Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы



Pdf көрінісі
бет42/75
Дата06.01.2022
өлшемі0,63 Mb.
#14909
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   75
Байланысты:
пунктуация

2-жаттығу.  Тиісті тыныс белгісін қойыңыз. 

 

Ол  көлдерді  торғын  көйлек  етегіндей  көлеңдетіп    өзендерді  бұрымдай 

бұраңдатты    лентадай  толқытты    бұлақтарды  шолпыдай  сылдыр  қақтырды: 

сылдыраған  суымен  бұрқыраған  буымен  бұйраланған  нуымен    неше  алуан 

шуымен жан-жануарды мəз етті  егін салған қырымен сыбырлаған сырымен, 

шырқай  шыққан  жырымен  көңілді  қуанышқа  бөледі  өзекте  өрім  талымен, 

өлкеде  өрген  малымен    жамыраған  төлімен  көзді  рақатқа  кенелтті  айдын 

толы қазымен  бақтар толы назымен  күлімдеген күнімен күмбірлеген үнімен 

кəріні  жадыратып    жасты  жалындатты  тірліктің  тілеуін  молайтып  тілегін 

тасқындата  түсті.  Емен    –  берік  ағаш.  Оның  беріктігін  мынадан  да  білуге 

болады: өзге ағаштардың жапырағы күзде-ақ қурап, түсіп қалады  ал еменнің 

жапырағы қыста да бүлк етпейді тек келесі көктемде  –  бұтақтарында жаңа, 

жас  бүршіктер  қылтиып  бас  жарғанда  ғана  оларға  орын  босатып,  жерге 

құлайды. Өзің жақсы болсаң  – айналаңда досың көп  жаман болсаң – жалғыз 

жүресің    орташа  болсаң    –  сен  де  бір  жақсының  жанын  жағалайсың. 

Ақымақпен дос болма ол саған жақсылық жасаймын деп жүріп-ақ жамандық 

жасайды    зеріккіш  жанға  жолама    қанша  сенгеніңмен  ол  сені  тастап  кетеді 

өтірікшіден аулақ бол, ол сені өсекке таңғанын өзі де сезбей қалады.  

Иван  Михайлович  өзі  де  тəртіпті  кісі  екен,  өзгеден  де  тəртіпті  қатаң 

талап етті  1) жағдайды дəл ұғу 2) тез əрі дұрыс шешім қабылдау 3) штабтың 

іскерлігі 4) солдаттың ерлігі мен табандылығы дейтін.(Ə.Н.) Туған өлкемнің 

күн  шығыс  жақ  тұсында  мың  бұралып  көлбей  аққан  қыр  өзені  иірім-иірім 

аша-аша  ондаған  өзек  көлеміне  көз  жеткісіз  қалың  қопа;  нулы-сулы  

қамысты-құрақты айдынында аққу жүзген  қаз-үйрегі ертелі-кеш қиқу салған 

телегей-теңіз саба көлдер алыстан жалтырайды. Қыстаудың төбесіне шығып 

айналаға қараған кісінің көңілін үрей жайлауы да мүмкін: алдыңа қарасаң – 

су артыңа қарасаң – су мінер жаққа мойын бұрсаң – су қамшылар жағыңа көз 

тастасаң  –  су.(Ө.Қ.)  Сонда  қалың  ерні  оқыс  түріле  күлімдейді  одан  жұмсақ 

толқынды  тоқ  бұғақтың  шет  нүктесін  кемеріндей  жұмыр  сұлу  иегіне  нəзік 

шұғылалы  нұр  шашырайды  сəл  шүйіріле  берген  езуіне  де  жарығы  мен 

жылуы солғындау жұқалаң сəуле ұялайды. (З.Қ.)  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет