203
Тұйық буын «ы» жазылмасын деп Малабайұлы да айта-
ды, бірақ келтіретін дəлелі жоқ.
Бұл «ы» туралы Əбділда мен Сəбит пікір айтпайды.
7. Сөз басында «ұ» мен «ы» естілген жерде қоймай жазы-
ла берсін. Мысалы, ұрықсат, ылайық (Есенғали).
Бұл туралы өзгелердің пікірі жоқ. Бұдан соңғы бір ерек-
ше пікірді Малабайұлы айтады:
«Орыста ё, ю, я деген дауысты дыбыстар бар. Бізде де
солар сияқты айрықша дауыстылардың таңбалары болуы ке-
рек», – дейді.
Бұ кісі əріпті азайтады, емлені оңайлатады десе, көбейтіп
қиындатуды ұсынып отыр. Орыстың ол дыбыстары екі
əріптен құралғанын бұ кісі ескермей отыр ма? Əлде солай
жазғанына орыс білімпаздары ырза деп біле ме? Қалай да
бұл оғашырақ, жатырақ пікір. Бірақ пəлендей келтіретін
дəлелі жоғырақ боп қалған.
Мұның ішінде тағы бір ескеретін нəрсе, Есенғали жолдас:
«демеу, жалғаулық, қосалқы, қосымша сөздер бірге жазылсын»
деп бəрін жалпағынан бір-ақ айдаған. Мұны кішкене жіктемесе,
болмайды-ау дейміз. Демеу дегеніміз, орысша айтқанда «союз».
Ол бізде да, ғана, ғой, ма, бірақ, əйтсе де, қайткенмен... деген
сөздер боп шығады. Мұның бəрін мұрнынан тізіп, бірге жазуға
бола ма екен? Қосалқысы да демеу ғой.
Ал «жалғаулық» деп отырғанымыз: «мен», «бен», «үшін»,
«туралы», «тақырыпты» сияқты сөздер. Мұның ішінде ыңғай-
лы тұрған «мен», «бен» болмаса, өзгелерін тұтас жазудың реті
қалай болар екен?
«Қосымша» деп отырғаны жалғау, жұрнақтар болса,
олардың бірге жазылуына талас жоқ. Бұрыннан солай жазы-
лып жүр ғой.
Қ.Ж.
Достарыңызбен бөлісу: