Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет64/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   248
Байланысты:
zhubaeva o khkh gasyr basyndagy kazak tili zhonindegi zertte

ЕМЛЕ ӨЗГЕРІСІНЕ БІЗДІҢ ДАУЫСЫМЫЗ
31-иулде,  Алматыдағы  гүбірнелік  жылдық  үлгілі  курс-
те  оқып  жатқан  ел  мұғалімдеріне  жолдас  Басым  ұлы  Қа-
жым  «емлеміздің  кемшілігі  туралы  Қазағыстан  ағарту 
камесериетінің ашық қаты жəне Жүсіпбектің жаңа жобасы» 
жөнінен баяндама жасады, жолдас Қажымның баяндамасын 
аянбай  талқылып,  əбден  пікір  алысқаннан  кейін  жиналыс 
төмендегі тоқтамға келді:


158
159
1- у, и дыбыстарының жазылуы
«У, «й»  дыбыстары  жарты  дауыстылар  қатарынан  шы-
ғып,  дауысты  қатарына  кірсін  деген  ұсынысқа  қарсымыз. 
Бұрынғыша жарты дауысты қатарына кіріп жазылып жүрген 
түірн  қуаттаймыз.  Бұл  дауысымызға  мына  таяныштарды 
келтіреміз:
1-Қазақтың тіліндегі бір сөздің ішінде екі дауысты дыбыс 
қатар  келмейтін  заң  бар.  Егер  «у,  и»  дыбыстары  дауысты 
десек, бұл заң талқан болады. Заңды бұзу – сөзді бұзу; сөзді 
бұзу – тілді бұзу болып шығады. «Ай, тау» деген сөздерде 
екі дауысты дыбыс қатар келген болады. «а, й» дың, «а, у» 
дың  дауысты  бола  тұрып  қатар  айтылуын  тіліміздің  айты-
лыс ырғағы көтермеуге керек еді. Мұндағы қатар айтылып 
тұруының  өзі  сол  екі  дыбыстың  біреуінің  дауысты  дыбы-
стан басқа дыбыс екенін көрсетеді. «а» ны ешкім дауысты 
емес деп айта алмас. Сондықтан «и, у» дыбыстары өз өзінен 
дауысты қатарынан шығып қалады.
2-Қандай  жүйеменен  оқытбалық  түбінде  бір  сөздің  бу-
ынын  айыртпасқа  мүмкін  емеспіз.  Буынын  айырғандағы 
сөздің өлшеуші де, өлеңнің өлшеуші де дауысты дыбыстар. 
Бір жолдан бір буын асып, не кеміп кетсе, өлеңнің ырғағы 
келмейді.  Бір  сөздің  ішінде  қанша  дауысты  дыбыс  болса, 
сонша буын болатынына сөздің айтылу заңы, өлеңнің айтылу 
ырғағы дəлел. Олай болғанда «тау, ай» дегендегі сөздердің 
ішінде екі дауысты дыбыс бола тұрып, бір буын болуы заңға 
қайшы. Бұл сөздердің ішінде екі дауысты дыбыс бар десек, 
екі буында бар деуге керек. Бір буын бар деп танысақ – «у, 
и» дыбыстары дауысты қатарынан шығып қалуы керек.
3-Тіліміздің айтылу заңына (қай бір есімдіктерден, ақ-ағы, 
жап-жауып  сөздерінен  басқа)  түбірлері  өзгермейді.  Өзгер-
мейтін  түбірді  қирату – сөзіміздің  жанды  тамырына  балта 
шабу  болады. «Қоры» (шабындықты)  деген  сөзді  «қору», 
болмаса  «қориды»  деп  жазсақ  түбірін  қопарған  боламыз. 
«Қоры» деген сөздің түбірінде естіліп, айтылып тұрған бар 
«ы» дыбысын жоғалтқан боламыз. Сол жоғалтып – жасырған 
«ы»  дыбысын  еріксіз  «қорылады»  деген  сөзде  қайтадан 
тағы  да  ашып  жазамыз.  Ендеше  жоғалмайтын  түбіріндегі 
бар дыбысты жасырып, тіліміздің түбір, тұлғасын бұзудың 
қасиеті не? Бұдан зиян бар. Пайда жоқ. Сондықтан түбірінен 
өзгертпей тұлғасын сақтап оқу, қору, оқиды, қориды, оқылады 
қорылады жазылған дұп-дұрыс.
4-Бір  дыбысқа  екі  таңба,  екі  дыбысқа  бір  таңба  менен 
жазған  емледен  сорлы  «емле»  болмасқа  керек.  Сөзімізді 
дұрыс  оқып,  дұрыс  жазу  үшін  дыбысымыздың  санынша 
«таңба, қарып» болуға керек. Сөйтіп сөзді естілуінше жазуға 
керк. Олай болғанда «оқу, су» сөздерін «оқу, су» түрінде жазу 
естілгенінше болып шықпайды. Айтылуын да- түбір тұлғасы 
бір түрлі болса, жазылуын да- түбір тұлғасы екінші түрлі бо-
лып  шыққан  болады.  Мұның  үстіне  «ұ+у=у» «ы+й=й»  жа-
зып екі дыбыстың орнына бір таңба менен былықтырылған 
болады.
Жазудың бұл түрленулері жеңілдікке, оңайлыққа сүйре-
мейді. Ауырлыққа қиындыққа сүйрейді. Сондықтан біз – «у, 
и» дың бұрынғыша жазылып, тұруына дауыс береміз.
ІІ- Дауысты «ы» дыбысы туралы
«Ы» дауысты дыбыс бас буында, бітеу буында жазылма-
сын, ашық буында ғана жазысын деген ұсынысқа қосыла – 
алмаймыз. Естілгенше ережесіз қай жер болсада жазылсын 
дейміз. Бұл дауысымызға мына таяныштарды келтіреміз:
1- «Ы»  дыбысын  бас,  бітеу  буында  жазбағанда  жазуды 
жеңілдетпейміз, қиындатамыз. Естілген жерге жазбай, «бас, 
тұйық, ашық» буын деген үш ереже жасаймыз. Бұл ереже-
лермен  баланың  басын  қатырамыз. «ырым,  ырыс»  деген 
сөздерді  ережелеп  қиындатып, «бас»  буын  болғандықтан 
«ы»  жазылмай, «рым,  рс»  жазылады  деп  біз  жаттатсақ, 
бітеу  буын  болғандықтан  «р»  мен  «м»  ның  жəне  «р»  мен 
«с»  тың  арасына  «ы»  тағы  да  жазылмай  «рм,  рс»  жазыла-
ды деп екінші рет балалардың миын қатырамыз. Миларын 
қатыру менен қабат бұл дұрыс сөзде болып шықпайды. Сау 
басымызға сақина тілеп алған боламыз.


160
161
2- «ы»  дыбысын  бас,  бітеу  буында  жазбағанда  бар 
сөзімізді жаза алмай қаламыз. Жазғанымызды дұрыс оқи да 
алмаймыз.  Ірі,  ісі,  ығы  деген  сөздердегі  бастапқы  естілген 
«і» лерді бас буын деп алып тастағанда рі, іс, ғы болып жа-
зылады.  Осын  сөздің  дұрыс  тұлғасы  қылып  бала  оқи  ала-
ма? Бала түгел үлкен оқи алама? Бұдан кейін жұрт, құрт, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет