Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет43/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   248
Байланысты:
zhubaeva o khkh gasyr basyndagy kazak tili zhonindegi zertte

бүгін, таңертең, бозғұнан, апарсаигедім сықылды сөздердің 
əрқайсысы бір сөз бе, жə бөлек сөз бе, соны ашыб алу ке-
рек. Біздің білуімізше, бұл келтірілген мысалдардың ішінде 
тұтасыб, бір сөз болыб кетпей екі сөз деуге сыятын жалғыз-
ақ – боз құнан. Онан басқалары о бастан əр қайсысы бірнеше 
сөз  болғанмен,  бұ  кезде  тұтасыб,  екеуі  кейде  онан  да  көбі 
бір  сөз  болыб  келегн.  Сондықтан  боз  құнан  деген  сөзді 
осылай жазғанмен, онан басқасынан жіктемей-ақ тұтас кү-
йінде  естілгенінше  жазған  жөн.  Апарсаигедім  деген  сөзді 
жіктесе:  алыб  барсам  игі  еді  болыб  шығады:  бірақ  алыб 
барсам  ықшамдалыб,  апарсам  болған  да,  апарсам  игі  едім 
ықшамдалыб, апарсигедім болған, бұл сөзді апарса игі едім 


106
107
деб бөлек жазғанмен, игі едім дегенде түк мағына болмай-
ды (игі еді десек, екі сөздің бірі бастауыш, бірі баяндауыш 
болыб, қисына кетер еді, бірақ игі едім болыб құралған соң 
онда мағына да қалмайды, екеуі өзара да қисынбайтын да бо-
лады); сондықтан игедім, игедің игеділерді ықшамдала келе 
жалғау болды деуге де болады, сондықтан апарсигедім бір 
сөз деуге сыяды да, огның осылай тұтас жазылғаны қолайлы 
болады.
Міне,  бұл  сықылды  сөздерді,  осылай  əр  қайсысын  өз 
алдына  сынаб,  қайсысы  тұтас  сөз,  қайсысы  екі  сөз  жə  көб 
сөз  екен,  соны  қаталасбай,  шешіб  алу  керек.  Бірақ  оны  ат 
үстінен,  оймен  жүріб,  үстірт  шешуге  болмайды.  Оған  өз 
алдына  айрықша  негіз  құрыб,  қыйсынан  тауыб  тексере 
аларлық  жол  ашу  керек.  Бұл  жерде  о  сықылды  сөздердің 
бəрін мысалдағы сөздерді түгел тексеріб шығу да оңай емес. 
Оның да əр қайсысы үшін өз алдына бір-бір мақала жазбасақ 
болмайды.
Сондықтан бұл жерде бүгін мен таңертең деген сөздер-
ді  де  қоя  тұрыб,  əуелі  емленің  жалпы  жалғауларын  сөз 
қылған дұрыс ау деймін. Бірақ бұл жерде жалғау, жұрнақ-
тардың  əңгімесі  жаңағы  жалпы  ережеге  тіреледі.  Жалғау 
жұрнақтарды  жеке  сөз  емес  деб,  түбір  сөзге  қосыб  жаза-
мыз. Демеу жалғаулық, қосалқы, одағай сықылды сөздерді 
жалғауда  емес,  жұрнаққа  де  емес  деб,  алдымдағы  сөзден 
бөлек жазамыз. Сондықтан: жалғау не, жұрнақ не, жалғаулық, 
демеу  дегендер  не,  соны  ашыб  алмай  болмайды.  Жалғау, 
жұрнақтарды  да  одағай,  демеуге  ұсаған  бөлек  сөздерді  де 
себтеу мен жіктеуге қарай сынауға болады. Түрік тілдерінің 
бəрінде де сөз-сөздің ең арты себтеу болыб, жə жіктеу бо-
лыб  тынады;  себтелген,  жіктелген – сөзге  сол  себтеудің, 
жіктеудің үстіне жаңадан жалғау жалғауға болмайды. Бірақ 
бұған батыс жалғау келмейді. Жатыс жалғаулы сөзді жіктеуге 
болады: қалада, үйде дегендегі де-лер жатыс жалғау, бірақ 
ол сөздерді жіктеб, мен қаладамын, сендер үйдесіндер деу-
ге  болады.  Жатыс  жалғаулы  сөзге  жұрнақ  қосыб  өзін  атау 
күйге шығаруға болады да, сосын оны жаңадан себтеуге де 
болады, жіктеуге де болады, тəуелдеуге де болады.
Қалада  деген  сөзге  ғы  жұрнағын  қосыб,  қаладағы  деб 
алған соң, оның үстіне басқа түрлі жалғау, жұрнақтарды да 
қоса беруге болады.
Сондықтан  бөлек  сөздерді  де,  жалғау,  жұрнақтарды  да 
себтеу мен жіктеуге қараб сынаймыз дегенде себтеудің іші-
нен жатыс жалғауды айырыб алу керек.
Сонда  қой,  қана,  ма,  да,  ақ,  ау  мен  сықылды  даулы 
сөздердің жалғау деуге сыятын, сыймайтынын тексеру үшін 
оларды  түрлі  себтеу  мен  түбірдің,  жə  жіктеу  мен  түбір-
дің  арасына  келтіріб  байқауға  болады:  арасына  кіре  ала-
тын жалғау деуге болады да да кіре алмайтынын бөлек сөз 
деуге  болады. Септеу мен жіктеудің артынан ғана айтыла-
тын сөздерді де бөлек деуге болады. Септеу мен жіктеудің 
артынан  қана  айтылатын  сөздерді  де  бөлек  сөз  демей  бол-
майды.
Бұлай  сынағанда,  жаңағы  даулы  сөздердің  бір  қатары: 
сұрау демеу ма – қосалқы ақ сықылды ы, жалғау деуге де ке-
ліб қалады, бөлек сөз деген деуге де сыймайды.
Жалғауды  жалғаулы  сөздің  сөйлем  ішіндегі  қызметіне 
қарай  да  сынауға  болады.  Жіктеулі  сөз  сөйлемге  тек  қана 
баяндауыш  болады;  септеулі  сөз  не  толықтауыш  неме-
се  пысықтауыш  болады;  септеусіз  сөздің  екеуіне  де  жара-
майды,  жə  бастауыш  болады,  жə  анықтауыш  немесе  сын 
пысықтауыш болады.
Бұл жағынан санасақ: жаңағы сөздердің ішінен мен айы-
рылыб шығады. Пəленшені өз көзіммен көрдім ағашты бал-
тамен шабтым деген сықылды сөйлемде көзім мені, балта 
мен шабтым деген сықылды сөйлемде көзім мен, балта мен 
деген сөздер толықтауыш болады. Сонда бұл мен-ді мұндай 
жерде    септеу  дегенде  болады.  Бірақ  адам  мен  адамидың 
арасы арасы жер мен көктей, жылқы мен қой қосқа берік 
болады  сөйлемдерде  мен  демеу  болады.  Сондықтан  бұл 
жағынан тексергенде мен-ді екі түрлі түсініб, септеу болған 
жерлерінде түбір мен бірге жазыб, демеу болған жерлерінде 
бөлек  жазуға  болады.  Əйтбесе  осы  күнгі  қалпында  ылғи 
бөлек  жазатын  болсақ  да  іштеңе  етбес  еді.  Соған  ұсатыб, 
ылғи бірге жазсақ да іштеңе етпейтін болу керек.


108
109
Бірақ  ақ,  сұрау  демеу  ма  сықылды  демеулер  бұл  сый-
майды.  Сөйлем  ішіндегі  сөздердің  қызметін  оларға  қарай 
айыруға  болмайды;  оларды  жалғау,  жə  жұрнақ  десек, – 
жалғау, жұрнақ дегеннің не екеніне айыра танырлық мағына 
беруге  де  болмайды.  Олай  болған  күнде  үшін,  енді,  шейін, 
сықылды  сөздерді  де  бөлек  сөз  дерлік  жол  қалмайды.  Бұл 
жағынан ескереміз десек, бұл сөздерді түбір сөздерге қосбай 
бөлек жазуымыз керек. Бөлек жазатын болсақ: оларды бөлек 
сөз есебінде, басындағы дыбыстың өзгергенін елемей, ылғи 
бір түрде қана жазуымыз керек. Бірақ мен мен ма алдындағы 
сөздің соңғы дыбысына қарай бен, пен, ба болыб өзгеріб оты-
рады; бұлардың бұл өзгергенін елемей, үнемі м-мен бастап 
жазуда  оңай  емес.  Сондықтан  бұларды  бөлек  сөз  болса  да 
естілуінше жазамыз десек, алдынан сызықша қойыб жазған 
дұрыс.
Тұтас бір сөзді тұтас күйінде естілгенше жазамыз десек: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет