Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет96/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   248
Байланысты:
zhubaeva o khkh gasyr basyndagy kazak tili zhonindegi zertte

ТАТАРША ЖАЗУ МАШИНЕСІ
Мынау татарша жазу машинесін жасаған Ідіріс ұлы Мұ-
қаметтің сүгіреті» алдындағы машине де соныкі.
Ідірісі ұлы Мұқамет соңғы кездерде баспақанадағы қаріп 
ұйаларын  тəртіпке  салу,  қаріп  жөндеу  мен  шұғылданып 
жүрген азаматтың бірі еді. Қазір ол татарша жазу машинесін 
шығарып отыр.
Татар  арасында  жазу  машинесін  шығару  талабы  көптен 
бар еді.
Ғибадолла  Алпарып,  Мадебарып,  Шайық  Ғалми  деген-
дерде бұрын машине істеп қараған. Татарша жазатұн маши-
не  амырикеден  де  істеліп  келген.  Бірақ  мұның  бəрі  көңіл-
дегідей болып шықпаған. Енді қазір Мұқамет жолдас «үндер 
бұт» машинесін татаршаға айналдырып алған. Бұған ол арап 
қарпінің дара түрін (бас белгісін) қана орнатқан.
Мұқамет  машинесі  жайынан  Мəскеуде  шығатұн  «Ісші» 
газеті (№243) мынаны жазып отыр: 
«… Ідірісі ұлы Мұқамет жолдастың машинесі əрі қолайлы, 
əрі жазуды сұлу шығарады. Бұл машине мен басып үйренуде 
оңай.  Ыңғайлы  болуының  үстіне  өзі  арзанғада  түсетұн. 
Көптеп істегенде бір-біреуі 300 – 350 сомнан артпайтұн сы-


242
243
қылды.  Бұл  машиненің  тағы  бір  үлкен  қасиеті – бұл  өзі 
жазуы  бір  күншығыс  елдерінің  бəрінде  жарайтұн  болып 
жасалған.  Мұнысына  қарағанда  Мұқамет  мəшинесі  үлкен 
үмқт тұуғызып отыр. Күншығыс елдерінің бəріне де жарап 
кетсе, бұл мəшине сөзсіз көп істеліп, көп тарайды ғой.
Мұқамет  машинесі  кеңсе  істерін  жүргізуге  үлкен  пай-
да келтіруі анық болса, оның үстіне тағы бір пайдасы бар, 
ол  мынау:  мұны  мен  баспаға  берілетұн  кітаптар  жазба-
сын  көшіруге  болады,  жанада  газет  басқаларды  мақала, 
қабарларын осы мен басып беретұн болса, мұның да пайда-
сы аз тимейді….» дейді.
Міне Ідірісі ұлы Мұқамет жолдас шығарған жазу маши-
несінің жайы осы. Бұл машине осы айтқандай болып шық-
са, жазу-сызуы бір күншығыс елдері үшін үлкен олжа екен-
дігінде сөз жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет