Отаншылдық
Ұлы іс Отанға деген сүйіспеншіліктен, халыққа деген құрметтен, осы
екеуі үшін еткен еңбек пен ерліктен туалы.
Жастарымыз отаншыл болсын. Отаншылдық – əр адамға керекті ең ұлы
қасиет. Ал отаншылдық өз үйінен басталады. Кімде-кім ата-анасын
ардақтаса, бірге туған бауырларымен тату болса, өзінің өскен ауыл, қаласын,
туған ұлтын сыйлап, қадірлесе, сол адам отаншыл болады. Өйткені өз əке-
шешесін ардақтамаған, өзгенің ата-анасын құрметтемейді. Өз аулының тасын
сыйламаған, өзге ауылдың тауын қадірлемейді. Өз ұлтын жақсы көрмеген
өзге ұлттарды ұнатпайды. Мұны ұлтшылдықпен шатастырмау керек. Екеуі
аспан мен жердей.
Намыс – азаматтың алтын туы. Əке-шешесін сыйлаған балада намыс
болады. Ер жігіттің елі – ата-анасы. Отаны – өз үйі.
Елді, жерді, Отанды сүйетініңді сөзбен емес, іспен дəлелде. Ата-анасын
сыйлаған шəкірт, студент сабағын да жақсы оқиды, тəртібін де дұрыс
51
ұстайды, шаруақор, адал, əділ болып өседі. Іс деген –осы. Патриотизм
осыдан басталады. (Б.Момышұлы.)
Достарыңызбен бөлісу: |