VІ. Қай бір сөздердің қосылып жазылуы жөнінен
– «Еді, екен, ай, ау» сияқты сөздер жəне «еке» жұрнағы
сөзге қосылып жазылсын – деген ұсынысқа қосыла алмай-
мыз.
1- Қазақ сөзі не жуан, не жіңішке айтылады. Бір сөздің басы
бір түрлі болып, аяғы екінші түрлі болып құйқылжымайды.
Басы жуан болса, сөздің аяғы да жуан болады: сөздің басы
жіңішке болса, аяғы да жіңішке болады. Бұл сөзіміздің ай-
тылу заңы. Ендеше осы заңға қарағанда сөзіміздің бір жағын
жіңішке, бір жағын жуан етіп жазуда, оқуда, айту дұрыс
болмайды, егер «солай» мен «еді, екен» сөздерін қоссақ,
жоғарғы заңға қарсы болады, «солайеді, солайекен» деп бір
тұлғамен жазылған сөздің басы жуан, аяғын жіңішкертіп
жазып – оқыған боламыз. Сол сияқты бір сөзіміздің ішінде
«қ» менен «к, е» лердің бірге қоныс алып жазылуы тіліміздің
айтылыс əуенінше дұрыс емес. Себебі – «қ» келген сөз жуан
болады да, «к, е» лер келген сөз жіңішке болады. Егер – «тарақ,
бұлақ» деген сөздерді «еді, екен» дерге қосып жазсақ,
«тарақекен, бұлақеді» болып шығады. Бұлай жазып-оқу
жоғарғы тіліміздің айтылу қасиетін бұзады. «Ай, ау» сөздері
164
165
менен «екен» жұрнағы да жоғарғы айтқанымыздай қосып
жазуға тіліміздің əуенінше тура келмейді. «Еркем» сөзіне
«ай, ау» ларды қосақтап «еркемай, еркемау» деп жазғанның
жеңілдіккеде, не көріктіліккеде пайдасы жоқ. Тіліміздің ай-
тылуын, сөз əуенін бұзудан басқа қасиеті шамалы. «Аға»
сөзіне «еке» ны қосып «ағаке» деуде жоғарғы айтылған
сөздерімізге жатады.
2- «Еді, екен, ай, ау» ларды бөлек бұрынғыша жазсақ,
бұлардың өздері бір сөз екендігін сақтаймыз. Бұл бір. Екін-
ші – тіліміздің заңын, сөздің əуенін бұзбаймыз. Солай-еді,
тарақ -екен, еркем-ау, аға-еке! деп жазамыз.
3-Бұлай жазу оқытуғада оңай, түсіндіругеде оңай. Қосып
жазуға қарағанда көрінім жер жеңілдігі бар, сондықтан
қосылмай бұрынғыша сызықша (-) менен айырылып жазыл-
ғанын қуаттаймыз.
VІІ- Келе –алмайды. Бара-алмайды сияқты сөздердің
жазылуы
Жоғарғы «еді, ау» лардың жазылуы қандай тіліміздің
заңынша, сөздің айтылу қасиетінше дұрыс болмаса, «бара-
алмадым, келе-алмадым» деген сөздерді де қосып жазу
сондай дұрыс емес. Сондықтан бұған көп тоқталудың да
қажеті жоқ. «Күла алмадым, білалмадым» жазу дұрыс емес.
Бұрынғыша «күле-алмадым, біле-алмадым» жазылуы дұрыс
дейміз, бұған айтатын дəлелдеріміз VІ- баянадағы «еді, екен»
сөздерінде айталған.
VІІІ- «б, п» лердің жазылысы жөнінен
Тілімізде қай бір сөздер бар. Бұлардың аяғына келген
«б» анық естілмей, «п» естілген сияқты болады. Мисалы –
«сап, топ» сөздері сияқты. Осы күнгі көтерілген мəселеде
осылардың не «б» менен, не «п» менен жазылуында болып
тұрғандай көрінеді.
Мұны шешу үшін алды менен сөздің түбіріне қосымшалар
жалғанғандағы өзгеріс қасиетіне сер салуға керек деп таба-
мыз. Сөз өзгере қалған күнде «п» естілмей, «б» естілетін бол-
са, ол түбір сөздің дүдəмал қарпі «б» менен жазылуға керек.
1- «Шөб, жаб» деген сөздерді «шөбі, жабады» деп
айтсақ түбірінің аяғындағы естіліп тұрған дыбыстың «б»
екенін табамыз. Сондықтан өзгергенде «б» естілгендіктен,
түбіріндеде «б» жазуға керек, егер былай жазбасақ түбірін
қопарып жіберген боламыз.
2- Осындай өзгерткенде «б» болып естілмейтін сөздің
ортасында келетін дүдəмал «б, п» ларды «п» менен жазуға
керек. Бұлай жазу естілгенше болып, балалардың үйренуіне
жеңілдік келтіреді. Мисал. «Ақпан, аппақ» болып жазылмай,
«ақпан, аппақ» болып жазылу жөн.
3- Түбір сөздің өз аяғында емес, көсемшенің үнемсіз
белгісі болып түбір сөздің аяғынан жалғанып қосылатын
«ып» буыны бар. Осыны жазып, оқып, барып деп жазып
келдік. Бұларды да естілгенінше «ып» жазудан келетін түк
кемшілік жоқ. Сондықтан бұлардың «ып» буыны болып,
естілгенше жазылуын қуаттаймыз, сонда жоғарғы сөздері-
міз – жазып, оқып, барып болып жазылады, қысқаша «б, п»
туралы қосатын дауысымыз осылар.
ІX Үстеме «х» дыбыстарын алу туралы
«Х» дыбысы сөзімізде көп естілмейді. Шыққанда «хау-
хау, ахаха…» деген сөздерде болмаса жоқтың қасы. Жоғарғы
сөздерді «қ» менен жазсада болады, мағынасы өзгермейді,
сондықтан жоқтың қасындағы аз сөздер үшін оның таңбасын
орындарлық «қ» болып тұрғанда «х»-ны тағы жамаудың
қажеті жоқ деп білеміз.
«һ» дыбысы сөзімізде көп келеді. Əсіресе одағай «һ» сіз
жандана алмайды. Мұның орнын басарлық бізде «таңба»
да жоқ. Басқа таңба менен алмастырсақ сөзді естігенше
жаза- алмаймыз. Бұл кемістік сөзіміздің мағынасын бұзады
«һ» таңбасының жоқтығынан осы күнге шейін «аһ, үһ» де-
ген сөздерді жаза алмай келдік. Бар сөзді, жаза алмауымыз
мықты кемшілік. Ендеше бұл кемшілікті жою үшін «һ» таң-
басын алу керек дейміз.
166
167
X – Жат сөздер жөнінен
Жат сөздерді қазақшалау, болмаса өзін алу жөнінен қыс-
қаша айтқанда төменгі пікірдеміз:
1- шеттен келген сөздерге үйлесімді өзімізден дайын
лайықты сөз болатын болса қазақшалаған жөн.
2- Өзімізде лайықты сөз болмаған күнде, тыңнан жасал-
ма сөз жасап былықтырудың қажеті жоқ. Оданда сол сөздің
өзін алуға жөн.
3- Сол сөздің өзін алғанда қазақтың тілінің сарыны-
на түсіріп, сөз əуеніне, дыбыс заңына келтіріп алу керек.
Олай болмай шет сөзді өз күйінше аламыз десек, тілімізді
шұбарлап алған боламыз.
Емлеміздің жөнінен көтерілген жоғарғы мəселелерге көз
қарасымызды білдіріп ортаға салу үшін, осы біздің дауы-
сымызды «Еңбекші қазақ» пенен «Жаңа мектеп» тің басып
шығаруын өтінеміз.
Байсамбай ұлы
Құрысбек ұлы
Достарыңызбен бөлісу: |