Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет52/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   248
Байланысты:
zhubaeva o khkh gasyr basyndagy kazak tili zhonindegi zertte

БІЛІМ ОРДАСЫ МА, ҮГІТ ОРДАСЫ МА?
(Білім ордасының бір мүшесіне жауабым)
342-нөмірлі  «Еңбекші  қазақ»-та  «Дауласушы  біз  емес» 
деген  бір  кішкене  мақала  басылған.  Жазған  кісі  он  төртке 
келген қызша «ұялып» мақаланың астына қолын қоймай, « 
білім ордасының мүшесі» деп қана жаза салған.  
Əрине, білім ордасында əйел мүше жоқ екені бізге белгілі, 
бірақ  соңғы  заманда  Аурыпада  болып  жатқан  қызықтарды 
ойлап, «кім  біледі,  орда  мүшелерінен  бірі  əзіргі  заман-
да    əйелдерге  тиіп  жатқан  кеңшіліктерге  қызығып  кетіп, 
доқтұр  Қалел  Досмұхаметұлы  секілді  таныс  доктұрлардан 
біріне  жалынып  өзін  əйел  қылдырып  алған  шығар» – деп 
те  шамалайсың...  Бірақ  мақаланы  оқып  қарасаң,  Қожа  На-
сыретдін еске келеді. Себебін сөздің аяғында айтамыз. 1) Бі-
лім  ордасының  мүшесі  «бұл  уақытқа  шейін  газеттердің, 
жазушылардың, тізгіні орда қолында емес» деп бізге «жаңа» 
қабар берген болады. Бұған біз не деп жауап айтамыз? Жақсы 
осылай-ақ болсын! Газеттердің, жазушылардың тізгіні білім 
ордасының қолында болмауы дұрыс дейміз. Одан артық не 
жауап берілсін?! 2) «Сүзегенге мүйіз бітпейді, сүзеген деген 
жақсы əдет емес» дейді баяғы мүше, бұған біз не жауап ай-
тамыз.
Білім орда мүшесінің «білімі» сынға шыдамайтын болса, 
ол  уақытта  ертерек  жұртқа  білдіріп  қоюы  керек  еді.  Білім 
дауына шыдамаймын, сын сөзді көтермеймін» деп айтуы па-
рыз еді.
Жау кеткен соң  басып алған келіншектей ойбайлап жоқ-
тау  айтудың  пайдасы  жоқ.  Ақыл  базарында  білім  таласы 
болған  соң  «шекем  жарылым  қалды»  деудің  не  керегі  бар 
екен? 3) Үгітсіз, ойбайсыз тура біздің сөзімізге жауап беру 
керек еді. Сөзіміз не еді? Сөзіміз Елдес пен Байтұрсынұлы 
Ахметтің  «Қазақстан  ба,  Қазағыстан  ба?»  деп  жұрттың 
басын  ауыртып  дауласуында  еді. «Қазақстан»  да  болма-
сын, «Қазағыстан»  да  болмасын»  дауыңызды  тоқтатыңыз. 
«Қазақстан»  демей,  тура  «қазақ»  иə  «қазақ  елі»  иə  «қазақ 
республикесі»  десең  де  жарай  берер  ау»  деп  едік.  Бұл 
ұсынысқа бір сөз айтпай иə айталмай білім ордасының мүшесі 
ойбай салады. Керек болар деп дəлелдерімді толығырақ ай-
тайын. Дəлелдерім мынау:
А)  Персі  елінің  (қызылбастың)  əдетінше, «ғырыпстан, 
үндістан, бақыстан, франкестан» дегендерге маймыл болып 
еріп, «Қазақыстан» («Қазағыстан»)  деу  бізге  келіспейді. 
Маймыл болу дəлел емес.
Б)  Баяғы заманда түрік елдерінің түрлі-түрлі мемлекет-
терге берген аттарын тексерсең,  Рүм елі (Румыния) «неме-
ше» (əзірге неміс елі) секілді аттар көреміз. Бұлардың ара-
сында «ыстан» жұрнағы көрінбейді. Анатолыдағы қалың ел 
«Араб елі», «Емен елі» дейді. Дұрысынан Еменстан, Орыс-
тан, Немістан деп еш уақ атамаған. 
С)  Əзіргі «Сарыарқа» баяғы заманда да, «Қазақстан» деп 
алынбаған. «Сарыарқаның» ескі қазақ кітептеріндегі баяғы 
аты – Дешті қыпшақ (қыпшақ шөлі). Қыпшақ шөлі деп періс, 
араб тарихшылары ат қойған.
Д)  Республикенің  аты  əрбір  кедейге,  əрбір  қойшыға 
түсінікті болу керек. Қазақ, қазақ елі, қазақ республикесі деу 
«Қазақыстан»  деуден  гөрі  қазақ  тіліне  ұнамды. «Қазаққа» 
перістің (қызылбастың) «ыстанын»  тағып, «Қазақстан» жа-
сауда  ешбір  «сауап»  көрмейміз.  Білім  орда  мүшесінің  бұл 
«ыстан»-ға  неліктен  мұнша  «ғашық»  екені  бізге  қараңғы, 


120
121
түсініксіз. Мейлі барлық айтқан сөзіміз – барлық айыбымыз, 
бұған жауап айтпай «мүше» ойбай салады. 
Қожа  Насыретдін  бір  күні  кісі  бақшасына  кіріп,  үзім 
ұрлап  тұрған  жерінен  бай  келіп  қалған  екен.  Сонда: «сен 
неге  ұрлық  қыласың?  Ұятың  қайда?»  десе,  Қожа: «Бай! 
Əйеліңе жаңа кебіс алып бердің бе?» деген екен. Бай ашула-
нып: «Сенің əйел кебісінде не жұмысың бар? Сен сөзге жау-
ап бер: неге ұрлық қылып жүрсің? – десе: «Енді не дейін?! 
Сөйлесең сөзден сөз шыға береді екен» депті Қожа. 
Нəзір
Басқарма: бұл мақала айтыс ретінде жазылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет