай болған соң, – қатарынан айтылатын
сөздердің біреуін қана таңдаб алып, басқадан мүлде жазбай-
тын болсақ, онымыз өрескел зорлық болады.
Сондықтан:
4- түбірі де бір, мəнісі де бір сөздің айтылуы түрліше бо-
лыб, оның түр-түрі жалпы елдің бəрінде бірдей айтылатын
болса: ондай сөздер сұрыпталмай түр-түрінің бəрі де жазыла
беретін болсын.
Мəселен –
барамын деб де «барам» деб де жаза алатын
болуымыз керек; барасыз деб жазған да дұрыс;
барғаннан
соң деб де,
барған соң деб де,
барғасын деб де жаза беруіміз
керек; со сықылды
іждеңе мен
іштеңе-лерді де сұрыптамау
керек.
Бірақ түрліше айтылатын сөздердің бəрі бірдей жалпы
емес; кей бір сөздер бір жерде бір түрлі, екінші жерде екінші
түрлі айтылады.
Мəселен, – бір сыпыра жерлердің қазағы
сен барасың
дейді де, кей бір жерлерінде
қатын туды дейді де, кей
жерлерінде
бала туды дейді: кей бір жерлердің
қазағы
ашты дейді, басқа жерлерде ол сөз
ашты болыб айтыла-
ды. Жаңағы (4-інші) ережеге бұ сықылды сөздерді келтіруге
болмайды: Мұндай сөздер қазақтың бір жерінде түсінікті
болғанмен, екінші жерінде түсініксіз болады. Сондықтан
мұндай сөздерді сұрыбқа салыб, бір түрін ғана таңдаб алма-
са болмайды. Бұл сықылды сөздерді тексергенде қазақтың
көпшілігінің ауанына қарау керек.
5-əр жерде əр түрлі айтылатын сөздер елдің көбшілігінің
айтуынша жазылу керек.
Біздің білуімізше, қазақтың жазуына осы 5 ереже негіз бо-
лу керек. Жаңадан қозғалған мəселелердің бұл ережелердің
талабына сыймайды: бұл мəселелер емле емес, атау мəселесі:
сондықтан оларды бұ жерде сөз қылудың керегі де жоқ.
Елдес
Достарыңызбен бөлісу: