210
211
Мен: «– Жоқ, Ленин жолдас, үкімет кеңселерінде əзірге
осы сөйлесіп отырған тіліміз жүріп тұр деп» жауап бердім.
Əрине, бұл бір мысал тілдің кеңседегі рөлі саясат ісінде
жүрген жолдастарға бұл бес-алты жылдың тəжірибесінен-
ақ белгілі деп шамалаймын. Мұнымен біреуге ақыл үйретіп
жол көрсетейін деген оймен айтпаймын, осындай үлкен бір
мəселенің текнике жоғынан болмай тоқтап тұруын ғана ай-
тайын деймін.
Қазақ тілін кеңсеге кіргізейін десең баяғы айтқан жазу
мəшинесі керек. Жазу мəшинесі жоқ деп бір мəшинесі
орнына бес-алты шала Мырза алуға үкіметтің ақшасы
жоқ. Енді мəшине керек десең осы күнгі жазып жүрген
əрпімізге ... жамап болмауы. Мəскеу, Қазандағы татар, орыс
мамандарының тəжірбиелері көрсетті. Əріпті дараламалық
технике жағы шешіледі, жазу мəшинесі де болады» деп
былтырғы жиылыстағы уəделерге қарасаң бүгін сол азамат-
тар «даралау» жолынан қайтып жəнə ескіше қосылма əріп
жолына кетіп отыр.
Мұның себебі: білім ордасында жасалған мəшинелердің
жазуын жұрттың оқи алмауы. Қазақ республикесіндегі гүбер-
не комитеттерінің барлығыныңда бұл əңгімеден хабары жоқ.
«Комиссарлар кеңесінің қаулылары сол керемет мəшине-
де басылып гүбернелерге жібергенді, оқи алмадық деп орын-
борға қайырған сол камитеттер ғой! Тəжірибелерінен түк
шықпайды, өтіп барады тек заман деп қуанып айтпаймын,
тəжірбиелерінен түк шықпайды, тек заман өтіп барады деп
жабығып айтамын. Техникеге келсін десең араб əріптерінің
табиғаты, түрі, пормасы қатты өзгеру тиіс.
Бірақ бұл күндерде арабшылдардың ойы жазудың пор-
масын өзгертпей, кілебіштерді (клавиши) əр əріпке қарап
жасау, əр əріптің түріне, салмағына қарап лайық клебіш ою
(индивидуальный скачок) бірақ қазанда жасалған тəжірбие
мұның мүмкін емес дігін көрсетті ғой! Əрине, «сонда да
тағы бір тəжірибе қылалық» десе, бұған кететін ақша желге
кеткен ақша болмай ма?
Бұл арада өткен уақыт бос өткен өмір, қазақ тілінің кең-
сеге кіруіне амалсыз жасалған бір бөгет.
Күтіп жату қазақ республикесінің мəдениетіне, саясаты-
на, жұршылығына қанша пайдалы екен? Осыны қазақ гезіт-
терінде шешіп беруге жарайтын қанша адам табылар екен?
Мұнда қол жазу мəшинесінің кеңсеге керектігін айттық,
бірақ жазу мəшинесінің баспа ісінеде керектігін есте тұту
керек. Баспа ісінде ең көп пайда беретін мəселе «лино-
тип» (линотип) болады. Бір линотип сегіз əріп терушінің
орнын басады. Сондықтан кітептің арзан болуына шырай-
лы көркем болуына (линотиптің) үлкен пайдасы бар. Бірақ
жазу мəшинесі болмақ линотиптан қалай пайдаланбақ? Осы
күндерде линотиптің жоқтығынан көріп жатқан сауаптары-
мызды кім санап берер? Бұлардың барлығын ойлағанда есіңе
Түркиеде болып жатқан істер келеді. Тұрмыс керек деген еді:
Сұлтан. Қалпаныда Еуропа қуды. Шариат дегенінде мемле-
кет ісіне қатыстырмай қойды. Үкімет бұйрық шығарып мек-
тептерде оразаны да бітірді. Текие заупаларында (текие деп
дербістер тұратын ұйымдарды айтады) жойды, молда, имам
емес кісілерге шалма-сəлде киюін де тыйды, барлық жұртқа
«шəпке» киюге бұйырды, əйелдердің беттеріне баяғыдан
келе жатқан «пеше»-лерін де тастатқызып жатыр, дін ай-
ында шыққан жорналдарды да жапты. Тұрмыстың күші деп
осыны айтады ғой!
Нəзір
Мəскеу, 15 октябрь, 1925 жыл
Басқарма: Нəзір жолдастың бұл мақаласы айтыс ретінде
басылып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: