шығасылы болмақ. Осымен төрт-бес күн өткен шамада: «Бөжей де келіпті»
аталды. Сол үйлердің қонақасысы: қысырдың семіз тайынан, құнан қой, ту
сүймейтін кісі сенің əкең еді. Бұл қонақтар Абайдың қазіргі уақыттағы
болатын. Ол белгілер: ұшып өлген ешкі, лақ, арық тоқтының өлімтігі. Тек
қана ендігі шара: түн күзетіне сақ болу еді. Құнанбай мен Байсалдардың
52
жуан ауыл əнге де жуандық, зорлық етеді екен. Бағанадан Оралбайға
айтқаны: оның қиналып, ойланып айтқан кеңесі емес-ті. Абай мен Ерболға
аса қатты ұнап, қайран қалдырғаны : бар əнші жиылып бір-ақ əнді айтады.
Қыстыгүні бұл жерлерді қалың жылқы, Оразбайлардың елу-алпыс мыңдай
жылқылары да мекен ететіні сол: қыртысы қалың, жайылысы бетеге, көдесі,
ақоты көп болғандықтан. Қала қазағының сахарадағы туыстарынан əлі
өзгеріп кетпеген бір қасиеті сол: шама келгенінше өлердей қонақшыл. (М.Ə.)
2-жаттығу. Қажет жеріне қос нүкте қойыңыздар.
Хатшының орысша сөзі шындықтың бетін біржола ашқан, тура əңгіме
болды манадан бергі айтылған сөзге қарағанда əлдеқайда əсерлі шығып,
ұрыстың ең соңына сақталған құпия қарудай Əбеннің есін бірден жиғызды.
(Т.Ə.) Мен өзімнің ұстазыма əкемнен кем қарыздар емеспін əкемнен өмір
алсам, ал Аристотельден өмірімді жақсы өткізу туралы білім
алдым(А.Македонский). Адамға шын мəнінде білімдар болуы үшін үш
қасиет жан-жақты білім, ойлауға дағдыланғандық жəне сезім дарқандығы
қажет (Н.Г.Чернышевский).
Ондай қиянатқа қолым бармады ертең операцияға түсетінімді сол себепті де
айтпадым саған. Шаһзада үңгірден үшінші рет шыққанда тағы бір сұмдықты
көреді бір топ адам жылап-сықтап, шаштарын жұлып, беттерін тырнап,
зарлап барады екен. Бұл жағынан алып қарасақ менің ауырып қалғаным зиян
емес, қайта өзіме пайдалы болды ма деп ойлаймын. Əйтеуір бұл кезе мен
жанға нəр, бойға қуат беретін нұрлы сөздер тек өмірге ғашық адамдардың
ғана аузынан түсетін шығар деп ойлайтынмын.
Əсіресе біздің алдымыздағы жаяу əскер жатқан жердің сау-тамтығы жоқ
шұрқ-шұрқ шұңқырдан аяқ алып жүргісіз.(Ə.Н.) Рухани əлемде екі бағыт бар
бірі – пенделік мүдде, екіншісі – биік парасат пен ізгілік құдіреті. Бірақ
қамыс тұрған жерге біз бара алмаймыз суы терең.(Ө.Қ.)
Достарыңызбен бөлісу: