134
байланысты туындайды. Аталған ассоциациядағы үстемдік қылатын
“әлеуметтік тап” осы өкіметке бағыныштылар тарапынан кедергілерге
ұшырайды. Ал қатынастар тәртібін реттестіретін басқару мен ұйымдастыру
қызметі, Дарендорфтың
пікірінше, адамдардың бірі билік құратын,
басқаратын,
ал екіншісі бағынышты болатын, орындайтын “әлеуметтік таптарға” бөлінетін
адамдардың әлеуметтік теңсіздік шиеленістің түпкі себебі. Осыған байланысты
ол коммунистік-маркстік ілімді адамдар арасындағы антагонизмді білмеу
“әлеуметтік ойсыздық” немесе “утопия” деп жариялады.
Мойындау керек, адам жаратылысының, қоғамдық топтар мен
ұжымдардың “жоғарыға” және “төменге” бөлінуі, олардың арасындағы
жойылмайтын араздықтың, шиеленістердің қайнар көзі болуын дәлелдеу қоғам
дамуы тарихында ашылған жаңалық болып табылмайды.
Батыстық саяси ғылым авторларының көпшілігі «нәтижесінде
шиеленістер адамдардың түсінігімен анықталады» деген пікірге келіп тіреледі.
Шиеленістерді туғызатын себептер ретінде: жеке және қоғамдық
құндылықтардың үйлеспеуі, адамдардың өз мақсаттары мен әрекеттерінен
күткен нәтижелер арасындағы айырмашылықтар, адамдардың іс-қимылдары
тұрғысында бірімен бірі тіл табыспауы, түсінбестіктер, коммуникация
процесіндегі логикалық қателіктер мен семантикалық қиындықтар, ақпараттар
тапшылығы мен сапасыздығы саналады. Бұл тұрғыда әлеуметтік-саяси
қақтығыстар “шиеленісуші пікірлердің” түйісуі ретінде тұжырымдалады, ал
оның негізгі себебі болып адам психикасының жетілмеуі, нақты іс-әрекет пен
ол туралы деректер арасындағы сәйкессіздік саналады. Шиеленістер
себептерінің өзара қатынасын сипаттайтын “сезімдер мен көңіл-күйлерде”,
яғни осы өзара қатынастардың табиғатында ғана емес.
Шиеленістің әмбебаб көзі келіспеушілік талаптарды қанағаттандыру
мүмкіндіктерінің шектелуі. Бұл ешқандай шиеленістерсіз қажеттіліктердің бәрі
толық қанағаттандырылатын қоғам құру мүмкін еместігін көрсетеді. Мысалы,
барлық экономикалық шиеленістер өмірге қажетті материалдық, қаржылық
қорлардың тапшылығына байланысты пайда болады.
Қазіргі қоғамдағы шиеленістердің
түрлерін анықтау теориялық және
практикалық қажеттілікті білдіреді. Шиеленісті түрлерге бөлудің әртүрлі
негіздері бар.
Субъективтілігі бойынша шиеленіс мемлекеттер аралығында
болуы мүмкін (мемлекетаралық),
ұлттар арасында (ұлтаралық, этникалық),
таптар арасында (тапаралық),
конфессиялар арасында (діни),
нәсілдер
арасында (нәсілшілдік), шиеленісуші жақтар арасындағы қатынастар саласы
бойынша (саяси, әскери, экономикалық, сауда, қаржы, кеден және басқалары),
көлемі бойынша (халықаралық,
аймақтық, жергілікті) және т.б. болып бөлінеді.
Шиеленіс түрін көп жағдайда оның құралдары, амалдары, қалыптасу
және шешу жолдары айқындайды. Айта кету керек, барлық қоғамға бірдей
шиеленістер мәселелерін зерттейтін саяси институттардың қалыптасқан жүйесі
жоқ. Әлеуметтану және саясаттану ғылымдары жоғары дәрежеде дамыған деп
саналатын елдердегі саяси институттар шиеленістердің әрқилы түрлерін дер
кезінде шешіп қана қоймайды, сонымен бірге оларға алдын-ала болжам
жасайды.
135
Өкінішке орай, әлемнің көптеген елдерінде осындай ғылыми орталықтар
жоқ, соның салдарынан саяси шиеленістер бақылаудан шығып кетіп, асқынуға
дейін барса, кейбір жағдайда қантөгістік сипат алуы да мүмкін.
Саяси шиеленістер өзінің дамуы барысында әртүрлі кезеңдерден өтуі
мүмкін, осыған сәйкес олардың алдын алу үшін әртүрлі
іс-шаралар қолданылуы
тиіс.
Бірінші кезең –шиеленіс негіздерінің орын алуы, шиеленіс әлі болмаса да
оның себептерінің жинақталуы. Мысалы, ұлтаралық қатынастарда тұрғылықты
жерде құқықтық қолдау алмаған стихиялық демографиялық процестер немесе
белгілі бір этностардың өзіндік санасының өсуі.
Екінші кезең – біліну кезеңі.
Шиеленіс жоқ, алайда әрқилы топтардың талаптары, қарсылықтары айтыла
бастайды.
Үшінші кезең – көріну кезеңі. Алғашқы дүмпулер, алғашқы
қақтығыстардың басталуы.
Осыдан кейінгі басқа кезеңдер, мысалы, ашық қарсылық білдіру,
қақтығыс кезеңінің болуы да мүмкін. Ал шиеленістің ең соңғы кезеңі – бұл
ушығу кезеңі. Соңғысы қарсылық көрсетуге адамдардың үлкен шоғырын
жұмылдырумен,
шиеленіс
аймағының
ұлғайтуымен
ерекшеленеді,
“өркениеттілік” түрінен қарулы күреске көшіп, қарсыласқан екі жақтың да
өмір-тіршілігіне нұқсан келуі мүмкін. Адамдардың үлкен шоғыры тартылып,
ушығу сипатындағы шиеленістерге бұрынғы Югославия провинцияларындағы
соғыс, Ауғанстандағы әскери қақтығыстар, грузин-абхаз-осетин, СУАР
шиеленістері және т.б. соғыстар жатады.
Саяси ушығу кезеңіндегі шиеленістер көбінесе бір қоғамның ішінде кең
орын алады. Мысалы, қылмыскерліктің ұйымдасқан түрі өсуі, сыбайлас
жемқорлық, армиядағы әлімжеттік жасау. Шиеленістің мұндай түрлерінің
жеңіл және тез шешілуі қиын, себебі олар ұзақ жылдар бойына қордаланған.
Олар алғашқы кезде байқалмайды, іштен асқына береді. ТМД мемлекеттерінің
кейбіреуінде бұл аяқ астынан пайда болғандай көрінуі мүмкін, алайда олардың
түбірі ондаған жылдар бұрын тамырланған болатын.
Саяси шиеленістердің негізгі себептері – материалдық игіліктердің,
құндылықтардың, биліктің жеткіліксіздігі кез-келген, тіпті дамыған қоғамның
өзіне де тән құбылыс. Сондықтан әлеуметтік шиеленістерге әдеттегіден тыс
жағдайға (аномалияға) қарағандай қарауға болмайды. Керісінше, әлеуметтік
шиеленіс ақыр соңында саяси қарым-қатынастарды жетілдіреді. Адамзат
тарихының ең ерте кезеңінде тіпті мемлекет сияқты саяси институттарды
туындатып, дамытуға ықпал жасаған әлеуметтік шиеленістер болды.
Шиеленістердің ұдайы шешіліп отыруы қоғамдағы қарама-қайшылықтарды
жою үшін мекемелердің қарқынды дамуына жол ашады.
Егер қоғам ішіндегі шиеленісті факторлар болмаса және әлеуметтік
қатынастар орнықты, ешбір мінсіз үндесіп тұрса, ол кезде шиеленістерді
ауыздықтау мен реттестіру
функцияларын атқаратын саяси институттардың
пайда болуын және олардың қызметтерінің қажеттілігін немен түсіндіруге
болады? Бұның ең қысқа жауабы: шиеленісуші әлеуметтік топтар мен таптар
арасындағы билік айтушы, араша болушылар (арбитр) ретінде мемлекет , саяси
билік, саяси жүйе пайда болды. Сондықтан әлеуметтік шиеленіс – қоғамның
саяси дамуының негізі болып табылады.