Аманжол Рысмендиев — Кәсіпкерлік құпиясы



Pdf көрінісі
бет34/40
Дата06.01.2022
өлшемі470,02 Kb.
#14860
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   40
Байланысты:
Кәсіпкерлік-құпиясы

«Жұмсақ ағаш құртқа жем,

Жұмсақ адам жұртқа жем».

Халық даналығы.

«Жоқ!» деп айтып үйрен!

Көп адамның түбіне көңілшектік жетуде. Яғни олар өзгелердің

көңілін қалдырғысы келмейді. «Жоқ» деп, яғни уақытым жоқ,

мүмкіндігім жоқ деп айта алмайды. Яғни өз миссиясын өзгелердікінен

төмен қояды. Бір жерге шақырса, уақыты болмай тұрса да бар тірлігін

ысырып тастап бара салады, өзінде артық ақша болмаса да өзге біреу

сұрап келсе соңғы тиынын санап бере салады дегендей...

Ондай адамдар «Жарайды», «Көрейін» деп өзге біреулерді

үміттендіріп бір рет зиянын тигізсе, «Қап, уəде беріп едім, енді оны

қалай орындасам екен», -- деп өз-өзімізді қажытып, тағы бір зиянға

кенелеміз. Сондықтан «Жоқ!» деп айтып үйрену керек.

Ал енді не нəрсеге «Жоқ!» деу керек? Осыны айтайын.

* Теледидарға «Жоқ!» деп айту керек. Өйткені теледидар

көшбасшылар үшін көруге емес, өзін көрсету үшін жасалынған дүние.




Осылай қабылдау керек.

* Ғаламторға да «Жоқ!» деп айтып үйреніңіз. Себебі ол --

адамның алтын уақытын ұрлайды. Таяуда мен мектеп бітіруші

түлектер арасында бірнеше мəрте «Ұтылмайық, ұтайық!» деп семинар

өткіздім. Сонда арнайы зерттеу жүргізіп көрдім, түнгі сағат 3-те

«Вконтакте» желісінде 7346 қазақ бір-бірімен хат-хабар алмасып,

пайдасы аз дүниелерді тамашалап отырған. Яғни олар əлсіздіктерінің

кесірінен ғаламторға телміріп қарап отыр. Ал əлсіздік деген не? Ол –

мақсаттың болмауы.

* Сізге пайдасы жоқ, керісінше бар ойыңызды жаулап алатын іс-

шараларға «Жоқ!» деп айтқан жөн. Яғни ырду-дырдуы көп сауық

кештеріне, туған-туыс, құда-жекжаттың той-томалағына алтын

уақытыңызды сарп етпеңіз. Бармаңыз демеймін, егер ет-жақын

туысыңыз той жасап жатса барыңыз, бірақ белгілі бір уақытта сыпайы

түрде алғысыңызды айтып, тоянаңызды беріп, қайтып кетіңіз. Себебі у-

шу орта адам миына кері əсер етеді, бірте-бірте дамуын тежейді.

Сіздің миыңыздағы жоба, алға қойған мақсат – қазанда қайнап жатқан

етке ұқсайды. Ет бабында пісу үшін оты қандай болуы керек? Əрине,

баяу, бірқалыпты болғаны жөн, бірде қатты, бірде жай жанған отта

піскен еттің дəмі де сапасы да нашарлайды емес пе? Идея да сондай.

Ойдағы идеяны жүзеге асыру үшін адамға ми тыныштығы керек.

Бұл əдеттерге «Жоқ!» дей отырып, сіз есесіне кітап оқуға

əдеттеніңіз. Қарасаңыз, қазіргі жастар қиялға, өз бетінше бірдеңені

ойлап табуға жұтаң. Неге? Өйткені кітап оқымайды. Егер сол адам

кітап оқыса өз ойын қиялдау арқылы дамыта алатын қасиетке ие

болар еді. Кітап оқымаған адамның миы дамымайды. Сондықтан




интернетті, теледидарды кітап оқуға алмастырған жөн. Менің ұл сөзіме

кей жастар: «ВКонтакте» желісінде де пайдалы, ой салатын

афоризмдер бар ғой. Біз соларды оқып жатырмыз», -- деп уəж айтуы

мүмкін. Бірақ тағы да қайталап айтамын, ондағы дүние кітаптың орнын

алмастыра алмайды. Яғни кітап беретін білімді ғаламтор бере

алмайды.


Музыка тыңдауды аудиокітаптар тыңдауға алмастырыңыз.

Мəселен, мен көлігімде аудиокітаптар тыңдаймын. Ол арқылы уақыт

үнемдеймін, өзге бір түк пайдасы жоқ əндерден гөрі миыма пайдалы

ақпарат дарытамын.

Жалт-жұлт еткен көйлектерді, асыл тасты əшекейлерді тағып

алып бай болып көріну бір бөлек те, шын мəнісінде бай болу бір бөлек.

Өкінішке қарай, қазір адамдар сыртқы келбетімен бай боп көрінуге

дағдыланып, шебер болып алған. Яғни кредитке көлік алып алады,

үйін жиһазға толтырады. Қарызға барып киім-кешек киіп алады да, бай

болып көрініп жүреді. Бірақ «иттен сүйек қарыз».

Иə, бəріміз де көштен қалғымыз келмейді, дос-жарандармен бір

уақыт көңіл көтеріп, барлық проблеманы ұмытқымыз келеді. Бірақ

біраз уақытқа болса да ондай ойын-сауыққа «Жоқ!» деу керек. Себебі

біздің алдымызға қойған мақсатымыз маңызды.

Адамның миының энергиясы – күннің сəулесі секілді, яғни ол

жан-жағына шашырайтын болса еш жерден өрт шығармайды. Ал

күннің сəулесін лупа арқылы бір бағытқа бағыттасақ, өртеуі мүмкін

емес пе? Сондықтан мақсатыңызға жеткіңіз келсе кей нəрселерге

«Жоқ!» деп айтып үйреніңіз! Аптасына бірнеше мəрте қаражат



шығындап əр жерге бір барғанша, сол ақшаны жинап жылына бір

мəрте шетелге немесе табиғат аясына барып демалып келгеннің

пайдасы зор.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет