191
1991 жылдың көктемiнде анық байқалды. Бұл кезде Қазақстанда дербес саяси және
қоғамдық бiрлестiктер саны 120-дан асқан едi.
243
Қазақстанның мемлекеттiк тәуелсiздiк бағытында қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң
кезектен тыс XIV сессиясының шешiмдерi ерекше орын алады. Бұл сессияда төрт заң
жобасы, яғни: ”Қазақ КСР Конституциясына (Негiзгi Заңына) өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу туралы”, “Қазақ КСР-iндегi тiлдер туралы”, “Қазақ КСР-нiң халық
депутаттарын сайлау туралы” және “Қазақ КСР-iнде халық депутаттары жергiлiктi
кеңестерiнiң депутаттарын сайлау туралы” шешiмдер қабылданды.
Жаңару кезеңi Қазақстанда тек жасампаздық ғана емес, көптеген қиындықтың
жойылуына да жол бердi. Әлеуметтi реттеудiң жаңа механизмiн жасау экономикалық,
саяси және өзге қоғамдық байланыстардың дамуынан едәуiр артта қалып қойған
жағдайда қалыптасты. Әкiмшiлiк-әмiршiлдiк жүйенi ыдырату қоғамдық басқарудың
оған сай келетiн жаңа құрылымдарын дер кезiнде єµру iсiмен алмастырылмады. Өкiмет
дағдарысының белгiлерi анық байқала бастады: партиялық-авторитарлық қатынастар
кәдеге жараудан қалды, ал Кеңестердiң саяси беделi қоғамдық қатынастарды реттей
алмады.
Қазақстанның саяси және заңды тәуелсiздiк алуында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесi
1990 жылы 25 қазанда қабылдаған Қазақстанның мемлекеттiк егемендiгi туралы
Декларация маңызды рөл атқарды. Көлемi жағынан шағын, бiрақ мазмұны бай құжат
Қазақстанның егемендiгiнiң нығаю процесiнде темiр қазыққа айналды.
Бұл оқиғаның алдында бұқаралық демократиялық қозғалыстар, экологиялық,
жұмысшылар, әйелдер мен жастар қозғалыстары қоғамдық өмiрде нық орын алып,
бұқаралық сана саясатқа бой ұра бастаған болатын. Бұл процесте қазақ КСР-iң он екiншi
сайланған (1990 жылдың сәуiрiнде) Жоғарғы Кеңесi сындарлы да белсендi позиция
ұстанды. 1990-1991 жылдары қабылданған республика заңдары негiзiнде әрбiр адамның
бостандығы мен ар-намысын бiлдiруi үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз етуге
елеулі көңіл бөліне бастады
Қазақ тарихында тұңғыш Республика Президентiнiң сайлауы 1991 жылы 1
желтоқсанда өттті. Халықтың демократия үрдісінде өз еркiн бiлдiруi нәтижесiнде ел
Президентi болып Н.Ә.Назарбаев сайланды. Осы жылдары прокуратура, мемлекеттiк
қауiпсiздiк, iшкi iстер, юстиция орындары партиялық бақылаудан арылып, Қазақстан
қорғанысы комитетi құрылды, мемлекеттiк кәсiпорындары мен ұйымдар одақтық
биліктен босатылып, қазақ КСР Үкiметiнiң құзырына берiлдi, Республиканың сыртқы
экономикалық қатынастары егемендік алып, мемлекеттің алтын қоры мен алмас қоры
құрылды.
1991 жылы 10 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Кеңесi Қазақ КСР-ын
Қазақстан Республикасы деп атау туралы шешiм қабылдады, ал 1991 жылы 16-шы
желтоқсанда Жоғарғы Кеңес еліміздің мемлекеттiк тәуелсiздiгiн жариялады. Cол күнi
Достарыңызбен бөлісу: