150
2
. Қазақ тілінің оңтҥстік диалектісі. С. Аманжолов қазақ
тілінің оңтүстік диалектісіне бұрынғы үйсін, қаңлы, дулат жҽне
жалайыр тайпа одақтарының тілін жатқызады. Бұл одақтар ерте
замандардан бастап-ақ Жетісу, Сырдария жҽне Алатау алқабын,
яғни қазіргі Алматы, Талдықорған, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан
жҽне Қызылорда облыстарының жерін мекен еткен, олар
шығысында - Синь - цзянмен (Шыңжан) ұйғырлармен, солтүстік -
шығысында - найман, керей, қоңырат тайпаларымен, солтүстік
батысында - алшын тайпалары одағымен, оңтүстігінде - ҿзбек,
қырғыздармен шектескен. Монғол шабуылына дейін де, одан
кейін де, сол сияқты 16 - ғасырда қазақ хандығына қосылған
кезде де, бұл тайпа одақтары Ұлы жүз болып аталды. Ерте
заманнан бастап-ақ бұлардың қоғамдық, шаруашылық жҽне
мҽдени ортасы бір болды. Соның нҽтижесінде олардың бір
кездегі тайпалық тілдері бірігіп, бір жергілікті диалект болып
қалыптасты. Бұл – қазақ тілінің оңтүстік диалектісі деп аталады.
Оңтүстік диалектісінің қалыптасуына Ұлы жүзге кіретін
тайпалардың ҽр түрлі табиғи – тарихи себептерге байланысты
басқа тайпалармен қарым – қатынасы нашар болғандағы да үлкен
ҽсер етті. Мҽселен, бұл тайпалардың солтүстігіндегі Балқаш кҿлі,
Бетпақ дала, солтүстік – батысындағы ұлан – байтақ далалар,
Қызылқұм мен Арал теңізі осындай табиғи бҿгеттер болып
табылады. Онымен бірге бұл диалектінің қалыптасуына кҿрші
ҿзбек, ұйғыр, қырғыз халықтарының тілі де ҽсер етті. Ұлы жүздің
17 – 19 ғасырларда Қоқан, Хиуа хандықтары қол астында болуы
бұл диалектіге ҿзбек тілінің ықпалын күшейте түсті. Бірнеше
тайпалық тілдердің негізінде қалыптасқандықтан жҽне ҽр түрлі
тілдердің ҽсері тигендіктен, оңтүстік диалектісінде ккездесетін
ерекшеліктердің сипаты бірыңғай емес. Кейбіреулері жалпылама
түрде кездеседі. Енді біреулерінің тараған кҿлемі шағын, белгілі
бір ауданда ғана айтылады. Ҿзгешеліктердің ішінде оңтүстік
диалектісінің басқа диалектілерден айырмасын кҿрсететін жеке
ерекшеліктері бар. Оңтүстік диалектісінің С. Аманжолов
кҿрсеткен негізгі ерекшеліктері тҿмендегідей.
Достарыңызбен бөлісу: