көшелерінде
ғана
бірен-саран
кездесетін; өзге үйлерінің көбі бір
қабат қана қарағай үйлер болатын;
шет жақтарында ағаш үйден шым
үй көп кездесетін; аз ғана жаңбыр
себелеп өтсе, көшелерінен адам
батпақтап жүре алмайтын; бірақ
етек-жеңі
мол;
таусымақтау
жерге жалпая салынған; Сібірде
көп кездесетін үлкен бір деревня еді
(С.Мұқанов).
1-жаттығу. Нүктелі үтірдің қойылу себебін түсіндіріңіздер.
- Япырау, заман не боп барады. Əлдилеген балаң əдептен асып, арпалыса
бастаса; жақсы адам бола ма деп үміттенген адамың өзіңмен жағаласса, не
дерсің. Алдымен біреуі қонақтың қолдарына су құйды; екіншісі дастархан
жайып жатыр; біреуі бауырсақ төксе, енді бірі торсықты əкеледі.
Сонда жаратушының жарқанатқа жаны ашып, жарлық беріпті:
Күн көкжиектен көрінбей, көз байлана бастағанда; Айдың жүзі əлі де шыға
қоймаған сəтте; Жел тынып, жекен жапырағы ұйыған сəтте ұшып шығасың.
(Б.М.) Ерлік дегеніміз – жан дүниенің ұлы қасиеті; ержүрек атанған халық
өзін мақтаныш етуі тиіс.(Н.М.Карамзин) Бізде азамат сыны – ерлік; іздесең –
табасың, алыссаң – аласың(М.Ə.) Оқудың үш түрі бар: біріншісі, оқыса да
түсінбеу; екіншісі, оқу əрі түсіну; үшіншісі, оқу жəне тіпті жазылмағанның
өзін түсіну (Я.Б.Княжнин). Сенімсіз достар – жазда ғана кездестіретін
40
қарлығаштар; олар – күн сағаттары, олардан келер пайда күн сəуле шашып
тұрғанда ғана (Т.Гиппель).
Достарыңызбен бөлісу: |