Мəтінмен жұмыс
Қарасөздің негізгі көтерген тақырыбын анықтаңыз.
Отыз бірінші сөз
Естіген нəрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар:
əуелі – көкірегі байлаулы берік болмақ керек;
екінші – сол нəрсені естігенде я көргенде ғибрəтлану (үлгі) керек, көңілденіп,
тұшынып, ынтамен ұғу керек;
үшінші – сол нəрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге
бекіту керек;
төртінші – ой кеселді нəрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса,
салынбау керек
ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға
салыну, я бір нəрсеге құмарлық пайда болу. Бұл төрт нəрсе – күллі ақыл мен
ғылымды тоздыратұғын нəрселер.
Достарыңызбен бөлісу: |