Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет62/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   248
Байланысты:
zhubaeva o khkh gasyr basyndagy kazak tili zhonindegi zertte

ЕМЛЕНІ ОҢАЙЛАТУ ЖОБАСЫ
Емлеміздің  кей  бір  қиын  жерлерін  тəжірибеден  көріп 
жүрміз. Қиынды оңайлатпасақ, қат тану, жазу көпке қонымды 
дəулет  бола  алмайды.  Оңайлату  керек  дегенде  сүйенетін 
дəлеліміз мыналар:
а)  Жазу  деген  сөздің  шартты  таңбасы,  сөздегі  болар 
болмас  барлық  дыбысты  жазу  мен  таңбалау  мүмкін  емес. 
Сондықтан  болмашы  күдікті  дыбыстар  (əріптер)  жазуға 
оралғы болмауы керек.
б) тіл өсіп өнетін зат. Қат жазу, тасқа басылып, кітапқа 
орнығып,  ескі  ереже  мен  есептесіп,  артта  қалып  отыратын 
тартпақы  зат.  Дүниеде  өзгермейтін  зат  жоқ,  тіл  өзгерсе, 
өрлесе,  соны  мен  қабат  артын  ала  болсада,  қат  да  өзгеріп 
отыру керек.
ш) Жазу, үйретуден мақсұт – жұрттың бəрін тіл заңын тү-
бірлеп тексерерлік тіл ғалымы қылып шығару емес. Көрген-
білгенін, кешіргенін, ойлаған ойын сөз бен, сөзін таңба мен 
өзгелерге білдірту, өзі де ұмытпайтын қылу, тіл заңына сү-
йеніп жүйеленген емле оқымыстылар ғалымдар еншісі. Жазу 
көптікі болу үшін, тіл заңына сүйене бермей, оңай, жабайы 
болу керек. Ереже не ғұрлым аз болса, со ғұрым жазу оңай 
болмақ.
д)  Сөздің  тұлғасы  тіл  заңынша  емес,  естілуінше  жазы-
лу керек. Сөздің құлақ пен естігендегі дыбысы мен көзбен 
көргендегі  таңбасы  не  құрым  жақын  болса,  сол  құрым  қат 
жазуда оңай болмақ.
е) Жазуда артық буын, артық əріп болмауы керек. Сөздің 
буынын  өлшейтін  өлшеуіш  тіл  заңы  да  емес,  болмашы 
естілуі де емес, өлең өлшеуі болу керек. Өлеңде екі дауысты 


154
155
дыбыс қатар келсе, бір дауысты бір (буын) болып айтылады. 
Қара сөзде де солай. Сөз ықшамдық тілейді. Жазуда ықшам 
болған жөн ықшам болған сайын, жазуғада, тануғада жеңіл 
болмақ.
г) Қазақ емлесі орыс емлесіне жақын болу керек, қазақ ба-
ласы орысша қат танымай тұрмайды, өнер білімді мəдениетті 
ұрымтал орыстан үйренбекпіз. Орысшасыз күніміз жоқ. Ем-
леміздің арасы қашық болса, қазақшаны таныған адам орыс-
шаны, орысшаны таныған адам қазақшаны тану қиын тиеді. 
Латын  əрпін  қолдансақ,  емлеміз  орыстікі  мен  тіпті  жақын 
болу керек. Өйткені латын жазуы, əрпі орысшаға өте ұқсас.
ғ) Үндестік заңына (сингармонизм) тіл атаулын бағынды-
рам деп, жалпы көпке байырғы боп кеткен тілдерді бұзбауға 
керек. Жаңа жат тілдерді жаурпа тілінен аса алыстатпау ке-
рек. Жат тілдермен араға кедергіні көбейте беру, мəдениеттен 
алыстады. Қара қалықтың еріксіз сіңіріп алып жатқан тілде-
рі көп. Еш бір заң мен ондай тілді қуып шыға алмайсыз.
и)  Қат  тануға  дыбыс  əдісі  ірге  боп  саналмай,  тұтас  сөз 
буын əдісі  түйдек (комплекс) жүйе деректері ірге болу ке-
рек. Сөздің тұлғасына, буынына зер салынуы керек.
Осы  сияқты  дəлелдерге  сүйеніп,  емлеміздің  өзгертерлік 
кезеңдері соңғылар деп шамалаймыз:
1) «у»  жарты  дауысты,  жазаласа  дауыссыз  деген  ереже 
жоғалып, ол дауысты қатарына кірсін. Үш түрлі (бау, су, асу
жазылмай, бірақ түрде «у» (бау, су, асу) жазылсын. Ережеге 
сүйеніп емес, шарт пен солай болған жөн.
2) «и» да дауысты боп аталып, жалғыз жазылсын. Бəрі бір 
«тай, ой» болып жазылсын. «м+и» жазсақ, «ми» деп оқымай 
май, мұй, мой немесе би ағалар деп оқушы мед? Ұзын «й» 
шолақ  «и»  деп  «ы»  жалғап  бүйректен  сирақ  шығарудың 
қажеті  жоқ.  Ұзын  «й» (ы+й)  екі  əріптен  құралып  жазылса, 
орыс емлесінен қашықтап кетеді. Артық əріптің керегі жоқ.
Сондықтан  «ійе»  деп  «ыиа»  деп  жазбаймыз, «ие», «иа» 
деп жазатын боламыз. Орысша «сия» «синие» дегендегі «ия» 
«ие» ден біздің «іие, ыиа» ның естілуінде түк айырма жоқ. 
Орыстың «ие» сын жаңа əліппеше «ые» үш əріп пен жазатын 
болсақ,  орыс  емлесінен  тым  алыстап  кетеміз.…,  орыстың 
«я,е» деген дыбыстары о баста екі дыбыстан (і+а=а, і+е=е) 
құралған болатын. Біз бұдан 200 жыл бұрынғы орыс емлесін 
қайталап жүрміз. Жоққа тандық, нəзік дыбысты қалдырмай 
жазбақшымыз. Ондай «дыбысшылдықтың» жазуға кесірінен 
басқа пайдасы жоқ.
3)  Сол  «дыбысшылдық»  салдарынан  сөз  басында  болар 
болмас «ы» естіледі деп, разы, рақат, рай, рұқсат, лайық, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет