Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы



Pdf көрінісі
бет25/75
Дата06.01.2022
өлшемі0,63 Mb.
#14909
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   75
Байланысты:
пунктуация

Мəтінмен жұмыс 

 

Ұлы ғұламаның сөз еткен мəселесін бүгінгі өмірмен байланыстыра сөз етіңіз. 



 

 

Отыз екінші сөз 

 

Білім-ғылым  үйренбекке  талап  қылушыларға  əуел  білмек  керек. 

Талаптың  өзінің  біраз  шарттары  бар.  Оларды  білмек  керек.  Оларды  білмей, 

іздегенмен табылмас. 

Əуел  –   білім-ғылым табылса, дүниенің бір қызықты нəрсесіне де керек 

болар еді деп іздемеске керек. Оның үшін білім-ғылымның өзіне ғана құмар, 

ынтық  болып,  бір  ғана  білмектіктің  өзін  дəулет  білсең  һəм  əр  білмегеніңді 

білген  уақытта  көңілде  бір  рахат  хұзур  хасил  (тыныштық,  рахатшылық) 

болады. Сол рахат білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді  тағы да сондай білсем 



 

26 


 

екен  деп үміттенген құмар, махаббат пайда болады. Сонда əрбір естігеніңді, 

көргеніңді көңілің жақсы ұғып, анық өз суретімен ішке жайғастырып алады. 

Егер  дін  көңілің  өзге  нəрседе  болса,  білім-ғылымды  бірақ  соған  себеп 

қана қылмақ үшін үйренсең, ондай білімге көңіліңнің мейірімі, асырап алған 

шешенің  мейірімі  секілді  болады.  Адам  көңілі  шын  мейірленсе,  білім  –

ғылымның  өзі  де  мейірленеді,  тезірек  қолға  түседі.  Шала  мейір  шала 

байқайды. 

Екінші  –  ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек 

керек.  Бахасқа  бола  үйренбе,  азырақ  бахас  көңіліңді  пысықтандырмақ  үшін 

залал да емес, көбірек бахас адамды түземек түгіл, бұзады. Оның себебі əрбір 

бахасшыл  адам  хақты  шығармақ  үшін  ғана  бахас  қылмайды,  жеңбек  үшін 

бахас қылады. Ондай бахас хасудшілікті (күндеу, күндеушілікті) зорайтады, 

адамшылықты  зорайтпайды.  Бəлкім  азайтады.  Жəне  мақсаты  ғылымдағы 

мақсат  болмайды,  адамды  шатастырып,  жалған  сөзге  жеңдірмекші  болады. 

Мұндай  қиял  өзі  де  бұзықтарда  болады.  Жүз  тура  жолдағыларды 

шатастырушы  кісі  бір  қисық  жолдағы    кісіні  түзеткен  кісіден  садаға  кетсін! 

Бахас  –    өзі  де  ғылымның  бір  жолы,  бірақ  оған  хирслану  (ашқарақтану, 

қомағайлану, сараң болу) жарамайды. Егер хирсланса, өз сөзімшіл ғурурлық 

(менмендік, ірілік), мақтаншақтық, хүсідшілік бойын жеңсе, ондай кісі адам 

бойына қорлық келтіретұғын өтіріктен де, өсектен де, ұрсып-төбелесуден де 

қашық болмайды. 

Үшінші   – əр хақиқатқа тырысып иждиһатыңмен көзің жетсе, соны тұт, 

өлсең  айырылма!  Егерде  ондай  білгендігің  өзіңді  жеңе  алмаса,  кімге  пұл 

болады?  Өзің құрметтемеген нəрсеге бөтеннен қайтіп құрмет күтесің? 

Төртінші – білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі  

- мұлахаза (ойласу, пікір алмасу), екінші – мұхафаза (сақтау, қорғау). Бұл 

екі қуатты зорайту жаһатінде (барлық күшті жұмсау, тырысу) болмақ керек. 

Бұлар зораймай, ғылым зораймайды. 

Бесінші  –  осы  сөздің  он  тоғызыншы  бабында  жазылған  кеселді  деген 

төрт  нəрсе  бар.  Содан  қашық  болу  керек.  Соның  ішінде  уайымсыз 

салғырттық  деген бір нəрсе бар, зинһар( қалайда, əйтеуір), жаным, соған бек 

сақ  бол,  əсіресе!  Əуел  құданың,  екінші    –  халықтың,  үшінші  –  дəулеттің, 

төртінші – ғибраттың, бесінші – ақылдың, ардың бəрінің дұшпаны ол. Ар бар 

жерде бұлар болмайды. 

Алтыншы – ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты бар. Сол 

мінез  бұзылмасын!  Көрсеқызарлықпен,  жеңілдікпен,  я  біреудің  орынсыз 

сөзіне  я  бір  кез  келген  қызыққа  шайқалып  қала  берсең,  мінездің  беріктігі 

бұзылады.  Онан  соң  оқып  үйреніп  те  пайда  жоқ.  Қоярға  орны  жоқ  болған 

соң,  оларды  қайда  сақтайсың?  Қылам  дегенін  қыларлық,  тұрам  дегенінде 

тұрарлық,  мінезде  азғырылмайтын  ақылды,  арды  сақтарлық  беріктігі, 

қайраты бар болсын? Бұл бір ақыл үшін, ар үшін болсын! 

 

 

 




 

27 


 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет