1-жаттығу. Тиісті тыныс белгісін қойып көшіріп жазыңыздар.
Жаңағы Алшынбай жеткізген сөзге ол да қайран қалды. Ішінен Қандай
ыза, қандай күйіктен туған сөз Жəне неткен ер деп ойлады.
- Майыр, піскен бас, қызғанудан бұрын əуелі Бөжей, Байсалдан параны
соқты ғой Сол ғой оның өктеп отырғаны, құлқынын танымаймысың деді
Майбасар.
«Шөжеге ұқсадым-ау Шындап ұқсай алар ма екем деп, ішінен
қызғана құмартқан жай бар-ды.
- Ой, тəңірі алғыр Бұл кім өзі деп, ашумен сырт айнала беріп, Абайды
көрді де:
- Өй, Абай, сенбісің Ай, шырағым-ай, бір тыныш жерде отырсаң етті!..
Бұл қарбаласта не бар еді саған деді.
- Осыған тоқтасты ма
- О не қылған бала Өзінен туған бала ма – деп, Майбасар, Жақып
қайталап сұрасып еді...
- Тəйірі, айттым ғой!.. Өз баласы!.. Асырауға алады!.. – деп, Қаратай
асығып қайта кетті.
- Қайда, қайда бұл шығар жол!? Осындай ұлы толқын тамаққа
жұмарланған дерттей бунай ма? Жүрекке тас тығылғандай тыныс тарылта
ма?..
Кім біледі, бұлардың ішінде бүгіліп жатқан сыр жоқ па?! Түйіліп жатқан
қазіргі нəсілге белгісіз ғажайып бөлек күш жоқ па?! Осы таулардың ішінде
қалғып тұрған қазына жолын кім біледі... Осы ақ адыр сары дала бір шақта
құт даласы боларлық ұйытқы мен қор жатпағанына кім кепіл?..
Əрине, ол заман адамына бұл тұтас тұрған жұмбақ қой! Ол адам көп
ойланбаса, жүрегінің түбіне терең бойламаса, Абайды түсіну оңай бола ма?..
Соқтықпалы соқпақсыз заманда өскен мендей жанды жақын тану, жан тарту
арзанға түсе ме?!.. Əлсіз қолда жансыз жалғыз ғана шырақ ұстаған ем.
Мендей ізденушіні қабылдаушы оңай ұғып біле қояр ма!..
- ... Ей сорлы заман, менен аяған қай қастығың қалды... Мен ішпеген у
бар ма!.. Жүрегімді көрші міне, жарадан сау жер қалды ма? Мұнша ғазап
25
шеккендей не жазық, не айыбым бар? Көп көргенің шер кеуденің əлсіреген
тынысы ма?! – деп біраз отырып барып, тағы да бір ауық уланған оймен
оянғандай болады.(М.Ə.)
- Ойбай, не дейді?! Түн ішінде ме?..
- Тай-құлындай бірге өскен Сейсен өліп жатқанда жаннан қорқып
жүрейін бе? Сейсенге қылмаған қызметті əлдеқашан сүйегі қурап қалған
əкем Нұрымға жасаймын ба?.. (Т.Ə.)
«Япырау, – деймін ішімнен таң қалып, – неге жұрт ел ортасында өлгісі
келеді? Неге өмір бойы басқа жерде ғұмыр кешіп, өлу үшін елге оралады?
Неге?..»
- Қорықпа, – дедім, тағы да бір қалыпты баяу дауыспен, – бұл сенің өз
қолың...
- Жоқ! – деп баж ете қалды Алма. – Жоқ, жоқ! Менікі емес... Жоқ, жоқ!..
– Алма тағы да терлеп кетті (Т.Ə.)
Жанымды тыншытпайды сезім деген,
Қалай жүр, япыр-ау, төзіп денем?!
Қаншама күндер өтті дамылдамай,
Қаншама күндер өтті көз ілмеген,
Білмеймін, не іздейді сезім менен?!
«Жүрем бе, жоқ па?!» –деп бар даусыммен айғайлап жіберуге шақ
қалдым. Тамылжыған тамыздың сол бір күнгі арайлап атқан алтын таңын,
алаулаған аптапты Күнін қалай ұмытам мен?! Кемерінен шыға лықсып, асып-
тасып тынымсыз ағып жатқан адамдар-дариясына қойып кетіп сүңгімегелі
қашан!? Көне грек ақынының біздің ата-бабаларымыз жайында жазуының өзі
зор мақтаныш емес пе?! (Н.К.)
Адам өз басына түскеннің бəріне көнуге де тиіс, оны көтеруге міндетті.
Өйтпесе оның несі адам?! (Ə.Н.)
Достарыңызбен бөлісу: |