жоқпын. Неге біздің еліміз өсіп-өркендеу жағынан кенжелеп келеді?
тартуда. Кезіндегі «Өзің білме, білгеннің тілін алма!» деген Қалдан
жатқандай. Қазір біздің қазақ қайтеді, əрине, «Бəрін білемін!» деп
ойлайды. Бірақ «Білемін!» деп жүріп бəрін құрдымға кетіріп алғанын
аңдамай қалады.
«Мақсаттың не екенін мен білемін, менің алдыма қойған
мақсатым бар», -- дейтіндер көп. Ал шындығына келсек, «білу» деген
«оқу» емес, «қолдану» дегенді білдіреді. Яғни егер сіз мақсатты
қолданып, оны кəдеге жаратып жүрмесеңіз, мақсаттың не екенін
мүлдем білмеген адамсыз. Тура сол сияқты жоспар дегеннен
беййхабарсыз, егер сіз кемінде 5 жылға жоспар құрмаған болсаңыз.
Сондықтан адам үнемі өзінің саласы бойынша білім алуға
ұмтылуы тиіс. Өзі білмеген нəрсені өзгелерден сұрауға арланбау
керек. Бəрі бала тəрбиелеп отыр, бірақ бала тəрбиесі жайлы
білімдерін кеңейткен жоқ, ізденбеді. Егер əрбір ата-ана бала тəрбиесі
жайлы кітаптарды, газеттегі мақалаларды көп оқыса, білімін
жетілдірсе, олардың балалары «вундеркинд» болып шығар еді, өз
саласының білікті маманы болар еді.
Адам «білем» деген сөзді айтқан күннен бастап дамымайды.
Мəселен, басқа емес өзімді алайын, мысал ретінде. Егер мен іштей:
«Менен асқан оратор жоқ қой. Мына кітапта жазылғандарды өзім-ақ
білемін», -- десем, онда мен сол сəттен бастап ішкі жан-дүниемнің
дамуын тоқтатқан болар едім. Сондықтан білем дегенді қойып, үнеміз
ізденісте, жаңа нəрсені үйренуге деген талпыныста болуыңыз керек.
Осы сəтте мынадай кеңес берсем дейиін: Өз ісінің шеберлерінен
ғана ақыл сұраңыз. Мысалы, сіз жолдасыңызбен ренжісіп қалдыңыз
делік, кімнен ақыл сұрайсыз, барасыз да сізден өмірлік тəжірибесі аз
болмаса, көп емес құрбыңыздан сұрайсыз. Өзінің көргені мен көңілге
түйгені аз құрбыңыз сізге қайбір кеңес берсін?! Дəл сол сияқты кəсіп
бастауды немесе белгілі бір іспен айналысуды күйеуіңізден немесе
ата-енеңізден сұраған боларсыз? Олар ше, кəсіптің жілігін шағып,
майын ішкен маман ба еді?! Кешіріңіз, ондай адам сізге қайбір оңған
кеңес берсін?! Сол себепті тек өзіңіздің салаңызға қатысты кəнігі
маманнан ғана кеңес сұрап үйреніңіз. Үй салсаңыз архитектордан,
отбасыңызда проблема болса психологтан, басыңызға іс түссе
заңгерден ғана кеңес сұрауға əдеттеріңіз.
Менің бір танысым үй салды, осыдан бірер жыл бұрын. Бұрын-
соңды үй салып көрмеген танысым тəуекелге бел буып, өз білгенімен
салды. Жұрт оған: «Əй, мамандармен кеңеспедің бе? Фундаментіңнің
цементі аз ғой, ертең опырылып түседі», -- деп ақыл айтты. Бірақ ол
ешкімнің сөзін құлағына ілмеді. «Құламайды, ауылда елдің бəрі
осылай салып жүр», -- деп айтты бəріне. Сонымен не керек, үй бітті,
жаз өтіп қыс келген шақта үйдің іргетасы зəктеніп, көктем шыға
опырылып құлады. Бұдан шығар қорытынды, əр нəрсені өз маманынан
ғана сұраңыз.
Сол сияқты адамдар да қай саланың маманы, сол салаға
қатысты ақылды ғана айтуды дағдылансын. Оның зияны: біреудің
проблемасына басыңызды ауыртасыз, уақытыңызды жұмсайсыз əрі
берген кеңесіңіз керісінше болып шықса, онда біреудің күнəсін
арқалауыңыз мүмкін. Осыны есте мықтап ұстаңыз!
Достарыңызбен бөлісу: