қосымшаның қызметіндей болады екен. Сондықтан, мұның екі тарауына ат
қойғанда да, мұндағы қосымшаның екі тарауына қойған атпен ұқсас ат қою керек
болды. Үйткені, қосалқының бірқатары атқаратын қызметтеріне қарай
қосымшаның жалғаулары сияқты болады екен де, енді бірқатары қосымшаның
үстеулері сияқты болады екен. Осы ұқсастық, осы жақындықты бұл категорияға
қойылған аттардың – терминдердің де көрсетіп тұруы керек болды.
Біріне-бірі ұқсас категорияларды ұқсас аттармен атасақ, терминіміздің өзі тек
өзінің нендей қызмет атқаратынын ғана көрсетіп қоймай, басқа категорияларға да
қандай жақындығы, қандай алыстығы барын көрсете кететін болады. Сондықтан,