ұ мен ы-ның артынан келгенде, ұзын естіледі, мысалы:
ұу, қосу. Басқа дауысты дыбыстардың алды, артынан кел-
генде, қысқарып естіледі деуіміз керек (мысалы: ауқат,
уақыт, аудан, ауыз). и – дауыссыз дыбыстардың алды-
артынан келгенде дауысты естіледі. Мысалы: ит, Əли,
Жəми, ине, мəдени, қима, пима. Қ мен ғ əрпінің артынан ғана
жуан естіліп, басқа дауыссыз дыбыстардың алды-артынан
жіңішке естіледі. Сондықтан олардың артында жуан естілу
керек болғанда ғана алдына қою керек. Мысалы: жіңішкесі
ит, жуаны тый.
Қай жерде болса сол жерде «и» алдынан, мəселелен: «Ыйса»,
«сыйса», «киім», «тыйын» сықылдыларға «ы» қосылмай-ақ,
«Иса», «сиа», «киім», «тин» – жазылатын болсын.
Міне, қысқаша түрде айтылған негіздерді қолдансақ,
емленің негізі де дұрыс болады, жазу жинақы, көркем,
түсінікті болады.
Ескі емленің сарынымен у, и жазған уақытта қай жерлер-
де қысқа етіледі екен деп, ол дыбыстардың негізін бұзу жа-
рамайды. Негізі қандай заңға құрылғанын жоғарыда айттым.
Емлеге айрықша ұсынатыным осы. Басқа өзгерістері тура-
лы Қызылжардағы қазақ оқушыларының қорытқан пікіріне
қосылам.
Малдыбайұлы Білəл
Достарыңызбен бөлісу: |