128
129
мен қазақ сөзінің аяғында өмірі жазылмайды.
Сондықтан жеке түрінің ( , ) тіпті керегі жоқ. Бұл екеуінің
басқы түрі ортаға əбден жарайды. « »-ның қос таяғы айқын
жəне ашық ауыз сөз ортасында алдыңғы əріптерден
əнтек бөлек тұрады да, оқуға оңай болады. Ал ортадағы «
« мен ашық ауыз ---ның ұйқастығы кем. Хат танытқанда
оны түсіндіру қиын болады. Жазбада ашық ауыздың өзін
қаламды суырмай жазуға келеді.
Газетте «л»-дың үш түрін ( , , ) бірдей алып отырған
көрінеді. «Л»-дың басқы түрін алсақ, бəріне жетеді. Үйткені
«л» тəрізді əріп жоқ. Жалғыз-ақ «а» бар, оның құйрығы оң
жағында, «л»-дікі - сол жағында. əліптің - сын « »
-ға жақындатпай-ақ қатар қойсақ да жарайды, көз үйреніп
кетеді. Жеке «л»-дың астыңғы имегі болмаудан келер зиян
жоқ.
Сонымен, кəзіргі қолданып отырған 43 таңба (ұя)-ның
орнына 34 таңба (ұя) болады. Бұл хат тануымызға да, əріп
тексеруге де үлкен жеңілдік келтіреді.
Одан соңғы жамау: «с» мен «ш» ( , )-ды иректемей, тіс
шығармай, түзу сызық таңбамен алу керек. Олардың ирегі
қалмаса, 13-14 ирекке шейін баратын сөздердің (
тəрізді) ирегін санап жазу, санап оқу өте қиын болады.
Онана кейін ( ) əрпін алу керек деймін. Ақылап, үқлеп,
ақа, қақарман, мақ-мауық, еқе-қе тəрізді сөздерді «қ»-сыз
жазуға болмайды. Əдебиетке «қ»-ның керек жері көп жəне
«қ»-ны алсақ, «қ»-ның орнына да қолдануға жарайды. Ау-
хау, аха-ха, ай-хай, ах, дүние... деген тəрізді сөздерге « »
(х)-ның орнына «қ»-ны жазатын боламыз. Бұл бір дыбыспен
əліпбиіміз көбеймес.
Сүйтіп, менің ұсынатын əліпбиім, таңбаларым мынау
болмақ – 35 таңба.
Ана қалған екі таңбаны ( ) əріптердің жеке түрінен
əзір құтылуға болмайды. Оларды тастасақ, сөз шолақ,
жыбырлақ көсе болып кетеді.
Енді емле жайынан.
Білімпаздар съезінде «у» мен «и» туралы Елдес жобасы
қабылданған. «У» мен «и»-ді дауыссыз дыбыстар қатарына
кіргізіп, «у»-ды екі түрлі (бірде ұу, бірде ыу) қып, «и»-ге
(ы) қосып жазуға келтірген дəлелдері мыналар:
1) түбір сөздің дыбыстарын өзгертуге болмайды. Мыса-
лы: «сұуат», «тійқуі» деген сөздерді «суат», «тиуі» деп жаз-
са, түбірі бұзылып кетеді-міс (Сұудың түбіріне «ұ» мен «у»-
ды дəл бір құдай бұйырып бергендей-ақ! Түбірі «су», «ти»
десе тамұққа кететіндей-ақ!)
2) «у» мен «и» дауысты болып, жеке өздері жазылса,
буындауға келмейді-міс. Мəселен, жу-ан, и-і-ні, ки-ім деп
буындауға болмайды. Сөз жоқ, жұ-уан, іи-і-ні, кіи-ім деп
буындау керек (бұл дəлел «у» мен «и»-ды дауысты емес деп,
ден қойып алған иманынан туып отырғанын сезбейді).
3) «у» мен «и»-ге бқтетін «сұу», «сай» деген сөздердің
жалғауы (дауыссыз дыбысқа бқтетін сөздердікі (сұудың,
қардың, сайдың, жүремін, жұуамын, тілеймін...) тəрізді
«дың», «емін» болады. Ендеше «у» мен «и»-дың дауыссыз
дыбыстардан айырмасы жоқ.
4) «жау», «сау, «бау», «мүйіз» деген сөздер өзге түрік
жұрттарында «тағ», «сағ», «бағ», «мүгіз» болып айтылады.
Сондықтан «у» мен «и»-дың асылы дауыссыз дыбыс екені
ыспатталады дейді (Асылын қазып, атаның атын шақырмаса,
біреу тауып кететіндей-ақ).
Елдестердің бұл дəлелдеріне Мұхтар, Телжан, Маннан,
Есенғали секілді адамдар қарсы дəлел келтірсе, олардікі
алынбаған. Бұлардың дəлелі мыналар:
1. «у» мен «и»-дің дауыссыз дыбыстарға ұсайтын қа-
сиеттері болғанымен, дауысты дыбыстарға ұсайтын қасиет-
тері бар. Жалғауды, жұрнақты дəлелге алсақ, бұл екі дыбысқа
бқтетін сөздер дауысты дыбысқа бқтетіндермен бірдей
өзгеретін жері де бар. Жалғау:
сұраулар, сайлар, балалар,
Достарыңызбен бөлісу: