Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет70/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   248
Байланысты:
zhubaeva o khkh gasyr basyndagy kazak tili zhonindegi zertte

ҚЫЗЫЛЖАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ 
ҚАЗАҚ ОҚЫТУШЫЛАРЫ МЕН ПЕДТЕХНИКУМ 
ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ЕМЛЕ ТУРАЛЫ ПІКІРІ
1. Қазақ тілінде ұзын «у» бар дыбыс. Дауысты дыбысты жар-
ты дауысты деп, оның естілген жерінде «ұу» қып жазу орынсыз. 
«Сұу», «бұу», «тұулақ», «шұуда», «ашыу», «азыу», «тасыу»-
лардағы «у» - ұзын «у» жəне бəрінде де бірдей. Сондықтан «у» 
дауысты дыбыстардың қатарына кіру жəне «су», «бу», «тулақ», 
«шуда», «ашу», «азу», «тасу» деп жазылуы керек. 
Дауысты  дыбыстардың  алды-артында  келгенде  (бау, 
уақыт) «у»  дыбысы  жарты  дауысты  дыбыс  секілді  қықа 
естіледі. Бірақ оған қарап ұзын «у» осы жарты дауысты ды-
быс деп айтуға болмайды. Ол үшін тек дауысты дыбыстардың 
алды,  артында  келгенде  ұзын  «у»  жарты  дауысты  дыбыс 
секілді қысқа естіледі деп ескерту жасаса болады. 
Қазақ тілінде ұзын «и» де бар. Жоғарғы ұзын «у» туралы 
айтқан бұған да дəл келеді. Сондықтан «и» де дауысты ды-
быс болғаны жөн. 
2. «Əркім», «əр бір», «от арба», «бас алқа» секілді бірнеше 
түбірден  құралған  бір  мəнілі  сөздер  тұтас  жазылсын.  Бір 
мəнілі сөзді тұтас жазғаннан сөздің тұлға-тұрпатына, мəні-
сіне келер зиян жоқ, жазуға көп жеңілдік келтіріледі. 
3. Бір мəнілі сөздердің ішіндегі дүдəлал дыбыстар (Кенже-
ғұл, Дүйсембай, Жоңқа, Сəрсембі) естілуінше жазылсын. 
4. Бір мəнілі сөз деп сөйлем ішіндегі сөзден мəнісіне қарап 
та, екі түбірден қысқарып, бір-ақ мəнді көрсететін сөздерді 
де айтуға болады.
5.  Тұтас  сөз  ішіндегі  «з», «ж», «с», «ш»  дыбыстары 
түбірінше  жазылу  керек. «Жүжжан», «Жүссом», «Жасса». 
«ашшы»  болмай, «Жүзжан», «жүз  сом», «жазса», «асшы» 
болып жазылсын.
6. Жалғау, жұрнақтың еткен əсерімен көмескі естілетін ды-
быстар түбір сөздің түрін адам тани алмайтындай басқа түрде 
жазылмасын. Əуелгі қалпында жазылсын (түн, түңгі, бұрын, 
бұрыңғы... болмай, түнгі, бұрынғы болып жазылсын).
7. «ы», «ұ»  дыбыстарының  бірі  естілмейтін  «л», «р», 
«у», «и»-мен  басталатын  сөздерді («лобылып», «рұқсат», 
«уақыт», «иə», «рəсім»...  секілді)  салдынан  ұ,  ы  жазудың 
ешбір  орны  жоқ.  Бұл  жазуды  қиындатады,  жоқ  дыбысты 
қолдан əкеп қосқан болады. сондықтан «л», «р», «у», «и» мен 
басталатын сөздерде ы, у дыбыстары сөз басында дүдəмал 
естілсе, («ылобылыб», «ырұқсат», «іресей», «іресім», «ійə», 
«ұуақыт», «ұуақиға»...  болып  жазылуы  керек)  жоғарыда 
айтылған «у», «и»-ге байланысты. 
8. Есімшедегі «алатын», «баратын», «жүретін» дегендері 
«тұн»  жұрнағы  еш  уақытта  тұн  болып  сөйленбейді, «тын» 
болып  айтылады.  Сөздің  мəнісі  өзгермейтін  болған  соң, 
айтылудағы  «ы»  орнына  «ұ»  жазып  қажеттігі  жоқ. «Бара-
тын», «жүретін»... деп жазу керек. 
9. «Үшін», «үркер»  сияқты  сөздерде  жаңа  əліпбе 
комитетінің жобалауындай, ү, ө болмай, ы, е жазылсын.
10.  Демеу,  жалғаулық,  қосылқы,  қосымшалар  (ғой, 
ғана, да, ға, мен) естілуінше «солай ғой», «рас қой», «əлгі-
дей  ғана», «қасақана», «малда», «атта»  болып  жазылсын;     
б) солайғой, расқой, малда... болып тұтас жазылмасын. 
п) «солай ғой», «рас-қой», əлгідей-ғана», «мал-да», «ат-та» 
деп сызықшамен жазудың керегі жоқ. Сызықша қою – жазуды 
қиындатқандық  болады.  Сондықтан  бұларды  сызықшасыз-
ақ бөлек жазған дұрыс (солай ғой, мал да...).


174
175
11.  Сын  есімді  күшейтетін  ып-ықшам,  қап-қара  сызық-
шасыз, бірге жазылуы керек. 
12. «Ай», «ау»  одағайлары  сөздің  соңынан  келгенде 
жеңілдік  үшін  мəнісі  бұзылмайтын  болған  соң  «жапыр-
мау»,  жанымау», «шырағымау»  болып  бірге  жазылсын  да, 
сөз алдында келгенде, бірге жазса да, сөз мəнісі бұзылатын 
болғандықтан, «Ай Қасен», «ау шырағым» болып бөлек жа-
зылсын. 
14 мұғалім, 15 оқушы.
Приложение и постановлению ЦИК КССР 
от 25/VІІ-29 г. за № 9.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет