“Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi” атты заң қабылданды. Осы
құжат бойынша қазақ елi аумағында халық бүкiл билiкке ие болып iшкi және сыртқы
саясатын дербес белгiледi, республикамыз әлемдiк деңгейде тәуелсiз, демократиялық
және құқықтық мемлекет тұрпатында бүкіл әлемге таныла бастады. Сондай-ақ бұл
құжат тәуелсiз мемлекеттiң болашақ Конституциясының iргетасына айналды. Cол
сәттен бастап Қазақстан Республикасы барлық мемлекеттермен өзара қатынасын
халықаралық принциптерiне ыңғайлып құрып келедi.
Қазақстан егеменденуi барысында Республиканың жаңа елтаңбасын әзiрлеу
мәселесi туындады. Ашық конкурс нәтижесiнде оған 245 үлгi түстi. Ұзақ және өткір
пiкiрталастардан кейiн Ж.Мәлiбеков пен Ш.Уәлиханов сияқты белгілі сәулетшілер
дайындаған көгiлдiр аспанда шаңырає бейнеленген, онан күн сәулесi секiлдi уықтар
жан-жаққа тарап, ол санатты тұлпармен кәмкерiлген Мемлекеттiк елтаңбасы
қабылданды.
Егемендi мемлекеттiң тағы бiр рәмiзi-әнұран (гимн). Мемлекеттiк әнұран - ресми
салтанатты поэтикалық-сазгерлік шығарма, ол мемлекеттiк елтаңба және тумен бiрге
егемен мелекеттi бейнелейдi. Мемлекет дербестiгiнiң атрибуты ретiнде әнұран ресми
192
рәсiмдер кезiнде, мереке күндерiнде және заң актiлермен белгiленген салтанатты
жағдайларда орындалады.
Қазақстан әнұранының сазына жарияланған конкурсқа 51 жұмыс және өлең
мәтiнiнiң 132 нұсқасы түстi. Алайда олардың ешқайсысы 1944 жылы М.Төлебаев,
Е.Брусиловский және Л.Хамиди жазған Мемлекеттiк әнұран сазынан асып түсе алмады.
¤лең мәтiнi бойынша жарыста ақындар Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев және Ж.Дәрiбаев
жазған мәтiн озып шығып, бұрынғы әуенге лайықталды.
Мемлекет егемендiгiнiң тағы бiр рәмiзi-оның туы (байрағы). Ту түсi ұлттық
ерекшелiгiмен айқындалады. Мемлекеттiк тудың баяны, оны iлудiң тәртiбi, орны және
басқа шарттары арнайы шектiлi-құқықтық актiмен, көбiнесе заңмен белгiленедi.
Өркениеттi елдерде мемлекеттiк туды заңсыз пайдалану немесе оны қорлау заң
жолымен жазаланады.
Республиканың Мемлекеттiк туы тiк бұрышты көгiлдiр түстi мата, оның
ортасында сәулесi шашыраған күн, оның астында қалықтай ұшқан бүркiт. Ту сабына
таяу төмен қарай тiк түскен ұлттық нақыш салынған. Күн, cәуле, бүркiт және нақыш
алтын түстес. Мемлекеттiк тудың авторы суретшi Ш.Ниязбеков болды.
1992 жылы 4-шi маусымда “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы
туралы”, “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы туралы” ҚР-ның
заңдары қабылданды.
Мемлекет егемендiгiнiң тағы бiр көрсеткiшi – тәуелсiз ақша жүйесi. Ақша-тарихи
даму жемiсi екенi аян, оның рөлiн әртүрлi тауарлар атқарған замандарда да қазақ халқы
басынан өткен. җµєыєтыє тәуелсiздiкке ие болғаннан кейiн қазақ ақшасын енгiзу
мiндетi туындады. 1993 жылғы қарашадан берi Қазақстанның өз валютасы - теңге
айналымға ендi. 1961-1992 жылдар үлгiсiндегi 500 сом 1 теңгеге тең деген есеппен
республикада 1 триллион 910 миллиард сом алмастырылды. Алмастыру кезеңiнде
АҚШ-тың бiр доллары 5 теңге 70 тиынға, Ресейдiң 1000 рублi 4 теңге 21 тиынға
баланатын болды.
1993 жылы 28 қаңтарда Республиканың Жоғарғы Кеңесi тоғызыншы сессиясында
тәуелсiз қазақстанның Конституциясын қабылдады. Онда елдiң конституциялық
құрылысының төмендегiдей негiздерi жарияланды:
- Қазақстан Республикасы (Қазақстан) - демократиялық және бiртұтас мемлекет.
өзiн-өзi билейтiн қазақ ұлтының мемлекеттiгiнiң пошымы ретiнде Қазақстан
Республикасы өзiнiң барлық азаматтарына тең єқұқықтарды қамтамасыз етедi;
- Қазақстан Республикасының аумағы тұтас, бүлiнбейтiн және қол сұғылмайтын
аумақ;
- Қазақстан Республикасы адамды, оның өмiрiн, бостандықтарын және етене
құқықтарын ең жоғары құндылық деп бiледi және өз қызметiн азамат пен қоғамның
мүддесiне орай жүзеге асырады;
- Қазақстан Республикасы өз Конституциясы мен заңдарының шеңберiнде
қимылдайтын қоғамдық бiрлестiктердiң тең құқықтық мүмкiндiктерi болуына кепiлдiк
бередi. Қоғамдық бiрлестiктердiң идеологиясы мемлекеттiк идеология ретiнде орнатыла
алмайды;
- Қазақстан Республикасында мемлекеттiк Үкiмет оны заң шығарушы, атқарушы
және сот құрушы билiктерге бөлу принципiне негiзделедi;
- Қазақстан Республикасы Конституциясының ең жоғарғы заңдық күшi бар, оның
нормалары тiкелей iске қосылады. Коституция ережелерiне келмейтiн заңдар мен өзге
актiлердiң заңдық күшi болмайды;
- Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiл - қазақ тiлi. Орыс тiлi - ұлтаралық
қатынас тiлi. Мемлекет-ұлтаралық қатынас тiлiнiң және басқа тiлдердiң қолданылу
аясының сақталуына кепiлдiк бередi, олардың еркiн дамуына қамқорлық жасайды.
Азаматтардың мемлекеттiк тiлдi немесе ұлтаралық қатынас тiлiн бiлмеуiне қарап
олардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге тиым салынады.
Ел басқару құрылымы радикалды түрде өзгертiлдi. Бұдан былай республикада
өкiмдер институты енгiзiлдi, яғни Президент өзiнiң өкiмiмен республика атқару
орындарының жетекшiлерi мен облыс өкiмдерiн тағайындайтын болды. Жергiлiктi
жерлердегi атқарушы үкiметте реформаланды: атқару комитеттер жабылып, олардың
орнына жергiлiктi әкiмшiлiктердiң жүйесi қалыптасты. Жергiлiктi өкiмдердi тағайындау
193
және қызметiнен босату қатаң түрде жоғарыдан төмен: Президенттiң және өкiмдердiң
шешiмiмен iске асырылатын болды.
1993 жылдың желтоқсанынан бастап “Қазақстан Республикасының жергiлiктi
өкiлдiктi және атқарушы органдары туралы” заң күшiне ендi. Осы заңға сәйкес өкiлдiктi
және атқарушы органдар тиiстi аумақтың әлеуметтiк және экономикалық даму
бағдарламасының орындалуын, жергiлiктi жерлерде Конституцияның, заңдардың,
Республика Президентi мен Министрлер Кабинетi актiлерiнiң, жоғары тұрған
маслихаттар мен әкiмшiлiк басшылары шешiмдерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi.
Мәслихаттар өз құзыры шеңберiнде қызметiн дербес атқарады және жоғарыдан төменге
дейiнгi бағыну қатынастарына тәуелдi емес.
Жаңа Конституция шын мәнiнде қаракетке қабiлеттi сот билiгi негiздерiн қалады.
құқықтар сот көмегiмен қаншалықты қорғаса ғана соншалықты дәрежеде қалтқысыз
жүзеге асады. Тұңғыш рет дүние жүзiлiк практикада қалыптасқан Конституция, оның
баптарын сот арқылы қорғау тәртiбiне ыңғай бiлдiрiлдi. Ол үшiн Қазақстан
Республикасының Конституциялық сот құрамы қалыптастырылды. Бұл жаңа органға
заңдар мен өзге актiлердi, халықаралық шарттар мен өзге мiндеттердiң Конституцияға
сәйкестiгiне байланысты түскен талаптарды қарау жүктелдi.
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдаудың орасан зор
сыртқы саяси маңызы болды. Ол қазақ елiнiң халықаралық көлемдегi беделiн нығайтты.
Ата Заңын қабылдап - Қазақстан тұрақты болашаққа сенiммен қарайтын мемлекет екенi
туралы дүниежүзiлiк қауымдастыққа паш еттi.
Қазақстан Республикасының экономикасындағы құрылымдық өзгерiстер.
Қазақстандағы жүргiзiлген экономикалық реформа елдегi органдарының экономикалық
басқарудағы рөлi, орны мен функциясын түбегейлi өзгерту жолдарын қарастырды. Жаңа
жағдайда министрлiктер де өз функциясын өзгерттi. Олардың ендiгi мiндеттерi
өнеркәсiптердi басқару емес, өндiрiстiң техникалық жағынан дамуына, салааралық
өркендеуге дұрыс бағдар таңдау жұмыстарымен айналысатын болды.
Екi жақты тиiмдi ынтымақтастық мақсатында икемдi өндiрiстiк құрылым жасау
үшiн экономикалық реформаны дамыту жағдайында 35 стационарлық қоғам, 75
салааралық сыртқы экономикалық ассоциациялар, 30-ға жуық концерндер мен
консорциумдер, 30-дан астам коммерциялық банктер құрылды.
Нарықтық құрылымның дамуын жеделдету мақсатында мемлекет меншiгiнен алу
және жекешелендiру жоспары жасалды. Ең бiрiншi кезекте нәтижесiздiк танытқан
мемлекеттiк секторларды жекешелендiру қажет болды. Қазақстандағы жекешелендiру,
салық салу реформасы, бағаны қалыптастыру, еңбектi өтеу және бөлектену саясатымен
қатар жүзеге асырыла бастады.
Нарықтық экономикаға көшудiң құқылық негiздерiн құру мақсатында Республика
Парламентiнде көптеген заңдар мен нормативтiк актiлер жасалды. Оған: “Қазақстан
Республикасындағы меншiк туралы”, “Қазақстан Республикасындағы кәсiпкершiлiктi
дамыту және шаруашылықтағы қызмет бостандығы”, “Қазақстан Республикасындағы
шетел инвесторлары”, “Қазақстан Республикасындағы банктер және банктiк қызметтер”
т.б. заңдар.
Монополиялық қызметтiң шектелуi туралы заңның мақсаты - нарықты басқару
механизмiн
енгiзу,
ерiктi
бәсекелестiк
пен
кәсiпкерлiктi,
республикадағы
сұранымдылықты қорғауды қамтамасыз ету. Онда монополиялық басқару құрылымын
тарату, олардың тууына жол бермеу, тауар нарқында сапасыз бақталастықты жою
шаралары белгiленген. Сонымен қатар, мемлекеттiк монополия электрқуат, құрылыс,
темiржолды пайдалану, қорғаныс қажеттерiн қамтамасыз етуде, ғарышты зерттеу
жұмыстары және магистральдi құбыр жүйелерiнде, коммуникация және байланыс
құбырларында таралды.
Iскерлiк белсендiлiктiң өсуi жаңа банктiк құрылымның жасалуына өсер еттi, бiрақ
құрылымдық өзгерiстер республикада материалдық әл-ауқатты жақсартпады. өндiрiстiк
тұтыну тауарлары мен қызмет көрсету қысқартылды. Кейбiр жағдайларда халық
сұранымына сәйкес мемлекеттiк өндiрiс орындарының тоқтатылуы, сұраным
секторлары бағасының күрт жоғарылауына әкелiп соқты.
1991 жылғы қаңтар айындағ бағаны босату алғашқы сатысында-ақ ол 186,4 есе
өссе, 1992 жылғы сәуiр реформасынан кейiн 554,5 есеге жеттi. Осы жүргiзiлген
194
шаралардың нәтижесiнде ақшаның құны түсiп кеттi. Ресей ақшасының ауысуы
Қазақстандағы ақша айналымына керi өсер еттi. Халықтың тапқан айлық жалақысы
тамағынан аспады. Ауылдар арасындағы қатынас мүлдем қиындап кеттi. Күрделi
тұрмыстық техникалар, мәдени шаруашылық тауарларының да бағасы өсуiне
байланысты
тұтынушылар
оларды
еркiн
пайдалана
алмады.
Мысалы,
радиоқабылдағыштар орта бағасы тамыз айының соңында 330 мыңға жетсе, шетелдiк
теледидарлар 1 миллионнан асты. Ал бiр камералы тоңазытқыштар бағасы 600 мың
сомға жеттi. Қаңтар айынан тамызға дейiн өндiрiстiк тауарлардың бағасы бiрнеше есеге
өстi.
Мемлекеттiк көмектесу, қарайласу саясатына қарамастан нан өнiмдерiне баға
мейлiнше жоғарылады, тамыз айының соңында 1 килограмм тоқаш нанның бағасы 60
сомға барды. Ендi түсiрген пайдасына, тұрмысына қарай адамдар бөлiне бастады.
Нарыққа көшу саясатының бұрмалануынан өз жағдайын алыпсатарлық, делдалдық, пара
алумен түзеген адамдар тобы пайда болды. Жәбiр-жапа көрушiлiк орын алды. Бар
байлықты өндiретiн жалақыдан жалақыға дейiн өмiр сүретiн халық екенiн ескерсек,
мұндай қателiктiң алысқа бармауы заңды да едi. Осы кезеңде көп балалы отбасы мен
зейнеткерлер қиындықта қалды. Нәтижесiнде елде тiптi XX-шы ғасырда кезiкпеген
қайыр сұраған адамдар тобы пайда болды.
Қабылданған шаралардың нәтижесiздiгiнен 1993 және 1994 жылдары Қазақстан
Республикасындағы әлеуметтiк-экономикалық ахуалға материалдық өрiстiң барлық
салаларында өндiрiстiң одан әрi құлдырауы, еңбекшiлердiң тұрмыс деңгейiнiң
төмендеуi тән болды. Инвестициялық қызмет күрт төмендедi. Күрделi қаржы жұмсау
көлемi төмендеуiнiң үштен екiсiнiң астамы өндiрiстiк салаға тиесiлi болды. Барлық
қаржыландыру көздерi есебiнен құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзу көлемi 69
процентке қысқарды. 1994 жылы экономика салаларындағы дағдарыс ушыға түстi. Ақы
төлемеу экономиканың барлық салаларын дәрменсiздендiрдi, бюджеттiң тапшылығы
арта түстi. 1994 жылы жалпы өнiмнiң көлемi 1993 жылмен салыстырғанда 25 пункт
қысқарды. өнеркәсiпте өндiрiс көлемi 1994 жылдың қаңтар мен желтоқсан аралығында
1993 жылдың тиiстi кезеңiмен салыстырғанда 71,5 процент ғана болды.
Қазақстан экономикасындағы қиын жағдай халықтың еңбекпен қамтылу
проблемасын шиеленiстiрiп жiбердi. 1994 жылдың 1 қаңтары на 346 мың адамы бар 728
кәсiпорын өндiрiстi толық яқи iшiнара тоқтатты немесе толық емес жұмыс аптасына
көштi; 1994 жылы дабырланбаған жұмыссыздық көбейдi. Республика бойынша жалпы
алғанда 160 мыңдай адам жалақысы сақталмаған немесе iшiнара сақталған амалсыз
демалыста болды.
1994 жылдың аяғында еңбекпен қамту қызметтерiне жұмысқа орналасу мәселесi
бойынша 19,5 мың адам өтiнiш жасап, олардың шамамен әрбiр екiншiсi (43,8%)
орналастырылды. Республика бойынша 1994 жылы ресми тiркелген жұмыссыздар саны
113 мың адам болды, бұл 1993 жылғы деңгейден 45% жоғары едi. 1994 жылғы ұлттық
табыс өндiру деңгейi жағынан Қазақстан Республикасы 1976 жылғы деңгейге
құлдырады.
1995 жылы үкiметтiң реформаларды тереңдету және экономикалық дағдарыстан
шығу жөнiндегi бағдарламасы мен жоспарына сәйкес бiршама қатаң бюджет және ақша-
қаражат саясатын жүргiзу, сыртқы экономикалық саясатты ырқына жiберу, меншiк
қатынастарын реформалау және нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру бағыты
сақталды, қаражаттық және валюталық бақылау күшейтiлдi, нарықтық өзгерiстердiң
құқықтық базасы жасалып, жетiлдiрiп отырды.
Cайып келгенде егемендiлiк сапарындағы 90-шы жылдарда ұстанған стратегиялық
бағыттың негiзi төмендегiдей. Cаясат саласында:
-жас егемен мемлекеттi күштi президенттiк республика қалыптастыру бағытында
дамыту;
-демократиялық өзгерiстердi тереңдете түсiп, көпұлтты қоғамның қалыптасуына
жәрдемдесетiн, жаңа саяси қайраткерлер мен әлеуметтiк топ жетекшiлердi өсiрiп
шығаратын көп партиялы жүйе жасау;
-басты саяси мақсат ретiнде, экономикалық реформаларды, әсiресе өтпелi кезеңде,
ойдағыдай жүзеге асырудың қажеттi шарты ретiнде тұрақтылықты қамтамасыз ету;
195
-геосаяси тұрғыдан өз орнын табу мақсатын ескере отырып Қазақстанның
қауiпсiздiгi мен егемендiгiн қамтамасыз ететiн көп жақты және әртүрлi нұсқалы әскери-
саяси және экономикалық теңестiктi сақтау;
-демократиялық бостандықтар мен адам құқықтарын бұзбау, әлемдiк экономикада
өзiнiң салмақты орнын табу есебiнен Қазақстанның әлемдiк қоғамдастықтағы саяси
салмағын арттыру;
-әлемдiк шаруашылық байланыстарға кiру технологиясында Қазақстанның
оңтайлы геосаяси жағдайын пайдалану.
Экономика саласында:
-меншiктiң негiзгi (жекеше және мемлекеттiк) пошымдарымен, экономикалық
және әлеуметтiк өзара байланыстардың жалпы жүйесiнде әрқайсысы өз қызметтерiн
атқаратын пошымдармен ұштастыру және өзара iс-әрекет жасаттыра отырып
бәсекелестiк биiктiгiне негiзделген әлеуметтiк нарықтық экономиканы қалыптастыру;
-адамның экономикалық тұрғыда өз орнын өзi анықтауы принципiн iске асыру
үшiн құқықты және басқа жағдайлар жасау;
-Қазақстанның табиғи қорларының және оның экономикасын ұқсатушы, ғылымды
көп қажетсiтетiн салаларды, осы заманғы шетелдiк және отандық техника мен
технологияларды қатыстырып, шет елге және ел iшiнiң сұранысын қамтушы
өндiрiстердi оздыра дамыту есебiнен қайта құру негiзiнде әлемдiк тауар алмасушы
орындарында өзiнiң нақты орнын жеңiп алу немесе басқа елдермен ортақ орын алу;
-тұтыну базарын молықтыру;
-Қазақстанды дамыту үшiн шетелдiк инвестициялар тартып, тиiмдi пайдалану.
әлеуметтiк саласында:
-барлық адамның әл-ауқаты iс жүзiнде қамтамасыз етiлетiн қоғам құру;
-ықыласы бар әрбiр адамға кәсiпкерлiк еркiндiктi және кез-келген қызмет
саласында күш-жiгер жұмсау мүмкiндiгiн қамтамасыз ету;
-этностың өзiндiк ерекшiлiктердi дамыту және Қазақстанның ұлттық-мәдени
алуандығын сақтау, сол негiзде қоғамдық-саяси ауаны тұрақты аймақ ретiнде оның
әлемдегi беделiн нығайту;
-экономиканың тұрақтануына, оның әлемдiк шаруашылық байланыстарына
кiрiгуiне қарай еңбекпен табылған табысты, зейнетақы мен жәрдемақыларды көбейту,
бiрақ заңсыз баюға жол бермеу.
Республикада жүргiзiлген реформаларды құқық негізінде қамтамасыз етiлуiн 1991
жылдың 1-шi қаңтарынан 1996 жылғы 31-шi мамырға дейiн қабылданған заңдар мен заң
күшi бар жарлықтар санын мына мәлiметтерден көруге болады: мемлекеттiк құрылыс
бойынша-37 заң және 20 жарлық; шаруашылық заңдары бойынша-55 заң және 60
жарлық; қылмыстық құқық, сот және қауiпсiздiк бойынша-6 заң және 11 жарлық;
әлеуметтiк сала-24 заң және 17 жарлық; қорғаныс-7 заң және 1 жарлық; ағымдағы
заңдарды жетiлдiру мәселелерi бойынша-132 заң және 76 жарлық. Көрсетiлген кезеңде
барлығы 261 заң және 185 Президент жарлығы қабылданды.
Қазақстан халықтарының Ассамблеясы. Қазақстанның көп этностылығы факторы
ұлт проблематикасына ұдайы назар аударып отыруды талап етедi, өйткенi елде
тыныштық пен ұлтаралық татулықты сақтау осыған тәуелдi. Сарапшылар берген
тұжырымы бойынша 1917 жылғы җазан оқиғасына дейiнгi кезеңдегi шаруалар отарлауы
кезiнде Қазақстанға Ресейден, Украинадан, Белоруссиядан 1,2 миллион адам көшiп
келдi. Ұжымдастыру кезiнде КСРО-ның кiндiк аудандарынан Қазақстанға кулак деп
танылған 250 мың шаруа жер аударылды. Cоғыс алдындағы жылдарда Кеңес
мемлекетiнiң еуропалық бөлiгiнен өнеркәсiптiк құрылыс салуға деп 1 миллион 200 мың
адам көшiрiлдi.
Әр жылдары Қазақстанға 800 мың немiс, 18,5 мың кәрiс отбасылары, 102 мың
поляк, Солтүстiк Кавказ халықтарының 507 мың өкiлi, сондай-ақ қырым татарлары,
түрiктер, гректер, қалмақтар және басқалары күштеп көшiрiлдi.
Халықтарды күштеп көшiру салдарынан Республика халқы 1,5 миллионға
көбейдi. Соғыс кезiнде Қазақстанға 350 мың адам эвакуацияланды. Тың игеру жылдары
1,5 миллион адам келдi, ал жабық әскери объектiлер тағы 150 мың адамды қабылдады.
Нәтижесiнде Қазақстанға тек ХХ ғасырда 5,6 миллион адам, соның iшiнде 3,5 миллион
196
адам соңғы 40-50 жылда көшiрiлдi, бұған жер аударылғандар мен эвакуацияланғандар
қосылмаған.
Сонымен бiр мезгiлде ауылды ұжымдастыру жылдарында 1,5 миллиондай қазақ
апат болды. 1930-1932 жылдары 1,3 миллион қазақ КСРО шегiнен бiржолата көшiп
кеттi. Жазалаушы саясаттың Қазақстан халықтары үшiн алапат сипаты болғанын
көрсететiн екi цифрдi келтiруге болады: 1930 жылы Республикада 5 миллион 873 мың
адам тұратын. Сол жылдары Қазақстанға соншама адам көшiрiл дi. Бiрақ 1933 жылға
қарай сол көшiп келген халықтың небәрi 2 миллион 493 мың адамы ғана жерiмiзде
қалды
245
.
КСРО ыдыраған сәттен едәуiр шиеленiсiп кеткен проблемалардың бiрi көшi-қоны
жәйi болды. Мысалы, 1992 жылы Қазақстаннан Ресейге 149,2 мың адам, 1993 жылы-
151,2 мың, 1994 жылы-255,5 мың, 1995 жылы-144,3 мың адам көшiп кеткен. Cонымен
бiрге Ресейден Қазақстанға 1992 жылы-71,8 мың, 1993 жылы-49,1мың, 1994 жылы-32,9
мың, 1995 жылы-35,7 мың адам көшiп келген. Көшiп кеткендер мен көшiп келгендер
арасында орыстар да, қазақтар да бар.
Кету себептерiнiң iшiнде ең алдымен әлеуметтiк-экономикалық мәселелер аталды.
җойылған сауалдарға жауаптардың үлес-салмағы төмендегiдей болған: өкiметтiң
болашақта қалыпты тұрмыс орната алатынына сенбеушiлiк - 14,6%, барғысы келетiн
елiндегi неғұрлым жоғары тұрмыс деңгейi-14%, тарихи отанына оралу және
туыстарымен қосылу-11%, ұлтаралық ахуалдың нашарлап бара жатуын-7%, тiл
проблемасы-5,5%, ұлтына қарап алалау-3%. Тұтас алғанда, сауал салынғандарды¦ 23%
тiл проблемасы бойынша алалау бар екенiн (соның iшiнде ұйғырлардың 35%,
белорустардың 28%, орыстардың 28%, қазақтардың 21%, кәрiстердiң 20%, өзбектердiң
18%, украиндардың 16%, татарлардың 14%) атаса, сауал салынғандардың 47%, мұндай
алалау жоқ деп айтқан.
246
Тәуелсiздiкке қадам жасаған сәттен бастап Қазақстандағы билеушi органдар
азаматтық тыныштықты қамтамасыз ететiн ұлтаралық татулықтың ықтимал
пошымдарын iздестiру мен ұдайы айналысып отырды. Қазақстан қоғамының
дамуындағы көпұлттық факторын есепке алу, саяси, экономикалық салаларда жүргiзiлiп
жатқан реформалар тұсында нақты ахуалды талдау Қазақстан халықтарының форумын
шақырудағы iргелi факторлар болып, ол 1992 жылы желтоқсанда, Тәуелсiздiк күнi,
елiмiздiң егемендiлiгiнiң бiр жылдығын мерекелеу қарсаңында Алматыда өттi. Оған
Республикада тұратын барлық ұлттардың өкiлдерi қатысты.
Форум көрсеткендей оған қатысушыларды, қай ұлтқа жатпасын, бiр идея, яғни-
халықаралық асқақ өлшемдерге сай дүниежүзiлiк қоғамдастықтың толық құқықты
мүшесi болатын тәуелсiз демократиялық мемлекет құру ұмтылысы бiрiктiрдi. Кейiн
халықтар татулығы мен бiрлiгi Ассамблеясы-Президент жанындағы кең қоғамдық
кеңесшi-ақылдасушы органы болып қалыптасып қайта құрылды. Қазақстанда әртүрлi
ұлт өкiлдерiнiң бiрлестiктерi белсендi түрде құрыла бастады. 1995 жылдың аяғына
қарай Республикада 40 шақты ұлттық-мәдени орталықтар жұмыс iстеп, ұлттық
дәстүрлер мен мәдениеттердiң дамуына, ана тiлiн оқып үйренуге, басқа да ұлттық талап-
тiлектердi қанағаттандыруға жәрдемдесiп отырды.
Олардың арасында: халықаралық “Қазақ тiлi” қоғамы, Бүкiлдүниежүзiлiк қазақтар
құрылтайы, Орыс қауымдастығы, Орыс одағы, орыс ұлттық-мәдени “Татулық”
орталығы, Славян ұлттық-мәдени орталығы, Славян мәдениетi қоғамы, Славян мәдени-
ағартушылық “Бастау” қоғамы, Республикалық татар мәдени орталығы, ұйғырлар
мәдениетi қоғамы, Қазақстан немiстерiнiң кеңесi, азербайжан, башқұрт, чуваш, чечен-
ингуш, белорус, өзбек, қырғыз, украин, армян, грек, поляк, чех, еврей, дүнген, түрiк,
мадияр, ассирия, күрд, қытай, болғар ұлттық-мәдени орталықтары, Республикалық
кәрестер ассоциациясы және басқалар бар. Кейбiр қоғамдық-саяси бiрлестiктердiң,
мысалы “Лад” сияқты ұйымдардың жетекшiлерi біршама кезең сындарлы
ынтымақтастықтан гөрi қарсы әрекет жасауды жөн көрiп iрi-ұсақты проблемалар
туғызуға ұмтылды.
Қазақстандағы ұлтарасындағы татуластық пен түсiнушiлiктi сақтау мақсатында
Қазақстан халықтарының Ассамблеясы дүниеге келдi. Осыған орай республикада
197
бiрқалыпты ұйымдастырушылық жұмыс жүргiзiлдi. Жергiлiктi жерлерде кiшi
ассамблеялар құрылып, оған облыста тұратын ұлттардың лайықты өкiлдерi сайланды.
1995 жылғы 1-шi наурызда Президент Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы
жарлыққа қол қойып, ол туралы ереженi бекiттi. Барлық облыстарда Қазақстан
халықтарының кiшi ассамблеясы өттi. Оларда республикалық ассамблеяның 260
делегаты сайланды.
Ассамблеяның қызметi мынадай проблемаларға қамтиды:
-Республикадағы саяси ахуалдың дамуы жөнiндегi болжамдар мен қоғамның
топтасуын қамтамасыз ететiн практикалық ұсыныстар әзiрлеу, сондай-ақ нәсiлдiк,
ұлттық, әлеуметтiк тегiне, дiни сенiмдерi мен көзқарастарына қарамастан азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарының сақталу кепiлi ретiнде Президенттiң қызметiне
жәрдемдесу;
-Қазақстан
Республикасында тұратын ұлттар арасындағы түсiнушiлiк
қатынастарды дамытуға жәрдемдесетiн мемлекеттiк саясат жүргiзу жөнiнде ұсыныстар
әзiрлеу, ұлттың теңдiгiн сақтау негiзiнде олардың рухани, мәдени жағынан қайта өрлеп,
дамуына жәрдемдесу;
-азаматтардың өркениятты, демократиялық ережелерге сүйенетiн саяси
мәдениетiн қалыптастыру;
-қоғамда туындайтын әлеуметтiк қайшылықтарды шешу үшiн мәмiлелер iздестiру.
Сонымен
қатар
Ассамблея
-
диаспоралар
арасындағы
әр-түрлi
ұйымдастырушылық жµмыстың орталығы. Оның органдарына мемлекеттiк статус
берiлуiне орай ұлттық-мәдени бiрлестiктердiң мәселелерi жедел қаралады, олардың
бiрқатары бойынша үкiмет деңгейiнде шешiмдер қабылданады. Алматыда Қазақстан
халықтары Ассамблеясының Үйiн ашу туралы мәселе талқыланды.
Достарыңызбен бөлісу: |