124
125
үлкен кісіні де көп ойландырады. Бірталай уақытын алады.
«Ы»-ның үйренуге де, үйретуге де келтіретін кемшілігі көп.
Қазақ тілінің заңына қайшы келмей, кеңсе қызметкерлеріне
қолданылған «қысқарту» əдісі «ы»-ға да қолданылса, оқу,
жазумен айналысқан кісіге көп жеңілдік келер еді.
Осы күнге шейін «ы» əрпі ашық, бітеу буындарда қал-
май жазылып келеді. Ашық буында қалмай жазылуы дұ-
рыс. Үйткені ашық буында жазылмаса, сөздің мағынасы
бұзылады. Екінші буыны «ны» – бұл ашық буын. Мұнда «ы»
əрпі жазылмаса, сөз əуелгі мағынасын жойып, «нанның» бо-
лып шығады. Осы сықылды басқа сөздің де ашық буыны-
на «ы» əрпін жазбасақ, мағынасы бұзылады. Ашық буында
жазбауға амалымыз жоқ. «Ы»-ны əріп қатарынан шығарып
тастауға мүмкіндік жоқ, қысқартуға болады.
Бітеу буында «ы» əрпін жазғаннан сөз мағынасы өзгер-
мейді. Кемшілік жоқ. Мысалға жоғарғы «нанның» де-
ген сөзді алайық. Үшінші буыны «ның» - бұл бітеу буын.
«Ы» мен «ң»-ның ортасындағы «ы» əрпін жазбай, «нң»
деп жазсаң да, «ның» болып оқылады. «Нң»-ды «ның»-нан
басқа қылып оқып көріңізші. Басқа қылып оқи алмайсыз.
Сонда бітеу буынға «ы»-ны жазбай, мысалға алған сөзімізді
«наннң» деп жазар едік. Əуелгі түрі (сүйреті). «Нанының»
еді, енді «нанынң» болды. Екеуінің түрі екі басқа болғанмен,
мағынасы бір. Соңғы түрде жазғаннан мағынасы өзгерген
жоқ. Бітеу буындағы «ы»-ны алып тастап оқығаннан тілесе
қандай сөз болсын, мағынсы өзгермейді. Байқап көріңдер.
«Ы» дыбысы қазақтан басқа жұрт сөзінің бітеу орында-
рында келеді. Мысалы, орыс «читаю» деп жазады. Мұнда үш
буын бар. Бастапқы буыны «чи». Бұл – бітеу буын. «Ч» мен
«и»-дың ортасында «ы» дыбысы естіледі. Орыс оны жазбай-
ды. Сонда да «читаю»-дан басқа қылып оқи алмайсың. Осы
сөз қазақ əрпімен жазылса, «шыйтайыу» болып жазылады.
Бұрынғысының үстіне аққұла артық əріп қосамыз. Бірақ
бəзбаяғы «оқимын» деген сөз.
Енді сөздің басқа бітеу буынында келетін «ы»-лар бар.
Мысалы: «Ықтын», «ысқыр», «ызғырық»
тағы басқалар си-
яқты. Мен айтып отырған «ы» əрпі бітеу буында жазылмасын
деген ережені бұларға да қолдануға болады. Дауыссыз ды-
быстар (
қ, н, м, р, з т.б.) алдынан болмаса соңынан дауысты
дыбыс (
ы) қосып айтпаса, үн шықпайды. Бұл дыбыстарды
атап, басқаға естірту үшін дауысты дыбыс қосып айту керек.
Солай айтылады да. Табиғи айтылуда дауыссыз дыбысқа
дауысты дыбыс қай жағынан қосылып айтылып тұрса, сөз
ішінен жеке шығарып айтқанда сол жағынан қосып айту ке-
рек. «Ықтын», «ысқыр», «ызғырық» деген сөздердің басын-
да келетін бітеу буындары «ық», «ыз», «ыс». Бұл бітеу буын-
да келетін «ы»-ларды жазбасақ, жоғарғы сөздеріміз «қтн»,
«сқр», «зғрқ» болып жазылады. Бұлар - «қытын», «сықыр»,
«зығырық» болып оқылмайды. Үйткені Біз «қ», «с», «з»-
дарға «ы»-ны алдынан қосып оқытып үйретеміз. Бұл ды-
быстарды жеке алып айтылғанда «ық», «ыз», «ыс» деп ай-
тамыз (табиғи айтуда алдынан қосылып тұр ғой). Жазғанда
«қ», «с», «з»- деп жазамыз. Сонда «қтн», «зғрқ», «сқр» етіп
жазыб, «ықтын», «ысқыр», «ызғырық» деп оқимыз. Жазуы
басқа болғанмен, соңғы түрде болып отырмасқа амал жоқ.
«ұ», «с», «з»- дарға «ы»-ны ойдан қосамыз.
Орыс «стол», «спорт», «значение» деген сөздерінің əуелгі
бітеу буындарында «ы» дыбысы естілсе де, жазбайды. Басқы
бітеу буындағы əріптерді жеке алып айтсақ, «ыс», «ыз» бо-
лып алдынан «ы» қосылып айтылады. Оны жазбаса да орыс
сөздерінің айтуы мен жазуы екі басқа емес, айтқанындай
қылып оқиды.
Жоғарғы мысалға келтірген қазақ сөздерінің осыдан
қандай айырмасы бар? Меніңше, түк айырмасы жоқ, бəрі-
бір. Олай болса, керексіз жерге жазылатын «ы»-ға жол бол-
сын.
«У», «и» деген екі жарты дауысты дыбыс бар. Бұларды
сөз басында келмейді деп жарты дыбыспен басталатын
сөздің алдынан «ұ» болмаса «ы» əрпін жазамыз. Мысалы:
«іикеш», «іирек», «ыйран», «ұуақыт» деген сөздер сықылды.
Жарты дауысты дыбыстардың сөз басында келмейтін, дау-
ыссыз дыбыстардан ерекше қасиеті жоқ.
өирек, іикем деген сөздер ынта, ықшам,ысқыр деген
сөздермен заңдас, біріне қолданылған ережені екіншісіне
127
қолдануға болады. Сөз ішінен жеке алып айтқанда дауыс-
сыз дыбыстардан үн шықпаған секілді, жеке алып айтқанда,
бұл екеуінен де (у, и) - үн шықпайды. Сондықтан бұларға да
«ы» қосып айтамыз. «өирек, іикем» сықылды сөздерді ирек,
икем деп жазу керек. «Ы»-ларды көңілмен қосып, жазбау ке-
рек.
Табиғи айтылуына қарап, «и»-дың алдынан «ы» қосылып
оқылады. Сонда «икемді» - «икемнен» басқа қылып оқу
мүмкін емес, амалсыз солай оқылады. Бұлай еткенде, жар-
ты дауысты дыбыс сөз басында келмейді деген бекер болып
шығады, келетін болады.
Сүйтіп «ы»-ны бітеу буынға жазбайтын болсақ, екі ере-
жеден құтыламыз. Біріншісі – дауыссыз, жарты дауысты
жалғыз əріп буын болмайды деген. Екіншісі – дауысты əріп
қосылмаса, дауыссыз əріптер буын жасай алмайды деген. Бұл
екі ереженің қалғанынан емлемізге кемшілік келмейді. ұайта,
бұрынғыдан ереже азайып, үйрету, үйренуге оңай, жеңіл
болады. ұазақ тілі заңына қайшы да келмейді. Табиғи айту
мен жазуымыз екі түрлі болып, бірінен бірі қашықтамайды.
Жоғарыда айтылған кемшіліктерін түзесе, емлеміздің бір
сыпыра міні түзеледі.
Қазақ азаматтарының көпшілігі мақұлдай отырған жаңа
əліппеге көшпестен бұрын емлені өзгермейтін мінсіз етіп
алуымыз керек.
Алдымыздағы күзден бастап латын əрпі мектептерге айрық-
ша сабақ ретінде кіргізілмекші. Мұнан былай кем-кемдеп
баспа əдебиеттеріміз де жаңа əріппен басыла бермекші. Екі
жұмыс болмау үшін жаңа əліппе жұмысын тез жүзеге асыру
үшін емлені дұрыстап алудың маңызы зор.
Тарақұлы Қоянбай
Достарыңызбен бөлісу: