5. Төл сөз бен автор сөзіне қойылатын сызықша
Автор сөзі төл сөзден кейін
келгенде, төл сөзден соң сызықша
қойылады. Кейде автор сөзі де
етістігінің
көмегінсіз-ақ
келуі
мүмкін. Егер төл сөз диалог түрінде
болса, əр сөйлеушінің сөзінің
алдынан сызықша қойылып, сөйлем
жаңа жолдан жазылады.
– Қазақпын. Өзің де қазақсың ба?
– деппін сасқанымнан, оның
қазақша сөйлеп тұрғанын да
ескермей.
–
Əрине. Бұл жақта неғып жүрсіз,
ойбай-ау?(Т.Ахтанов.)
Автор
сөзі
төл
сөздің
ортасында тұрса, екі жағынан
сызықша қойылады.
– Уай, мынауың болмайды, – деді,
түсінемісің
дегендей
көзіме
қадала қарап. – Ең алдымен,
адамға бас керек (Ғ.Мүсірепов).
1-жаттығу. Сызықшаның қойылу себебіне назар аударыңыз.
-Біріңе- бірің серіксің, ынтымақты болсаң, ел билейсің. Ынтымақсыз
болсаң, неңді билейсің? Өз бəлең өзіңе жетіп, жұрт та қалар, жұмыс та қалар.
Ұғысып істеңдер. Ал өздігіңмен ұғыспасаңдар, мына біздей, арадағы кісінің
сөзін тыңдаңдар. Ол жайы сол!.. – деп, екі ұлыққа кезек қарап, екеуінің де
қайтқан түрін аңғарып ап, Алшынбай: – Ал жаңағы ақырғы жұмыстарыңа
келсек, мына мен осы үйге, Құнанбай мырза, саған, – деп, Құнанбай жаққа
ырғала түсіп, – сол жұмыспен келіп отырмын. Бүгін кешке шейін осы жұмыс
туралы пұрсат беріңдерші! Майыр, қазір сен қайта тұр. Тұрақты бір жауабын
бүгін кешке мен жеткізейін. Сендер екеуің боп, осы жайды сөйлегенді əзірше
қоя тұруға бармысың? Соны айтыңдаршы! Осыны мен сендерден сұрап
отырмын! – деді.
Анам маған: «Үлкенді сыйла!» – деген,
49
Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.
Міне қазір ақсақал атымды ұстап:
- Қош келіпсің, балам! – деп тұрады əлі.(М.М.)
2-жаттығу. Тиісті тыныс белгісін қойып көшіріп жазыңыздар. Сызықшаның қойылу
себебін түсіндіріңіздер.
Ажалға араша түсе алмаған осы бір топ ақ халатты жандарды іштей
кінəлап тұрғанымда, профессор маған тесіле қарап Ертең сізге операция
жасаймыз деді. Бұл маған Ендігі кезек сенікі ертең сен өлесің дегендей
болып естілді. Əкем мені Жаманға жалынба адамға табынба өмір жолыңдағы
өз жүгіңді көтеріп жүр біреуге салмақ салма, өз биігіңе өзің ұшып шық деп
тəрбиеледі.
Ақ жүрек болып жолдасың, адалдық сені қолдасын. Жақсылық үшін
тірессең, жаныңды арың қорғасын. Арынды болсын шабысың, алымды
болсын табысың, найзадай болсын намысың. Ер жігітке бəрі сын. Қиындық
көрсең мұқалма, ауырлық көрсең жұқарма, қамқоршы бол кішіге, үлкенді
үлгі тұт алға деп əкем бетін сипады.(Ə.Н.) Оған біз деп сипаттайды офицер
теріскей жағынан келдік.(С.М.) Біздің елдің қариялары Игібай ұста соққан
дүниелердің жұқанағы қазір де ел арасында бар деседі.(Ө.Қ.)
Достарыңызбен бөлісу: |