122
123
пайда жоқ. Қайта əрібтің санын көбғейтіб өте-мөте баспаха-
на техникесін ауырлатады: оқу жұмысын қиындатады.
Осыны Қазағыстан үкіметі мына қаулысында айтыб отыр.
Бұл мəселе жөнінен енді еш пікір болмасқа керек. Үзілді-
кесілді пікіріміз бас əріпті алмау жағында болыб отыр.
Жаңа əліббимен қабат ендігі шешетін мəселелердің бі-
рі – емла жайында болмақ. Бұл мəселе жаңа əліббишілердің
Қазағыстандық бірінші канперенсиесінде де аздаб сөз болыб
еді. Бірақ мұны əлі де ойланыб, талқылаб шешу керек деб
кейінге қалдырыб еді. Бұл жөнінен үкімет өз пікірін білідіріб
отыр.
Қысқасы Қазағыстан үкіметі бұл жөнінен көб жұмыстар
жүктеб отыр. Бұл жұмыстың бəрі де Қазақ еңбекшілерінің
мұңына, мəдени тілегіне қарай ыңғайланыб отыр. Жаңа
əліббидің кірмейтін, қатынаспайтын орны жоқ. Əлі да сал-
мақтық бар. Бұл мəселе сөз жоқ өздігінен өзі орындала
қалмайды. Бұған үкімет орындарында, партия, кəсібилер,
камсамолдардың жалпы жаңа жұртшылықтарында енді бел-
сене қатысуы керек. Əр мекеме əрбір ұйым əр бір саналы
еңбекші жаңа əліббиді білуге, жаңа əліббиге көшу қамын
істеу керек. Екі жыл көб уақыт емес. Екі жылда мүлде
жаңа əліббиге көшу үшін бүгіннен бастаб мекемемізде жаңа
əлібби мен сауатсыздықты жоюымыз керек. Бүгіннен бастаб
мекемемізде жаңа əлібби қолдану шарасын істеуіміз керек.
Жаңа əлібби – бүгінгі үлкен ісіміз. Қалық еңбекшілердің
жұмыла қолға алатын ісі. Ендігі ұран, ендігі іс – жаңа əліб-
бимен қат танымаған бір қызметкер, бір оқыған, бір де са-
налы еңбекші қалмасын. Осыған əрбір еңбекші өзі кіріссін.
Жаңа əлібби мен тез арада сауатсыздығын жойсын!
Достарыңызбен бөлісу: