Саясаттану



Pdf көрінісі
бет79/131
Дата06.01.2022
өлшемі15,5 Mb.
#15124
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   131
Байланысты:
otemisov karabala saisat

Бағдарлама  –  мемлекеттің,  қоғамдық  бірлестіктер  мен  ұйымдардың, 
саяси қайраткерлер қызметінің мақсаты мен міндеттерінің жиынтығы. 
Мемлекеттің, саяси мекемелердің айқын және жан-жақты қоғам өмірінің 
барлық  салаларын  қамтыған  бағдарламасы  болмаса  экономика,  саясат  және 
әлеуметтік өмір терең дағдарысқа ұшырайды. Сондықтан мемлекеттің ғылыми 
негізделген бағдарламасы болуы қажет. 
           Саяси шешімнің бастапқы кезеңі - белгілі бір мақсаттың орындалу тұсы. 
Бұнда саяси ағымдар мен әлеуметтік топтардың мүдделері көрініс табады. Осы 
тұрғыдан  саяси  шешімдерді  өзгертуші  процесс  деп  те  қарауға  болады.  Ол 
бірқатар  кезеңдерден  тұрады:  шешім  қабылдау,  шешімді  жүзеге  асыру, 
шешімнің  орындалуын  қадағалап  отыру,  бақылау  жасау,  ең  соңында  белгілі 
нәтижеге  жету.  Осыған  орай  саяси  шешімдерді  таңдап  алу  маңызды  роль 
атқарады.  Ол  шиеленіс  тудыратын,  қарама-қарсы,  даулы  мәселелерді  келісіп 
алуды қажет етеді.
Саяси шешімдер қабылдау үлкен тәжірибені және зерделікті қажет етеді, 
сондықтан  жеке  адам,  ұйымдар,  мекемелер  саяси  шешімдерді  жүзеге  асыру 
жолдарын  терең  меңгеруі  керек.  Сонда  ғана  бұндай  шешімдерден  жақсы 
нәтиже күтуге болады. 
Саяси  шешім  қабылдаушылар  алдағыны  көре  білуі,  айқын  бағдарлай 
алуы үшін болашаққа болжау жасауы, оған процесс ретінде қарауы үшін саяси 


130
өмірдің,  үрдістердің,  оқиғалардың,  құбылыстардың  өзгеруі,  дамуы  барысына 
арнаулы  зерттеу,  талдау  жүргізілуі  қажет,  яғни,  пайымды  саяси  шешімдер 
қабылдау  үшін  ғылым  мен  техниканың  барлық  жаңалықтарын  қолданудың 
маңызы зор. 
Саяси  шешімді  сәтті  іске  асыру  үшін  нақты  болжам  қажет.  Өйтпесе 
мемлекеттің билеуші топтарының азаматтар алдында берген уәдесі орындалмай 
қалуы  мүмкін.  Бұл  саяси  тоқырауға,  саяси  қайраткердің      беделінің  түсуіне, 
үкіметтің немесе парламенттің дағдарысқа ұшырауына душар етеді. 
Саяси  шешімдердің  негізіне  шындық,  нақтылы  жайды  ескеру  жатады. 
Саяси процестердің, құбылыстардың мәнін талдау арқылы айқын мәлімет алу, 
толық білім - саяси шешімдерді дұрыс қабылдаудың басты шарты. 
Дұрыс  шешім  қабылдау  саяси  процестер  барысындағы  оның  жайы  мен 
нәтижесі  жөніндегі  мәліметтерге,  саяси  шешім  қабылдап,  әдістерін  белгілеу 
тұсында  қарама-қарсы  саяси  күштердің  арасалмағын  ескеруге,  оқиғалардың 
барысын бағдарлайтын деректер алуға негізделуі қажет. 
Ал  саяси  зерттеудің,  болжам  жасаудың,  жоспарлаудың  бағыт-бағдарын 
айқындаудың  негізі  -  саяси  деректер  жинау.  Саяси  мәліметтердің  толық  және 
айқын  болуы  саяси  бағдардың  дұрыс  саяси  шешім  қабылдауына  мүмкіндік 
жасайды.  Саяси  шешімдер  негізінде  тұтас,  жүйелі  саяси  тұжырым  жасалуы 
тиіс. Бұнда нақтылы міндеттерді жүзеге асыру, ол үшін қолайлы жағдай жасау 
белгіленеді.  Саяси  тұжырым  -  саяси  қызметтің  құрылымын,  тетігін  жүзеге 
асырудағы  теориялық  көзқарастар  жиынтығы,  негізгі  құралдарды,  қағидалар 
мен  принциптерді  көрсетеді.  Жоғарыда  атап  көрсетілгендей,  саяси  шешімдер 
мемлекеттің,  қоғамдық-саяси  ұйымдардың,  қозғалыстардың  құжаттарынан 
көрініс табады. 
Дұрыс саяси шешім қабылдаудың тағы бір негізі - оның өлшемінің айқын 
белгіленуі, 
яғни, 
құралдары, 
белгілі 
бір 
принциптерге 
сүйенген 
бағдарламаланың  болуы  тиісті.  Осы  арқылы  саяси  өмірдің,  саяси  процестер 
бағыты    жүйеге  келеді,  оқиғаның  барысына  дұрыс  баға  беріледі.  Ал  саяси 
танымның  жоғарғы  өлшемі  тәжірибе  болып  табылады.  Себебі  қандай  да 
болмасын  теориялық  қағидаларға  негізделген  саяси  шешімдер  тәжірибеде 
сыннан өтеді. 
Саяси өлшем туралы түсінік әртүрлі, оның сипаты саяси қатынастардың 
күрделілігімен,  әртүрлі  саяси  күштердің  ара-қатынасына  байланысты  жиі 
өзгеріп  тұрады.  Ол  әрекет  етуші  күштердің  саяси  мүдделері  мен 
мақсаттарының оқшаулануымен, күнделікті жағдаймен байланысты. Оған саяси 
бағыттың  өзгеруі  де  ықпал  етеді.  Саяси  өлшем,  баға  беру  біржақтылыққа, 
субъективті  түсініктерге  негізделмеуі  шарт.  Саяси  бағаның  басты  талабы  -
қалыптасқан  жағдайдың  тек  сыртқы  көрінісін  ғана  емес,  ішкі  мәніне  назар 
аударуды,  терең  талдауды  талап  етеді.  Егер  саяси  бағалау  процестің  мәнін 
қамтымаса,  ол  жалған  болады  және  қате  саяси  шешім  қабылдауға  соқтырып, 
саяси қызметте сәтсіздікке әкеледі. 
Саяси  билік  өкілдерінің,  саясаткерлердің  жеке  басының  қасиеттері  де 
саяси  шешімдер  қабылдауда  маңызды  роль  атқарады.  Мемлекеттік  істерді 
басқаруда,  ұйымдастыруда  саяси  басшының  адалдығы,  сөзі  мен  ісінің 


131
арасындағы  алшақтықтың  болмауы,  өз  пікірі  мен  шешімін  ашық  айта  білуі, 
табандылығы, батылдығы саяси басшыға, ел басшысына қажетті қасиеттер. Бұл 
туралы  көне  қазақ  жерінің  ұлы  перзенті  Әл-Фараби  өзінің  «Рахымды  қала 
тұрғындарының  көзқарастары  туралы»  деген  еңбегінде  атап  көрсетеді.  Ол 
алдымен  имандылықты  басты  шарт  деп  санайды.  Діни  көзқарас  тұрғысынан 
ғана емес, рухани жағынан бай, білімді, іскер, ар-ұяты кіршіксіз таза адам ғана 
елді  дұрыс  басқара  алады.  Сондықтан  да  ойшылдың  жоғары  парасаттылықты 
үлгі  етіп  тартуы  кездейсоқ  емес.  Әл-Фараби  адамның  табиғатынан  туа  біткен 
жақсы қасиеттерімен бірге, өмірде, тәрбиенің нәтижесінде қалыптасатын теріс 
мінез-құлықтарды  да  көрсетеді,  олар:  әділетсіздік,  өтірік  пен  өсек-аяңға  түсу, 
шындыққа төзбеушілік, еңбексүймеушілік қасиеттер.
Саяси  қайраткерлердің  бойындағы  жақсы  қасиеттердің  болуы  қазіргі 
жағдайда да маңызды мәселе. Өйткені еліміздің, халқымыздың тағдыры, бүгіні 
мен болашағы саяси қайраткерлердің іс-әрекетімен де тығыз байланысты. 
Ой-өрісінің  кеңдігі,  басшылардың  мерзімінде  дағдарысты  жағдайларды 
сезе  білушілігі,  саяси  білім  жүйесін  игере  алуы  -  зор  беделге  ие  болуының 
кепілі.  Саяси  қызметте  және  саяси  шешімдерді  қабылдауда  азаматтардың 
мүдделері,  саяси  қатынастар  жүйесі,  саяси  топтар  мен  ұйымдардың  іс-әрекеті 
мұқият ескерілуі қажет. 
Сонымен,  саяси қызмет пен  саяси шешімдер саяси ғылымдағы маңызды 
мәселелер  және  осы  екі  мәселенің  бір-бірімен  тығыз  байланысты  екені 
қоғамның күнделікті саяси өмірінен де айқын көрінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет